0 дауыс
3.8k көрілді
Мен көп ұйықтағанды ұнатамын. Осы мен үшің жаман.  Өткені бар тірлігімнен қалып қоямын. кенес бере отырсаныздар? қалай құтылуға болады? айта отырсаныздар?
ұйкышор мысал келтіру

3 жауап

0 дауыс
Естуімше адамның бет-әлпетіне-мұрнының үстіне  безеу сияқты шығады ,соны Ұйқы деп атайды.Сол ұйқыны сығып тастаса,адамның ұйқышылдығы бәсеңдейді екен...
Безеуді сығып тастаса орны қалып қояды, бетті бүлдіріп не керек, оның ұйқыға қатысы жоқ деп ойлаймын.
Безеу емес,безеу сияқты қара дақ.сСоны сығып тастаса,адамның ұйқышылдығы бәсеңдейді дитін әжем
мм қызық екен, бұрын соңды естіп көрмеппін
+2 дауыс
Көп ұйықтау — жаман әдеттің бірі. Денеңді ауырлатып, табиғатыңды талқандап, жүзіңді кесел адамға ұқсатады.  Көп ұйқы зиян болса, адамға ұйықтамау да зиянды.  Әрбір істің өзіне лайықты өлшеуі бар. Мысалы, даналардың айтуынша, бір тәулікте жиырма төрт сағат болады. Осының үштен екі бөлігінде ояу болып, бір бөлігінде ұйықта. Сегіз сағатты үй тірлігі, тұрмыс жағдайыңды жөндеу үшін істе, сегіз сағатты рухани жан азығын байытып, шаттыққа бөлеу үшін пайдалан, сегіз сағат ұйықта. Он алты сағатта еңбек етіп, шаршаған денелеріңді дем алдырып тынықтыру қажет. Ашуы қатты, әрі жалқау жандар осы жиырма төрт сағаттың жарымын ұйқымен өткізеді, жартысында ояу болады. Сылбыр қимылдайтын, мінезі ауыр, салқынқанды адамдар күндіз түннің үштен екі бөлігін ұйықтап, бір бөлігінде басқа істермен шұғылданады. Ақылды жандар үштен бірін ұйықтап, екі бөлігінде ояу болады.
http://www.aktobegazeti.kz/?p=16089
0 дауыс
*Кофе іш!*
*Тамақты тоймай же*, кейде адамның қарны аш болса ұйықтай алмайтыны бар.
*Көп сөйлеме!*  Сөйлеме дегенім, адам көп сөйлей берсе де, шаршайды.
*Көп қимылдама!*  Қимылдама дегенім, көп қимылдай берсең де шаршайсың.
...