Көп ұйықтау — жаман әдеттің бірі. Денеңді ауырлатып, табиғатыңды талқандап, жүзіңді кесел адамға ұқсатады. Көп ұйқы зиян болса, адамға ұйықтамау да зиянды. Әрбір істің өзіне лайықты өлшеуі бар. Мысалы, даналардың айтуынша, бір тәулікте жиырма төрт сағат болады. Осының үштен екі бөлігінде ояу болып, бір бөлігінде ұйықта. Сегіз сағатты үй тірлігі, тұрмыс жағдайыңды жөндеу үшін істе, сегіз сағатты рухани жан азығын байытып, шаттыққа бөлеу үшін пайдалан, сегіз сағат ұйықта. Он алты сағатта еңбек етіп, шаршаған денелеріңді дем алдырып тынықтыру қажет. Ашуы қатты, әрі жалқау жандар осы жиырма төрт сағаттың жарымын ұйқымен өткізеді, жартысында ояу болады. Сылбыр қимылдайтын, мінезі ауыр, салқынқанды адамдар күндіз түннің үштен екі бөлігін ұйықтап, бір бөлігінде басқа істермен шұғылданады. Ақылды жандар үштен бірін ұйықтап, екі бөлігінде ояу болады.
http://www.aktobegazeti.kz/?p=16089
http://www.aktobegazeti.kz/?p=16089