Сонымен, Лондон Олимпиадасының алтынын иеленген Қазақстан спортшысына 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы төленеді. Бұл дегеніңіз – 37 миллионға тең келетін сома. Күміс жүлдегерлерге – 150 мың, қола медаль иелеріне 75 мың АҚШ доллары сыйға тартылмақ. Осыдан төрт жыл бұрын Бейжің Олимпиадасының жүлдегерлеріне де тап осы мөлшерде сыйақы берілген еді. Үкімет үздік алтылыққа енгендерді де сыйлықсыз қалдырмайды. Мәселен, төртінші орын алған спортшыға 30 мың АҚШ доллары төленбекші. Үздік бестікке кірген спортшы – 20 мың, жалпы есепте алтыншы сатыға тұрақтаған қазақстандық спортшы 10 мың АҚШ долларын санап алады. Ал Ресейде, премьер- министр Владимир Путиннің шешіміне сәйкес, алтын жүлдегерге 4 млн рубль, яғни шамамен 20 млн теңге төленбекші. Бұл біздікімен салыстырғанда шашамен 17 млн теңгеге аз.