Мен жастарға сенемін!!!
(М. Жұмабаев)
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!
Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!
Жас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!
Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!
Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..
Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!
сұраққа жауап жазбастан бұрын осында өлеңнің толық нұсқасы сұралған екен...
Бұл сұрақты оқығанда ойыма алғашқы келгені Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың бесінші жұбы - Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиевтің айтысы. Айтыс соңында Айбек Қалиев жастар туралы мынаны айтқан болатын.....
Біздің елде жастардың саясатын,
Орыс тілді жастарға бұрып кетті.
Өткізген жиналыстың бәрі орысша,
Сондықтан болашағың күдікті етті.
«Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ,
Қолынан жас қазақтың құрық кетті.
Өтешов Нұрлан деген серкелерің,
Қазақшаға ауызын буып кетті.
Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң,
«Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті.
Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров,
Аузына келгенді айтып, үріп кетті.
Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші
Февральмен құттықтап, қуып кетті.
Кешегі жас арыстан Ғанилардың,
Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті.
Қайрат пен Ләззаттай ірілердің,
Ізбасары іркіттей іріп кетті.
бұл айтылғандар ойдан шығарылған сөздер емес, демек ойланайық достар.....