+1 дауыс
1.5k көрілді
Саламатсыздар ма, құрметті сұрақ-жауап сайтының қолданушылары! Сіздерден ақыл-кеңес сұрағым кеп отыр. Осы бізде қазақ тілінде мысалы айтылық microsoft word 2010 бағдарламасымен жұмыс істеу туралы кітаптар бар ма? Және осындай басқа да бағдарламалармен жұмыс істеу туралы кітаптарды қазақ тіліне аударып жазсам, ондай кітап қаншалықты беделді болар еді? Кім қалай ойлайды? Мұндай іспен айналысу, яғни қазақ тілінде компьютерге қатысты кітаптар шығару уақытты бос жоғалту болып табылмай ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің ойымша бұл үлкен қаражат талап етеді. Қолыңыздан келсе жасаңыз. Кітаптырңыз өтеді деп ойлаймын. Бірақ қазір видеосабақтар толып кетті ондай.
Бос уақыт жоғалту емес. Бірақ кей кісілер ерініп сол видеосабақты қарайды-ау деймін.
Қолыңыздан келсе Delphi 7 бағдарламасын қазақшаға аударсаңыз кітабыңыз өтеді. мысалы сол бағдарламаның кітабы шықса мен алар едім. Ол бағдарлама туралы инетте ешқандай мәлімет жоқ. Болсада аз-маз орысша кездеседі. Ал сол бағдарламаның қазақша кітабы жоқ, орысшасы бар.
тағы айта кетерлік жағдай, біздің оқып жүрген кітабымыз, информатика кітабы орыс тілден аударылған, ішінде қателер бар және ескі бағдарламалар туралы көп айтылғанда, қазір жаңадан шыққандар ол кітапта жоқ.
Қорытындысын айта кетсем, сіз қазақша шығарыңыз қолыңыздан келсе және қажетті, керек дейтін бағдарламаларға шығарсаңыз керемет болар еді.
+2 дауыс
Ол үшін комьютерді жақсы білуің керексің, орысша кітаптарды қазақшаға аударғанша қазіргі заманғы тілмен қазақша, түсінікті қылып жазсаң болашақ программистер сенің кітабыңды оқитын болады. Уақытың кетіп жатса да, ақшаң кетсе де артыңда кітап қалады.
Компьюет білу жағынан проблема жоқ. Өзім мектепте программист болып жұмыс жасаймын және өзімнің компьютер жөндеу орталығым бар. Ойым орыс тілінен аудару емес, қазақша қарапайым түрде нұсқаулық есебінде жазсам ба деген ой. Өйткені қазір мұғалімдердің 70 пайызында бар десем қателеспеймін. Сосын көп үйлерде компьютер алады, барган кезде вордыпен жұмыс жасауды көрсетіп берші деп сұарп жатады. Бұл кітап жазу деген ой сол себептерден туындап отыр. Дегенмен де кейде уақытым босқа кетіп қала ма деген ой туындайды. Сондықтан осы сайтқа жазып халықтың ой пікірлерін білсем дегене ойым еді ғой. Мен осы күні тек Майкрософт Ворд 2010 бағдарламасымен жұмыс істеу туралы жазып жатырым. Сол жазган еңбегім босқа кетпесе екен деймін.
...