0 дауыс
576 көрілді
Мен жалпы адамзатты танып білгім, сонымен қатар тіл байлығымды дамытқым келеді. Қандай кітаптар ұсынар едіңіздер? Маған өте қажет болып тұр.

1 жауап

0 дауыс

Осы жылдың басында Қуаныш Шонбай «Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы» атты кітабын жарыққа шығарды. Аз уақыттың ішінде бұл кітап халықтың ерекше ықыласына бөленіп те үлгерді. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі. Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компаниядағы мендержерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт компанияның атқарушы директоры да бұл кітаптан өзіне қажет кеңес таба алады.
«Бизнесің, карьераң - сенің көлеңкең. Өзің қандай болсаң, тапқан табысың, атақ-абыройың да сондай болмақ. Екінші Болма кітабын оқып, өзіңді жеңудің, дамытудың қазақша жолын үйренетін боласыз. Жетістікке жету жайлы батыс кітаптарында айтылатын „жетістік“, „мотивация“, „мақсат“ деген түсініктердің қазақ болмысына неге сай келмейтінін түсінесіз», — дейді автор.

Қазақ тіліндегі тұңғыш психологиялық кітап — «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт». Бұл кітапты тіпті Брайан Трейси оқуға кеңес береді! Автор оқырманға ақыл айтпайды. Ол өзінің басынан кешкен қиындықтарды қалай жеңіп шыққаны туралы баяндайды: оған не түркі болғанын, жоқшылықпен күресу және жалғыздықтан арылудың ең ұтымды жолдарын ұсынады.

«Қызығы сол, кім-кімді де тағдырдың теперішінен құтқаратын күш — ата-ана, дос-жаран, қоғам, орта т.б. емес, сол адамның - нақ өзі», — дейді автор Кәмшат Бекжігітова.

Бақытты әйелдің құпиясын білуге құмар көрерменнің толассыз сұрақтары Ләйлә Сұлтанқызының әдебиет әлеміне қадам басуына себеп болды. Әйелдерге арналған сан-түрлі кеңестер, артық салмақ тастау, дұрыс тамақтану, жетістікке жету, жігерлену, қиындықтарды жеңе білу туралы және басқа да пайдалы ақпараттар қамтылған, ең бастысы, өмірлік тәжірибесінің негізінде «Менің екінші кітабым» атты күнделік-кітабы — жарық көрді. Автор балалық шағына саяхат жасай отырып, сол заманның келбетін көз алдыңа келтіреді. Алғашқы талпыныстар, күрмеу болған кедергілер, тұрмыс тауқыметі, отбасы бақыты үшін күрес, бәрі-бәрі, автордың өз өмірінен алынған мысалдардан көрініс табады.

«Бұл кітапты жазған ақылы асқан ғұлама ғалым емес, өзіңіздей адам, өзіңіздей әйел екенін ұмытпаңыз. „Бұл кітапты өзіне қойылған көптеген сұраққа жауап ретінде жазып отыр“ деп санаңыз. Айттым ғой, гуру емеспін, сарапшы емеспін. Қолымнан келетіні - көрген-білгеніммен бөлісу, шын жүректен, таза ниетпен бөлісу. Өмірімді, түйгенімді бар күйінде баяндап беру ғана. Оқып шығыңыз. Кейбір кеңестер қажетіңізге жарар. Бетпе-бет тілдескендей болайық деп, әдейі ауызекі стилінде жаздым. Сондықтан сырлас құрбыңыздың күнделігі ретінде қабылдаңыз», — дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

16 күннің ішінде жазылып шыққан кітаптің қаламгері ертеңгі күннің келбетін анықтайтын жастар екенін туындысына арқау еткен. Авторды қазіргі қоғам жастарының құндылықтары мен тұлғалық қасиеттері толғандырады. Жастардың мықты қоғам құруына деген көзқарасын оятып, парасатты ұрпақ тәрбиелеу жолында қандай қызметтер атқару керектігін анықтап көрсетеді.

«Халықтық медицинада күмісті тазартушы құрал ретінде қолданылады. Кітаптың „Күміс кітап“ деп аталуы да сондықтан», — дейді автор Бақытжан Бұқарбай.

Құралай Ошақбаева өзінің алғашқы кітабын «Әйелмін мен! Тербетемін әлемді!» деп атады. Бұл кітапта автор жылдар бойы өзін-өзі тану, позитивті психологияны қолдану арқылы өз өмірін өзгертуге көмектескен, өзі қолданып, нәтиже алған тәсілдерімен және басқа да әйелдерге қажетті пайдалы кеңестерімен бөліседі. Кітап автордың инстаграм әлеуметтік желісінде тіркелген жеке парақшасында жарияланған материалдар топтамасынан тұрады. Автор тақырыпшаларды ерекше мотивация беретін үлгіде қалыптастырған. Оның мақсаты — қазақ әйелдерінің ой-санасын өзгерту арқылы өмір сүру сапасын жоғарылатуға көмегін тигізу.

Аманжол Рысмендиевтың «Өзіңді оят» кітабы бизнес саласында жазылған алғашқы кітаптардың бірі.

«Жетістікке жетуге, өзінің ортасында көшбасшы болуға, жақсы өмір сүруге әркімнің-ақ таласы бар. Десе де алдыңа қойған мақсаттардың бәрі бірдей орындалып, арманың шындыққа ауналуы оңай іс емес. Мақсатқа жетемін деп талпынған жолда сүрінеміз, ойлағанымыз іске аспай қайғырамыз. Сол, санамызды күдік пен сенімсіздік жаулаған сәттер де бәрімізге жетпейтін бір нәрсе бар. Ол — жігер», — дейді автор. Кітапта автор ақыл-кеңестер, қара өлең шумақтары арқылы оқырманға жігер береді. Ерініп жүргендердің намысын қайрай, тірліксіз ұйықтап жүргендерді оятып, ұлы жетістіктерге жетуге талпындырады!

Толығырақ: http://mega.kz/kk/mega.park/news/novosti-i-sobytia/zidi-damytuga-kmektesetin-kazak-tilindegi-top-6-kitap/

...