0 дауыс
5.5k көрілді
Бір досым осы универді аузынан тастамай мақтайды, себебін сіздерден сұрағым кеп отыр.
Білесіз бе, бұл универдің салыстырмалы түрде қиындықтары, қандай жеңіл жақтары бар?
Және де, бұл университетте тек таза білімді жастар оқиды екен...

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Коррупция жоқ, тек біліміңмен немесе пысықтығыңмен ғана оғисың. 2 жыл болды, ҚАЗАҚСТАНның алтын белгісі бар студенттерді жинаудан алдына жан салмай келеді. Бір сөзбен айтқанда осы университетте оқитыныма  ризамын!!!
Евразия емес Еуразия деп қатесіз жаз!
библиотека фамилия оқу номерін бере аласызба ? Кітапхананы пайдалану үшін !!!
Кітапхананың номерін 1-курстардан сұрасай. Менде спец сабақтар. Кітапханаға кірмегелі 1 жылдан асып кеткен.)))
Арслан мырза, сосын, не ма, кез-келген мамандықта ағылшын тілі жүреді екен сол рас па?
Ия, қазақ топтары үшін 1 жыл орыс тілі мен ағылшын тілін оқиды. Ядролық физика мамандығы үшін 3 жыл!!!
+2 дауыс
Еуразия ұлттық университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті

Лев Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бірі. Астанада орналасқан. Ректоры - Сыдықов Ерлан Бәтташұлы. Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1996 ж. мамырда бұрынғы Ақмола университетінің негізінде құрылған. Е. у. құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Канддат және доктор дисс. қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1.250000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орт.алықтары бар. Е.у. базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, Қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша жүзеге асырылады: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300-ді құрады.
Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.
2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Батташұлы Сыдықов.
Мазмұны

    1 Тарихы
    2 Факультеттер
    3 Шетелдік ЖОО-мен байланысы
    4 Пайдаланылған әдебиеттер
    5 Сыртқы сілтемелер

Тарихы

Еуразия кеңістігіндегі Қазақстан­ның айқын мақсатын, елдік мүддесін баянды ету мақсатында Қазақстан президенті 1996 жылғы 23 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Осы жарлық бойынша Еуразия ұлттық университеті құрылады.
Факультеттер

    Журналистика және саясаттану факультеті
    Ақпараттық технологиялар факультеті
    Механика-математика факультеті
    Халықаралық қатынастар факультеті
    Инженерлік-құрылыс факультеті
    Жаратылыстану ғылымдары факультеті
    Физика-техникалық факультеті
    Филология факультеті
    Әлеуметтік ғылымдар факультеті
    Экономика факультеті
    Құқық факультеті
    Архитектура, дизайн және бейнелеу өнері факультеті
    Қосымша білім факультеті

Шетелдік ЖОО-мен байланысы

Келесі оқу орындардағы ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған :

    М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей)
    Калифорния университеті (АҚШ)
    Воллонгонг университеті (Аустралия)
    Шығыс тілдері мен өркениеттері институты (Франция)
    Болон университеті (Италия)
    Сеул университеті (Оңтүстік Корея)
    Льеж университеті (Бел­гия)
    Плоешты мұнай-газ университеті (Румыния)
    Валахиа университеті (Румыния)
    Каир универ­си­теті (Мысыр)
    Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина)

және т. б.
Әрине, еңбегіңізге  рахмет (+1) , әйтседе бұлай іздеуді өзімде білетін едім.
Бірақ маған қарапайым тілмен, "Евразия ұлттық университеті басқа университеттерге қарағанда қандай айырмашылыққа ие?" осы сұраққа жауап іздеген едім, сонымен қатар, қиыншылықтары мен жеңіл жақтары туралы
0 дауыс
еуразияда барлык факултеттерде грант барма? саулеттеде?
Бұл университетте тек алтын белгілер оқима әлде 4ті барларда оқима
0 дауыс
Себебі ұлттық университет.
...