Ассалаумағалейкум, бауырлар! Одан да қазақша сөйлей алмайтын бауырларымызға үйретіп алыңыздаршы, өзінше бір қазақшаны бір керемет сөйлеп жүрген адам секілді. Осы шетелге шықсаң болды, өз қазағымыз бір-бірімен орысша сөйлейді қатырады, өз тілінде сөйлеуге намыстанады! Қазақша сөйлесең, орысша жауап беруден намыстанады! Өз қазағымыздың қыздары басқа ұлттармен жүреді шүйіркелесіп! Өзіміздің қазақ ата-аналар қыздарын қазаққа бермеймін деп айтатындар көбейіп кеткен! Шетел азаматтарымен құдаласып жатқан қазақтарымыз көбейіп кеткен! Қазақы тәрбие қайда! Өз қазағымыздың қазақша сөйлеп жүргендеріне тиісесіздер! Орысшаны сөйлегенде қатесіз сөйлейді, қазақшаға келгенде тілі кірмеліп сөйлей алмай қалады! Дүкендерге кірсең орыстар қазақша үйрене бастаған, өз қазағымыз орысша сөйлейді! Бұған не деп жауап бересіздер? Кеңес үкіметінің әсері деп қана жауап бересіздер ме? Одан да өз-қазағымызды қазақаша үйретіңіздер, олармен қазақша сөйлесіңіздер! Осы қай жерде жүрсек те намыстан өлетін болдым! Өз тіліміз өте керемет, әдемі, құлаққа өте жағымды тіл! Қазақ тілі өзімізге ғана керек! Айта берсең сөз көп! Айтылмаған сөз де көп!