+2 дауыс
5.5k көрілді
Бүгінгі таңда тілімізге белгісіз бір жалғаулау қоныстанып алды -сай, -сей(барсай, келсей) деген секілді. Осылай сөйлейміз деп тілімізден айырылып қалмаймыз ба? қалай ойлайсыздар?!

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жанындағы көршілеріне байланысты, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында кейбір жалғаулар әр түрлі болып келеді, . бұл жалғаулар диалект сияқты немесе айтылғанда қазақ тілінің дыбысталу ерекшеліктеріне  байланысты өзгерген, тіпті кейбірелері өзбектің жалғаулары. Бірақ біз қайдағы жалғаулармен тілімізді бұзбай бар қазаққа ортақ Абай сөйлеген тілмен сөйлеуіміз керек. Ал Өз тілін өзі бұрмалайтын қазақтарға айтар сөзім жоқ және мен сізге пернетақтадан қазақтың төл әріптерін тергенде қор қылмай дұрыстап теруді ұсынар едім.
+1 дауыс
-тұғын жалғауы бұрыннан бар кітаптардан кездестіруге болады. Ал, -сай, -сей оңтүстік аймақтарда көп қолданылады, батыста -шиш (баршиш, келшиш) көп айтады. Оңтүстік, батыс аймақтарда бұл жалғауларды көп айтатындықтан тілімізді бұзсын, бұзбасын барібір өзгерте алмаймыз.
-сай -сей Оңтүстіктің сөзі, ал Батыс туралы сұраған жоқ қой,  -шиш (баршиш, келшиш) деп бәрі айта бермейді тек жалқаулар ғой сүйтіп айтатың!!! (қойшиш) оңдайынды)))
Аблай саған қосыламын.Шиш деген еш көршіден келмеген батыста қандай көрші Ресей ма? мысалға Ақтөбе қаласына Ресей жақын.Шиш дегенді батыстықтар өздері шығарып алған.Ал онтүстікке келер болсақ,ол жаққа Өзбек әкәлар жақын сондықтан олар солардың(өзбектердің) тіліне жақын сөйлейді.
Ал сонда Солтүстікте Шығыста Орталықта не деп сөйлейді ал????
Ол жағын білмейді екенмін.СөйлейД  деп сөйлей бермеймін ғой.
"сай" мен "шиш"-ті қатар қолданса да болады екен...
*Барсайшиш,
Келсейшиш...*
Ауа Райы Тамаша!
0 дауыс
Кайта сонын озине рахмет деуимиз керек сиякты. Казирги мына заманда орысшаны араластырып журген шала казактарга караганда. Алайда арине тилди бузуы бузады. Негизи олар сол озбек акаларына еликтеп солардын созин косып жаргон деп кабылдап жургендер гой. Мен егер тілге құрметпен қарайтын өзің сияқты азаматтарға ризамын. Жасап жайқалып осылай сын қойып отырсақ ұялганынан бір күні қоя ең болмағанда
0 дауыс
Түліміз бүзылып бара жатыр оған дәлел сенде сүйтіп сөйлеп отсын?!
Кінәні өзгеден емес өзіңнен ізде! Алдымен өзің дұрыстап жазып ал. Мен бұл сұрақты ұялы телефонмен осы сайтқа кірген уақытта қойғанмын. Ұялы телефонымда қазақ тілінің әріптері жоқ еді. Мінеки, бүгін өңдедім.
0 дауыс
қайдағыны оттамаңдар, сай сей деген өзбектен келген жалғау емес, өзбектер борсанчи қойсанчи деп сөйлейді ал оңтүстікте барсай қойсай, шиш деген не орыстан келдіме әлде теңізден келдіме? білмесеңдер қоя салыңдар
0 дауыс

менин атамнын аты Барсай ол не магына береди?

...