+3 дауыс
6.0k көрілді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүлікті барлық ауруға ем деп айтуға болады. Тек қана өте арық, қаны аз, қан қысымы төмен адамдарға және соңғы сатыдағы обыр ауруларынан зардап шегушілерге салуға болмайды. Обыр енді ғана басталып келе жатқан болса, онда науқастың емделіп кетуіне мүмкіндік бар. Сүлік бүйректегі тасты да түсіреді. Бауыр циррозына, қуықасты ауруларына да пайдасы көп. Негізі дені сау адамның өзі жылына бір рет сүлік салдырып тұрғаны дұрыс. Сүлік ауруды емдеумен қатар ағзаны жасартады.

Көп адамдар сүлік салғанда ауырта ма деп сұрайды. Әр адамға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, қара жұмыс істейтін адамдар сүлік салғанда ауырсыну сезінбейді. Ал бір жерде отырып жұмыс істейтіндер ауыртатынын айтады. Сүлік арам қанды сорады деп айтып жатады ғой, ал медицинада сүлік ағзадағы шлакты шығарады деп айтылады. Сүліктен кейін адамнан көп қан ағады. Кейін орны қышитын болады. Сонысына шыдамай көп адамдар бесінші күннен кейін сүлік салдырмай қояды. Негізінде көбірек салдырса өздеріне пайдалы.

Адамның тамырын ұстап көріп, қай жеріне, қанша салу керектігін білу керек. Алғашқы үш күнде үшеуден асырмайды. Кейін оннан асырып сала береді. Біреулер емделушілердің үйіне өзі барып салады. Өйткені сүліктен кейін адамнан көп қан ағады. Оны таңып қою керек. Сол үшін үйіне барып салған ыңғайлы.  Көбінесе емделудің барлық сатысынан өткендер, дәрі-дәрмектен ем қонбағандар келеді.

Сүлік салдырған адам үш күн диета ұстағаны дұрыс. Қызылша, сәбіз, құлпынай сияқты қызыл түсті көкөніс, жеміс-жидектер жеуі, анардың шырынын ішуі, қайнатылған ет жеуі керек. Бір сөзбен айтқанда, витамині көп тағамдар қабылдағаны дұрыс. Бірақ сүт өнімдерін пайдалануға болмайды. Өйткені оның құрамында сүт қышқылы бар. Ол ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін».
Күн ысыған кезде кейбір адамдардың қан қысымы көтеріліп ауыратыны бар. Сондайда адамдар түрлі ем жасауға көшеді. Біреулері дәрігерлерге қаралса, екіншілері халық еміне жүгінеді. Ал қан қысымы жоғарыларға сүлік салдырған пайдалы деген сөз бар. Бүгінде сүлікпен емделу халық арасына кең таралып келеді
+1 дауыс

/Сүлік пен қандай ауруларды емдейді?/

деп қойыпсың.

Пен көмектес септігінің жалғауы. Сондықтан, пен жалғау болғандықтан бірге жазылады. 

...