+2 дауыс
878 көрілді
Біздің ауылда елірмесі бар бір жігіт бар. Күз , көктем айларында елірмесі ұстап қаңғырып кетеді. Құстың келуі, қайтуы неге кейбір ауруларды күшейтіп жібереді?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Оның негізі құсқа еш қатысы жоқ. тек көктем, күз айларында күн радиациясы артады, атмосфералық қысым тез ауытқиды, көктемгі әлсіздік пен иммунитеттің төмендеуі сезіледі (өзіңізде байқап жүрген шығарсыз көктем айларында барлық адамдар шаршаңқылық басып, өздерін жайсыз сезінеді). Психо-неврологиялық аурулардың қозатыны сондықтан
Өте дұрыс айтыпсың, құсқа ешқандай қатысы жоқ. Тек жыл мезгілін өзгеруіне байланысты,яғни жылы мерзімнің суық мерзімге ауысып  немесе керісінше суық мерзімнен жылы мерзімге ауысатын өтпелі кезеңдерде, созылмалы аурулары бар адамдардың организмі бұл өзгерістерге жылдам  қалыптаса алмайды. Сондықтан сүйек буындары ауыратындар, созылмалы асқазан аурулары, жүрек ревматизмімен ауратындар,жүйке аурулары, психикалық ауытқулары бар адамдардың ... науқастары қозады. Осы өтпелі кезеңде қиналып кейбірлері  тіпті ауруханаға жатып емделуге мәжбүр болып жатады. Сондықтан созылмалы аурулары  бар науқастар, осы кезеңдерден ауырмай жеңіл өту үшін дәрігердің бақылауында болып , уақытымен емін алып жүрген абзал.
Құстар сол себепті де қоныс аудара бастады. Әрине басқа факторлар әсер етеді. Бұл солардың бірі.
+1 дауыс
Көркем қыз! Ондай ауруларды қазақта "құс ауру" деп айтады. Көктем-күз айларындағы ауа-райының құбылмалы болуы сонымен қатар депрессия да туғызады.
...