+2 дауыс
24.0k көрілді

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
[КӨК ШАЙДЫҢ ЗИЯНДЫ ЖАҒЫ БАР МА?][1]
Табиғатта қай нәрсенің болса да өз мөлшерімен болғаны жақсы. Сол сияқты көк шайды да денсаулық жағдайына байланысты орнымен ішкен жөн. Өйтпесе аса пайдалы деген көк шайдың да кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, көк шайдың құрамында зат алмасу процесінің бұзылуына себепкер болатын улы несепнәр түзетін пуриндер де көп мөлшерде кездеседі. Сол себепті буындарына тұз жиналған адамдарға көк шайдың пайдасынан гөрі зияны көбірек. Арнайы зерттеу кезінде буын ауруларымен ауыратын адамдардың көпшілігі көк шай ішуді тоқтатқаннан кейін жағдайларының анағұрлым жақсарғаны байқалған.

 

Жақында Ресей ғалымдары көк шайдың құрамында кофеин мөлшері көп екенін анықтады. Ал кофеиннің зиян екені мәлім. Ол адамды өзіне тәуелді ете алады. Қан қысымы жоғары адамдар оны көп ішкен сайын самайы жіпсіп, өзін жеңіл сезінгенін айтып жатады. Сөйтіп көк шайды пайдалы деп шәйнектеп іше береді. Ал бұл уақытта кофеин «бұрыш-бұрышты» қуалап, ағза қалтарыстарын мекендеп алады. Сөйтіп адам көк шайға тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Көк шай ішкенде ғана басының ауырғаны басылатын адамдар шын мәнінде оған тәуелді дейді зерттеушілер.

Көк шайдың құрамында адамның жүйкесін тыныштандыратын теанин атты элемент бар. Көп ішкен жағдайда ол ұйқы шақырып, жүйкені әлсіретеді екен. Ал алты кеседен артық ішкен адамның асқазан мен ішек қырындысын кетіруі мүмкін. Ендеше зиян болмау үшін оны қанша мөлшерде ішу керек?

Дені сау адамның көк шайды күніне төрт-бес кеседен артық ішпеген жөн көрінеді. Сонда оның құрамындағы пайдалы элементтер көздің көру қабілетін жақсартуға, сүйектің сыну қаупін азайтуға сеп болады екен. Төрт кесе көк шай остеопороз, Альцгеймер, Паркинсон дерттеріне қарсы әсерлі ем бола алады. Тіпті қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады, жасөспірімдердің тіс ауруын азайтады. Оның артынша бір апельсин жеу компьютер экранынан таралатын радиациядан да қорғайтын қасиетке ие. Бірақ мұның бәрі жоғарыда аталған мөлшерде ғана ішілген жағдайда іске асады. Ал одан көбірек ішсеңіз көк шайсыз тұра алмайтын халге жетуіңіз мүмкін. Ендеше көк шайды да мөлшерімен ішкеніңіз жөн шығар

[Көк шайдың пайдасы][2]
Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай.

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге  қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНҚ-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты.
Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе?

Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.



  [1]: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/3819-kok-chai.html
  [2]: http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=93147
+2 дауыс
[Көк шайдың зиянды жағы бар ма?][1]


  [1]: http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/3819-kok-chai.html
Көк шайдың пайдасы

Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай.Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға ие.
Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК – ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифеналдың сау клеткаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.
0 дауыс

 

Көк шайдың пайдасы

Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп сейілтеді. Көк шай жан мен тәнді жадырататын дәрумендерге бай. 

Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамындағы поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, Жапон елдерінде көк шай жоғары бағаға ие.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан жасушаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК-ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар полифеналдың сау жасушаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе?

Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

 

0 дауыс
кок шайды жукти айелге ишуге болама
...