+2 дауыс
2.0k көрілді
Сұлулық сырлары жайлы қандай сырлары бар?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сұлулық сырлары
Өткен санымызда берілген киіне білеміз бе тақырыбындағы кеңесімізді жалғастырамыз.
Қыздар мен әйел адамдар үшін айналасындағыларға жағымды әсер қалдыруға көмектесетін негізгі нәрселер:
•    әдемі киім;
•    көз тартарлық шаш үлгісі;
•    жұқалтаң бояу (макияж);
•    ажарлы аксессуарлар.

Егер өзіңізге назар аударғанын қаласаңыз мына кеңестерді естен шығармаңыз.
 
•    Үлкен салпыншақ сырға мен жалпақ қалың білезік тағудан және ұзын шашыңызды жайып жүруден аулақ болыңыз;
•    Мүмкіндігінше сапалы киім алуға тырысыңыз, демек қымбаттау киім алған дұрыс;
•    Белдемшеңіздің (юбка) жабысқан тар емес еркін тұрғаны жөн, өйткені олар онсыз да жүріп, тұрғаныңызда тартылып тұрады;
•    Кеудешенің (блузка) алдының ойығы қолтығыңыздың деңгейінен төмен болмауы керек, әрі іскери кездесу кезінде үнемі жакетпен жабылып тұрғаны   жөн;
•    Шұлық пен колготка кию міндетті;
•    Жұмыста иісі өткір иіссу жағудың қажеті жоқ. Сізден үнемі тазалық пен жағымды иіс аңқып тұруы тиіс.

Бас киім

Дұрыс таңдалған қалпақ немесе орамал сіздің киіміңізбен тұтасып қана қоймай бет әлпетіңіз бен шашыңызды да ажарландыра түсері сөзсіз. Кез- келген бас киім үстіңіздегі киімнің қолданысына сәйкес болуы керек. Егер мұны білсеңіз, басыңызға еш уақытта жұқа орамалды қалың тонмен тартпайсыз. Өкінішке орай мұндай жағдайды өмірде жиі ұшыратып қалып жатамыз.


   


Үшкіл орамал (косынка)
Үшкіл орамал қарапайым көйлектер мен жакеттерге ерекше үйлеседі. Олар кез-келген киімді өзгерте алады. Жаңа костюм не пальтоға үшкіл орамалдан артық ештеңе әр бере алмайды.
   

Қолғаптар (перчатка)
 Қыздар мен әйелдер қолғапты қайда, қашан кисе де ерікті. Бас киімсіз қолғап киюге болмайды деген пікір дұрыс емес. Ер адамға қол беріп амандасқанда қолғапты шешпеуге болады. Әйел адамның сөз сөйлеуге мінберге қолғаппен шығуына болады, бірақ сөзін бастамай тұрып оны шешуіне болмайды.  Ал кешкі қабылдауларда ұзын қолғаптың сыртынан білезік тағуға болғанымен, сақина, жүзік тағу дұрыс емес.
Қолғаптар да барлық киімдер сияқты үстіңізге киген киіміңіздің түсі мен матасына сәйкес болуы тиіс. Кейбіреулер аяғына носки киіп немесе жалаң аяқ тұрып та қолына қолғап киеді. Бұл дұрыс емес, қолғап тек аяққа шұлық кигенде ғана киіледі.
Жұқа лайкра қолғап аса сәнді болып есептеледі.    Шілтерлі жұқа дедерон қолғап тек жұқа көйлек пен сәнді костюмге ғана үйлеседі. Еш уақытта спорт костюмімен мұндай қолғап киюші болмаңыз. Спорт костюміне бейтарап түсті мата немесе былғары қолғап  киген дұрыс.
 
Белбеулер

 Белбеу костюмге сәйкес келуі тиіс. Белбеу таңдағанда бейтарап түсті, өз дене бітіміңізге үйлесетін жалпақтықта таңдаңыз. Белбеудің түсі аяқ киіміңізбен сәйкесуі керек, алайда киімнің түсін де назардан тыс қалдырмау керек.
Егер туфлиіңіз жылы түсті, мысалы қоңыр болса, онда көйлегіңіз бен белдемшеңізге сары немесе зәйтүн түсті белбеу жарасады. Кейде белбеуді белдемшенің, кеудешенің не үшкір орамалыңыздағы түстердің біріне сәйкестеуге де болады. Белбеуі жоқ белдемше «аяқталмаған» өң береді.
Көзге түсетін тоғасы немесе басқа да жылтырақ әшекейлері бар белбеулер дене бітімі сымбатты кісілерге ғана үйлеседі.



Сөмкелер

 Сөмке барлық киімді толықтыра алады. Оларсыз жүру мүмкін де емес. Жақсы мәнер сөмкелерге де киімге қойғандай талап қояды. Олардың қарапайым, ыңғайлы, түсі мен түрі жағынан киіміңізге сәйкес болғаны немесе оған контраст бергені жөн.
Сөмкені түрлі материалдан таза былғары мен замштан, синтетикалық материалдар мен матадан, т.б. жасайды. Сөмке таңдағанда  оның материалына ғана емес, түсі мен түріне де назар аударыңыз. Өйткені әрқайсының тиісті қолданатын орны бар екенін естен шығармаңыз. Мысалы: жұмысқа, шаруашылыққа, театр мен жағажайға, т.б.
Әдетте жұмыс жасайтын қыздар мен әйелдер өзімен бірге керекті, керексіз көп нәрсені алып жүруге әуес. Бұдан аулақ болыңыз. Жұмысқа қажетті қағаздар мен құжатты папкіде, ал жеке заттарыңызды: опа, далап, тарақ, т.б. шағын бояу салғыш сөмкеде жазба кітапшаңыз бен кілтпен бірге портфельде, дипломатта ұстаған жөн. Ал ақшаны әмиян ғана сиятын ұзын баулы кішкентай сөмкеде ұстау керек.
Сөмке сатып алғанда ең жақсысын, мүмкіндігінше былғарыдан жасалғанын алыңыз.
...