+2 дауыс
2.5k көрілді
Адамдарды ұйымдастырып басқара білу бұл да бір өнер деп ойлайсыздар ма?Және барлық адамдардың қолынан басқара білу, ұйымдастыра білу келе ме?
Баяғы заманда қойылған сұрағым ғой мынау ,ууууууу,:o

3 жауап

+1 дауыс
әрине,ол да бір өнер,мекемені басқарып оның дамуын,жұмысшылардың жағдайы, ұйымдастыру кез келген адамның қолынан келе бермейді.Дер кезінде шешім қабылдап,қиындықтан өту,мекемені дағдарысқа ұшырамауы,барі барі сол бір ғана басшының басқара білуіне байланыстығо.Сондықтан оны кез келген адам алып кете алмайды, ол үшін адамға үлкен жүрек керек,тәжірибе керек,уақыт керек,көп нарсе оқып білу керек,жәнеде бизнестің қыр сырын білу қажет деп ойлаймын.
+1 дауыс
Ол тек қана өнер емес,үлкен дарын.Көпшілікке басшы болу оңай емес,кез - келгеннің қолынан келе бермейді.Бірақ адам - пенде,сондықтан да ондай мүмкіндік келіп тұрса бас тарта алмайды.Көп жұмыстардың қожырап жататыны да осыдан.
+2 дауыс
Бастық болу оңай емес!Бастық болу маңайыңа өзіңді жақтаушыларды жиып алу емес.Саған жау дұшпан адам болса да ,онымен алыспай жұмысты жүргізе білу керек.Сен одан құтылғың келгенмен,ол бір отбасын асырап отырғанын ұмытпа,қарамағыңдағы адамдарды жұмыстан шығаруға асықпа,жеп отырған нанынан айырмауға тырыс,жазала,тәрбиеле!Маскүнем болса да қатарға қос.Сосын,сен креслоға отырғаннан күннен интрига басталады,жау көбееді,айдаладағы түсіңе кірмейтін біреу сенімен жағаласады,домалақ арыздар да кетіп жатады,яғни бастықтың нервісі мықты болу керек және күресе білу қажет.Жемқорлықтан аулақ бол,ешнәрсе жемесең,көрпеңді теуіп тастап тыныш ұйықтайсың.Ұжым,ұжыммен тіл табыс,онсыз болмайды,олар бірігіп кетіп қарсы болып жатса,жағдайың қиын болады!Бет алды ұрсыспа,одан да үнсіз ғана түсініктеме жаз де,немесе ескерту сөгіс беріп,жарға жақындатып қой,ол жәй қорқыту шарасы,жұмыстан шығарып нең бар.Ұжымда ең жоқ дегенде бір адал,сенімді адамың болсын.Айта берсе сыры да қыры да көп қой бастық болудың,жүйкеге,жүрекке салмақ көп түседі.Жұмысты ұйымдастыра білу керек,сауатты,өз ісіңе мығым болсаң,ондай бастықты бәрі сыйлайды.
Тамаша пікір,Апатай көп болды көрінбедіңіз,сағынып қалдық.
Рахмет,Профессор!Енді келіп тұрамын.

Ұқсас сұрақтар

...