+1 дауыс
341 көрілді
Сұрақтың жабылу себебі: бұндай сұрақ жетіп жатыр!!!

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ырым-тыйымдардың барлығын қалт жібермей орындамаса да, есте ұстап жүргеннің өзі жақсы.
Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Себебі, ер азамат әр отбасының тірегі. Сол себепті, ол ұстап отырған шаңырақтың төрі де, бас та, бәрі-бәрі тек үй иесінің құзырында болуы тиіс. Ал әкесі тірі адам ол отыратын төрге шығып, отағасы кесуі басты ұстаса, оған қиянат жасалды деген ұғымды білдіреді екен. Сондықтан да, әкесі жоқ адамдар ғана бұлай істеуге болады.
Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып, шығарып жібереді. Себебі, кей кездерде періштелер жылан бейнесіне еніп, жер бетін шарлайды екен. Сондықтан жылан кейпінде келгендердің кейбірі періште болуы да мүмкін деген түсінік бар.
Тұзды бейберекет шашпайды.  
Себебі, барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сол үшін тұз төгілсе, ырыс төгіледі, дәм шамданады, үйден ас кетеді. Сонымен қатар жерге төгілген тұз еріп, жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген де ырым бар екен.
Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртеніп, соның салдарынан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай жасайды. Сол үшін мұндай жамандық шақырмас үшін бос бесікті тербетуге болмайды деп ырымдайды.
Бас киімді кез-келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе, аяқ астына тастамау керек. Мұның себебі, бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады. Басы айналып, тілі байланып, иманы қашады. Адам баласынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ.
мәәәә қай сайттан алдын?)))
0 дауыс
Өзім ырым  атаулыға сенбеймін. Ырымға сенсеңіз ананы істеме, мынаны істеме деген секілділер көп. Кейбір ырымдардың аллахқа серік қосуға апаратыны және бар. Сол себепті ырымға сенгім келмейді. Сенбеймінде.
0 дауыс
Ырым дегенге мүлдем сенбеймін. Өйткені оны бір кездері қазақтар өздері ойлап тапқан.
...