0 дауыс
836 көрілді
Пікірлеріңіз үшін алдын-ала рахмет!

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
![enter image description here][1]
Танымал саясеткер Марсель Көшімхан және қоғам қайраткері Қуантай Бақтыбайидов елімізде соңғы жылдары көбейіп кеткен түрік сериалдарына тосқауыл қою туралы Мәжіліске ұсыныс әзірлеуде. Қоғам қайраткерлерінің айтуынша түрік сериалдарындағы интрига, қастандық, меланхолия және трагедия мөлшерден асып кеткен. Халқымыздың рухани жағдайына үлкен әсер етеді, келешек үшін үлкен қауіп дейді қайраткерлер. Бұл туралы өздері ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында мәлімдеме жасалды.
Қуантай Бақтыбайидов:![enter image description here][2]
Түрік сериалдары туралы кең көлемде сараптама жасадық. Сериалдардағы қандай факторлар адамға қаншалықты әсер етеді және олардың пайыздық мөлшерін анықтадық. Нәтижелері мынадай:
Интрига 21 %
Қастандық 17 %
Меланхолия 14 %
Трагедия 16 %
Сериал музыкасы 26 %
Сценарий 6 %
Яғни, бұл көрсеткіш адам психологиясына әсер беру жағынан өте жоғары, мөлшерден тыс көрсеткіш. Нәтижесінде адамдар бір біріне сенбейтін болып бара жатыр. Сенім азаюда. Бұл дегеніңіз өте маңызды фактор!
![enter image description here][3]
Марсель Көшімхан:
Мысалды алыстан іздемейік, менің әріптестерімнің мінез-құлықтарына, қылықтарына қараңыз. Соңғы кездері әріптестерімнің көбісінің көңіл-күйлері нашар, бақытсыз, жүректері жаралы, мұңды, алданып қалған кейіпте. Жүріс-тұрысымызда баяулық байқалады, жәй сөйлейміз. Бір нүктеге ұзақ қарап қалатынды шығардық. Бұл ештеңе емес, күніне 3 түрік сериалы қарайтындардың жағдайлары өте жаман. Бір бірінің әңгімелерін тыңдау, өткен өмірлеріндегі қара дақтарды іздеу, жоспарларын сәтсіздікке ұшырату, өсектеу, жасырын қатынастарын көпшілікке ашып қою, жоғарыдағыларға жақсы көріну үшін істелетін айлалар, құпияларды жария ету сияқты неше түрлі әрекеттер жасалуда.
Кешірерсіздер, жарты сағаттан кейін КТК-дағы сериалым басталатын еді. Осымен баспасөз-мәслихатымызды аяқтаймыз. Сұрақтарыңыз болса менің көмекшіме хабарласарсыздар. Сау болыңыздар! http://kerekinfo.kz Келісуге болады
  [1]:
  [2]:
  [3]:
Керекинфодан алынған мәлімет,Кинфо газетінде.Ұрланыпты ОМГ..Факинг
Кешірерсіз kerekinfo мен шатастым
+1 дауыс
Оның пайдасын білмедім, мүмкін бар да шығар. Бірақ менің анық білетінім бұл түріктерге таза пайда екені сөзсіз. Одан да қазіргі кезде Қазақстан телеканалынан көрсетіліп жатқан Парыз секілді қазақ кинолары көбейсе, мүмкін бұл түрік ,корей сериалдары көрсетілместемеді.
+1 дауыс
Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығын нығайту барысында шығар...(өз ойым) Негізі  басқа елдерден қарағанда, Түркияның телехикаялары арзан екен! Бірақ ең жаманы-бізде көрсетіліп жатқан Дениз, Жанан т.б телехикаялары Түркияда тиым салынған (газет-журналдардан оқыдым) Пайдасы жоқ!Тек халықтың санасын улауда!Тәрбиелік мәні де жоқ!Бірақ осы мәліметтерге сүйенсек, ақиқат сияқты!Жел соқпаса,шөптің басы қозғалмайтыны хақ!

Ұқсас сұрақтар

...