Бас прокуратура «Қазақстанда алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құру қажет» деген бастама көтерді. Аталмыш қордағы қаражат бұрынғы қосағынан бала күтіміне ақша алмайтын жалғызбасты аналарға беріледі. Бас прокуратураның мәліметінше, сот атқарушыларының сөрелерінде алимент өндіру жөнінде 90 мыңға жуық құжат жатқан көрінеді. Яғни елімізде 90 мыңдай әке алимент төлеуден жалтарып, қашып жүрсе, ал осынша бала әкелік әлеуметтік көмекке зар болып отыр деген сөз. Келешекте осынау олқылықтың орнын мемлекеттік қор есебінен толтыру көзделуде. Мемлекеттік әлеуметтік қор тәжірибесі Франция, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Норвегия, Финляндия секілді көптеген елдерде сәтті қолдануда. Ал мұндай қордың жұмысы біздің елімізде қаншалықты нәтижелі болмақ? Жалпы, «алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құру керек пе?» деген сауалдар төңірегінде мамандар пікірін ортаға салып көрген едік... Ләйлә АХМЕТОВА, «Ер-азамат» дағдарыс орталығының директоры *
Иә*
– Өте жақсы бастама. Сондықтан алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қордың құрылуын құптаймын. Әйтпесе соңғы кездері елімізде алимент төлеуден қашып жүретін ер-азаматтардың санының өсіп бара жатқаны рас. Алайда олардың барлығы тектен-текке алимент төлеуден қашып жүрген жоқ. Қай әке өзінің туған баласын қамтамасыз етуді жек көреді дейсің? Алайда сананы тұрмыс билеп, олар жұмыссыздық салдарынан еріксіз алимент төлей алмай қалады. Осы орайда әкесінің алимент төлейтін жағдайы жоқ екен деп қарап отырмай, мемлекеттің балаға қамқорлық жасауға ұмтылуы – құптарлық жайт.
Мұндай мемлекеттік қордың жұмысы толық емес отбасылардың балаларының жағдайын жақсартуға да үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
Баланың аты – бала. Балаға қоғам әрқашан қамқорлықпен қарауы тиіс. «Әке-шешесі ажырасты, ал әкесі алимент төлеуден бас тартты екен» деп қоғам да баладан теріс айналмауы керек. Осы орайда Франция, Ұлыбритания, Финляндия секілді елдер бекерден-бекер бұл қадамға барып отырған жоқ. Олар әкенің, ана мен баланың әлеуметтік жағдайын толық зерттеп барып, алимент төлеумен айналысатын мемлекеттік қор құру қажеттігін түсініп отыр. Мемлекеттік қор борышкер әкеге не анаға жасалған көмек емес, жазықсыз, жастайынан тағдырдан теперіш көре өсіп келе жатқан өскінге жасалатын мемлекет көмегі деп түсінген жөн. Айналып келгенде, бұл жерде ер адамдарды жұмыспен толық қамтамасыз ете алмай отырған қоғамның да кінәсі бар. Бүгінде қит етсе, әсіресе ауылдық жерде «қыз бала жат жұрттық» деп, қызды оқытып-тоқытуға тырысады. Ал қолда қалатын ер бала тамағын тауып жейді ғой әйтеуір деп қоя салады. Соның дәлелі – бүгінде жоғары оқу орнында студенттердің көбісі қыздар. Қыз дипломы болған соң, жұмыспен қамтамасыз етіледі де, ер адам табылса, қара жұмыс істеп, табылмаса, ол да жоқ, жұмыссыз күй кешеді. Ал бұл айналып келгенде, алимент төлеу кезінде де алдынан шығады.
Кейбір мамандар «мұндай қордың құрылуы баламды мемлекет асырайды ғой деген оймен ажырасушылар санының артуына алып келеді» деген де пікірлер айтып жүр. Негізі, ажырасатын адам мұндайға қарамайды. Тіпті қолында табысы бар әке реті келсе баласын мемлекетке жалтақтатпауға тырысады. Сондықтан алимент төлейтін мемлекеттік қор міндетті түрде құрылуы қажет.
Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері *
Жоқ*
– Жоқ, алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құрудың қажеті жоқ. Тіпті бұл «Неке және отбасы туралы» Заңға қайшы келуі де мүмкін. Мәселен, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңында ата-аналардың балаларын асырап-бақпаған жағдайда тиісті төлем – алимент төлеуге міндетті екені анық та айқын көрсетілген. Аталмыш заңның 15-бөлім, 17-тарау, 124-бабының екінші тармағында «Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-баға алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат, яғни алимент ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады», – делінген.
Заңдық тұрғыда осылай. Ендеше, ата-аналар өздерінің «қолымен істегендерін мойнымен көтеріп», балаларын бағып-қағуды мойындарына алуы тиіс. Рас, елімізде алимент төлеуден қашып жүрген қашқын әкелер өте көп. Бәлкім, жұмыссыздық салдарынан олар бас тартатын шығар. Бірақ бәрібір жауапкершілік деген болуы керек қой. Кейде айлық табысы бола тұрып, әдейілеп алимент төлеуден қашатын әкелер де кездесіп жатады. Мәселен, борышкерлердің бірқатары сот орындаушылардың шақырғанына келмей, келесі тобы хабарландыру хатына құлақ та аспайды. Ал алимент мөлшері жалақыға қатысты белгіленетінін білетін кейбір қулар жалақы жөніндегі мағлұматтарды бермей, не шектеп беріп, жасыратын жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай қуларға жаза қолданбай, ал баласын неге мемлекет мойнына асып қоюымыз керек? Керісінше, алимент төлеуге міндеттейтін талаптарды күшейтіп, жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Негізі, өркениетті қоғамда алимент деген ұғым мүлде болмауы тиіс. Алимент болды екен, оның өтемі өте қатал болуы керек. Яғни алимент мөлшерін заң жүзінде жоғарылату қажет, екіншіден, оның дер кезінде және уақтылы төленуін міндеттейтін қатал режим болуы тиіс. Басқаша айтқанда, «ажырассам, алимент төлеймін-ау» деген қауіп әр некеге отырған адамның ойында болуы тиіс. Ал бұл ажырасу санының азаюына алып келеді. Керісінше, мемлекеттік қордың құрылуы азаматтарды еркінсітеді деп ойлаймын.
Естуімше, биыл жаздан бастап алимент төлемеген ер-азаматтардың шетелге шығуына тыйым салынатын көрінеді. Алименттен қашатындар үшін осындай шектеулерді көбейткеннен ұтпасақ ұтылмаймыз. Қалай болмасын олар жауапкершілікті сезінуі тиіс. Рас, мұндай қор кейбір дамыған елдерде жақсы жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бірақ шетелдерде жақсы нәтиже көрсеткен жүйенің бәрі бізде де жақсы жұмыс істейді деп ойлау қате. Сондықтан алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құруды қолдамаймын.
Ерболат МҰСАБЕКОВ,* Қазақстан демографтары қауымдастығының президенті: *
– Жалпы, алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қордың құрылуын қолдаймын. Әйтсе де бұл жерде борышкерлерді міндеттеу жұмыстары да қатар жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік қордың жұмысы жағдайы өте төмен, ал борышкерден мүлдем көмек жоқ отбасыларға ғана берілуі тиіс. Ал аталмыш қордың жұмысын жаппай борышкері бар, барлық жартылай отбасыларға қолдана берудің қажеті ж