0 дауыс
513 көрілді

5 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жауап: Өтірік айту күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, көңілдерді (жүректерді) қарайтатын бүкіл жамандықтардың басы. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Өтірік айту ризықты азайтады.» (Әбушшәйх)
 
«Өтірік екі жүзділік есіктерінің бірі.» (Ибн Ади)
 
«Иман иесі кез келген қатеге түсуі мүмкін. Бірақ қиянат жасамайды және өтірік айтпайды.» (Ибн Әби Шәйбә, Бәззар)
 
«Дұрыс болыңдар, дұрыстық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа тартады. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә жаһаннамға тартады.» (Бұхари)
 
«Сөзбен шығарылған фитна, қылышпен шығарылған фитна сияқты. Ал өтірік айту, жала жабу арқылы шығарылған фитна қылышпен шығарылған фитнадан да жаман.» (Ибн Мажә)
 
«Саудада жүретіндердің көбі күнәһар болады. Көп ант ішіп күнәға батады және өтірік айтып сауда-саттық жасайды.» (Хаким)
 
«Халықты алдайтындар жаһаннамдық» (Табарани)
 
Пайғамбарымыз өтірік айтқан адамның аузы бір тараптан құлағына дейін темір ілмекпен жыртылатыны, ілмек екінші тарапқа өткенде, алдыңғы жыртылған тарап қалпына келіп, кейін қайта жыртылатыны, осылай қияметке дейін азап көретінін білдірген. (Бұхари)
 
Бір кісі расулуллаһ алейһиссаламға келіп:
– Мына үш күнәға тұтылдым, тастай алмадым. Бұлар зина, өтірік айту және арақ,- дейді. Пайғамбарымыз оған:
– Мен үшін өтірік айтуыңды таста!-деп бұйырады. Әлгі кісі мақұл деп шығып кетеді. Бір күнә істейтін кезінде «Егер мына күнәны істейтін болсам, расулуллаһ алейһиссалам сұраған кезінде “иә” десем күнә істегенім мәлім болады, “жоқ” десем пайғамбарымызға берген сөзімде тұрмаған боламын.» деп ойлады. Сөйтіп қалған екі күнәдан да бас тартты. (Шира)  
 
Дін ұлыларының айтқандары:
Балам, өтірік айтудан сақтан, ол құс етіндей тәтті. Одан аз адам құтыла алады. (Лоқман Хаким)
 
Аллаһ дәргейінде ең үлкен қате өтірік айту (Хазреті Әли)
 
Шындықпен өтірік екеуі, бірі екіншісін қуып шығарғанға дейін көңілде (жүректе) күреседі. (Малик бин Динар)
 
Адамның Ішінің сыртына, сөзінің ісіне сәйкес болмауы - екі жүзділік. Ал екі жүзділіктің негізі өтірік айту. (Хасан Басри)
 
Сахабалар үшін ең жаман, ең ауыр күнә өтірік болатын. Өйткені олар өтірікпен иманның бір арада болмайтынын жақсы білетін еді. (Хазреті Айша)
жақсы жауап таңдарсың деген үміттемін
0 дауыс
*Өтірік сөздерді бір келеңсіз жағдайларда,айтпайтын нәрсе болса айтқан жөн!*
+2 дауыс
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) ең жек көретін нәрсесі өтірік болған
0 дауыс
Мүлдем айтпаған жөн,өз басымның ең жек көретінім өтірік,өтірік айту.
Өтірік айту бұл  -  күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, көңілдерді (жүректерді) қарайтатын бүкіл жамандықтардың басы. Хадис шәрифте былай делінеді:
«Дұрыс болыңдар, дұрыстық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа тартады. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә жаһаннамға тартады.» (Бұхари) көрдеңіздерме,қалай керемет айтқан.
0 дауыс
өтірік айтқың келсе алдар көсе құсап айт???
...