0 дауыс
576 көрілді
Беткітаптың негізін қалаушы кім????

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Марк Цукербер!
Марк Цукерберг (Mark Elliot Zuckerberg, мамырдың 14, 1984 жыл)— АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, және соның басқару кеңесінің төрағасы, филантроп. 2011 жылға сәйкес оның жеке қаражаты $17.5 миллиард деп есептеледі. Facebook негізін 2004 жылы Гарвард университетінің студенті Марк Цукерберг қалаған болатын. «Time» журналы аталған желінің негізін қалаушы сол кездегі 26 жастағы Марк Цукербергті «Жыл адамы - 2010» атағымен марапаттады. БАҚ-тар Жыл адамы ретінде Жулиан Ассанж аталуы мүмкін деп болжам жасаған еді. Бірақ Марк Цукербергтің атақ-абыройы «Әлеуметтік желі» фильмі экранға шыққаннан кейін арта түсті. Бұл фильм Facebook желісінің негізін қалаған жас жігіттің өз ісіне берік­тігін, еңбекқорлығын көрсетеді. Кейбір мәліметтер бойынша, Марк Цу­керберг әлемге танымал Билл Гейтстің өміріне еліктеп, Гарвард университетіндегі оқуын тастап, фрилансер болуға ұмтыл­ған.
2010 жылы Time журналы Марк Цукербергті «Жыл адамы» деп атады.
+2 дауыс
[Марк Цукерберг][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%BA_%D0%A6%D1%83%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3
...