0 дауыс
354 көрілді
Фейсбуктің Мессенджерін телефоныма орнатсам менің тел номерім басқаларға көрінема?

2 жауап

0 дауыс
Жоқ сіздің номеріңіз көрінбейді.
0 дауыс

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Төменарық ауылы

№223 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Майлыбаева Жадыра

Қысқа мерзімді жоспар

І тоқсан

22.10.2016ж

45 минут

Пәні: Абайтану

10б– сынып

Сабақтың тақырыбы:

«Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың мақсаты:

1.Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету. 2.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру. 3.Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың – әдіс тәсілдері:

Әңгімелесу, оқу, түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, тіл дамыту,іздену

Көрнекілігі:

сызбалар, кестелер,маркер,постер,үлестірмелі қағаздар

Тапсырмалар:

Шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі Жағымды ахуал тудыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау ІІІ.Жаңа сабақ.

Оқушыларды «Желкенді кеме» ойыны бойынша 3 топқа бөлу.

І-топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны - терең сай
Тасыған өзен күрілдеп

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпыраған жасыл жер жүзі

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тымылжып
Бір суынып, бір ысып
Дем ала алмай дамыл қып
Елең қағып, бос шошып

Сөз айта алмай бөгеліп
Дүрсіл қағып жүрегі
Тұрмап па еді сүйеніп
Тамаққа кіріп иегі?

ІІ-топ.Өлеңнің шығу тарихымен таныстыру.«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 5 шумақтан тұрады. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түнжан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сезіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзендыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі.

Шығарма алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

«Абай» бұл өлеңіне ән шығарған. Ән Абайдың композиторлық талантының сегіз қырлы, бір сырлы қуатын, оның көркемдік талғам-танымының биіктігін танытады. 1935 жылыкомпозитор Л.А.Хамиди Әрхам Ысқақовтан әннің екі түрін нотаға түсіріп алды. Алайда осы екі ән бір-бірінен тек өлеңнің 3-тармағының басында сәл ғана әуен ырғақтықпен ерекшеленетіні болмаса, жалпы ән мелодиясы бір. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

ІІІ-топ.«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін әнмен айту.

ІҮ.Жазбаша жұмыс. Өлеңге сатылай кешенді талдау:

Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.

ИдеясыАдам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.

Жанр түрілирика,поэзия (өлең)

Шумақ5

Тармақ4

Бунақ2

Буын7-8

Ұйқасшалыс ұйқас (а-б-а-б)

Ү.Білімді бекіту.Бес жолды өлең әдісі.

ҮІ.Бағалау.Жұлдызша арқылы

Рефлексия.

Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.

Сабақ ойынша ойыңды білдір.

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласыңба?

Саған қиындық тудырған түсініктер?

Кейінгі тапсырма:«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттау.

...