+1 дауыс
5.1k көрілді
Генри Форд – еңбек ғылыми ұйымының негізін қалаушы. Генри Форд өмірбаяны

1 жауап

0 дауыс

Генри Форд, ХХ ғасырдың аты аңызға айналған бизнесмені, ағымдық-конвейерлік өндіріс ұйымдастырушысы және автомобиль өнеркәсібінің «атасы», 1863 жылдың 30 шілдесінде Мичиган штатының Дирборн маңындағы фермасында дүниеге келді.

Оның отбасы ауқатты болды, бірақ, Фордтың айтуы бойынша, «нәтижелерімен салыстырғанда, шаруашылықтың бейнеті тым көп болды». Әлі де көп жақсартуды қажет ететін білімін Генри шіркеу мектебінде алады. Есейген Форд маңызды келісім-шарттарды жазған кезінде әлі де қателіктер жіберетін. Бірде ол өзін «білімсіз» деп атаған газетті сотқа береді, ал сауатсыз деп айыптағаны үшін былай жауап қайтарады: «Егер менің ... сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруім керек болса, мен кабинетімдегі түймені басып қалған сәтте, менің әмірім бойынша дайын жауаптары бар мамандар шыға келетін еді».

Сауатсыздықтың болмауын Форд кемшілік деп санады, ал өмірде миды қолдануды қаламауды: «Өмірдегі ең қиын нәрсе – өзіңнің жеке басыңмен ойлау. Міне, бұнымен өте аз адамдар айналысатыны, мүмкін, сондықтан болар». 12 жасар бала болғанда Генри ең алғаш рет автомобильді көреді. Экипажбен, мотормен кездесу Фордқа қатты әсер етті, осыдан бастап оның қозғалатын механизм құрастыру әрекеттері басталады. Ата-анасы оның механикаға қызыққандығын жақтырмады және Генриді қайырымды фермер ретінде көргілері келді. Ол 17 жасында механикалық шеберханаға оқуға түскенде олар оны «өлді» деп ойлауға дайын болды. 4 жылдан соң Форд үйіне қайтып келеді де, күндізгі фермадағы жұмыстың кезекті туындысын түнімен ойлап, ұйықтамаумен қатар алып жүреді.

Бәрі де әрдайым бірінші жасағанынан іске асатын адамның әлемде болуы екіталай. Қайраттылық, табандылық және батылдық – осылар нағыз күрескердің қасиеттері. «Адамдар жеңіліске ұшырағаннан гөрі, жиірек беріледі», - деп санады Генри Форд.

Компанияның басшылығы Форд сынақтарын жақтырмайды және олардан бас тартуға кеңес береді. Алайда Генри автомобильді сәндік құралынан қозғалыс құралына айналдыру идеясына берік болып қала береді де, болашаққа толы үмітпен қызметінен кетеді: «Егер зор құлшынысың болса, сен бәрін де жасай аласың. Құлшыныс – кез-келген прогрестің негізі». 1899 жылы ол «Детройт автомобиль компаниясының» иесіне айналды, ал 1902 жылы келіспеушіліктердің әсерінен сол жерден де кетеді. Егер де Форд миллиондаған қарапайым жаяу жүргіншілерді асқақ көлік иелеріне айналдыруға ниеттенген болса, онда таңдаған жолында оған ештеңе де бөгет бола алмайды: «Барлық  әлем саған қарсы ниеттенген болып көрінген кезде, ұшақтың желге қарсы самғайтынын естен шығарма!».

«Сіз бірдеңені іске асыра аласыз ба әлде іске  асыра алмайтыныңызға
сенімдісіз бе, - екі жағдайда да сіздікі дұрыс. 
Генри Форд

Генри Форд (30 шілде 1863 ж. – 7 сәуір 1947 ж.) – америкалық инженер, өнеркәсіп иесі, өнертапқыш. АҚШ автомобиль өнеркәсібінің негізін қалаушылардың бірі, «Форд мотор компани» (Ford Motor Company) компаниясының негізін салушы, ағымдық-конвейерлік өнеркәсіпті ұйымдастырушы.

Генри Форд 1863 жылы 30 шілдеде Мичиган фермері, Ирландиядан келген эмигранттың отбасында дүниеге келді. Әкесі оны жалқау және әлжуаз деп санап, оған көңілі толмайтын, - ол өзін фермаға кездейсоқ келіп қалған ханзада сияқты ұстайтын. Өзіне тапсырылған істің бәрін Генри еш ынтасыз жасайтын. Ол тауық пен сиырларды жек көрді, сүтті жаны жаратпайтын. «Ерте жасымнан-ақ мен бәрін де басқаша – қандай да бір басқа әдіспен жасауға болады деп ойладым». Мысалы, Генри күнде таңертең суға толы шелектермен биік сатымен көтерілуі тиіс еді. Олай істеудің қажеті неде, егер бар болғаны жер астынан екі метрлік су құбырларын өткізе салу мүмкін болса?

Ұлы он екіге толғанда әкесі оған қалта сағатын сыйлады. Ұл шыдамастан, бұрағышпен қақпағын іліп алған кезде, көз алдында бір ғажайып көрінді. Механизм бөлшектері өздері өзара әрекет жасап тұрды, бір дөңгелекше екіншісін қозғады, бұнда әр кішкентай бұранда маңызды болды. Сағатты бұзып, оны қайта жинап, бала көп ойланып отырды. Әлем үлкен бір механизм емес пе? Бір қимыл екіншісін туғызады, бәрінің де өз тетігі бар. Тек табысқа жету үшін қалай басу қажет екенін білсең болды. Генри сағаттарды жөндеуді тез-ақ үйренді, тіпті, сол өңірдегі фермаларды аралап жүріп, істен шыққан хронометрлерді жөндеп, біраз уақыт қосымша табыс тауып жүрді. Болашақ өміріне тікелей әсер еткен екінші «техникалық» толғаныс – локомобильмен кездесу болды. Генри әкесімен қаладан арбамен келе жатқан кезде, үлкен, бумен тұмшаланған өзі жүретін машинаға кездеседі. Арбадан оза өтіп, аттарды үркітіп, түтіндете ызыңдап келе жатқан алып айдаһар қастарынан зуылдап өте шығады. Осы сәтте Генри жүргізуші отырған кабинада отыру үшін жарты ғұмырын берер еді. 15 жасында Г.Форд мектептегі оқуын тастап, ешкімге бір сөз айтпастан, бағын сынау үшін Детройтқа жүріп кетеді: ол ешқашан әкесі қалағандай фермер болмайды.

Ол жұмысқа тұрған зауыт арбаға жегетін вагондарды шығарумен айналысатын. Бірақ ол мұнда ұзақ тұрақтамады. Форд істен шыққан механизмді бір қарап-ақ, қай бөлшегі істен шыққанын бірден білетін. Жаңа келген дарынды жас жігітке қалған зауыт жұмыскерлері қызғана қарады. Әрі оны жұмыстан шығарудың бар амалдарын жасап бақты. Оларды табысқа жетті десе де болады – Форд жұмыстан шығарылады. Кейін ол ағайынды Флауэрлердің кеме жасайтын зауытына жұмысқа орналасады. Ал түнде жалға алған бөлмесінің ақшасын төлеу үшін сағат жөндеп, қосымша табыс табады.

Ал Уильям Форд болса ұлын фермерлік іске оралтуға соңғы рет талпыныс жасамақ болады: бұдан былай «машина» деген сөзді аузына алмау шартымен оған 40 акр жер ұсынады. Генри механикалық аспаптарды зерттеуге арналған алғашқы қадамы сәтсіз аяқталғандықтан, әкесінің ұсынысын қабыл алуға мәжбүр болып, фермаға қайта оралады. Ұлы риза болғандай кейіп танытқан соң, әкесінің де көңілі жай табады. Оның аңқау әкесі ұлының өзін ақымақ етіп жүргенінен сезіктенбеді де. Генри үшін бұл оқиға өмірлік сабақ болды: патша болғың келсе, жалған айтуға дайын бол. 

Генри Форд үйленбек болып шешеді. Клара Брайант одан үш жасқа кіші еді. Олар ауылдың би кешінде танысқан болатын. Форд тамаша билейтін және ол қызға қалта сағатын көрсетіп, оны өзі жасағанын айтып таң қалдырады. Оларды көп нәрсе байланыстыратын – Клара да, Генри де фермерлер отбасында дүниеге келген және ешқандай жұмыстан жиренбейтін. Қыздың ата-анасы – діндар және қатал адамдар, әрине, қыздарын көк тиыны жоқ, үй-күйі жоқ жас жігітке тұрмысқа бермес еді. Біршама уақыттан кейін Генри өз теліміне жайлы үй салып, жас әйелімен сонда орналасады. 4 жыл өткен соң ұлдары Эдсел дүниеге келеді. Клара ақылды және қарапайым әйел бола білді және қажымайтын Генридің нағыз көмекшісіне айналды. Бірнеше жыл өткен соң, автокөлік монархы: «Менің әйелім менің табысқа жететініме менен де артық сенген еді. Ол әрқашан сондай болатын» деп айтады. Клара өздігінен жүретін арба жасап шығару туралы ойларын сағаттап тыңдауға бар-тын. Ортақ отбасылық өмірлерінде ол әрдайым барлық нәрсені үйлесімде ұстай білді – күйеуінің істеріне қызығушылық танытатын, бірақ ешқашан араласқан емес. Бірде журналистер одан қайта туып, өмір сүргіңіз келе ме деген сұрағына Форд: «Егер Клараға қайта үйленер болсам» деп жауап  берген.

Уақыт өте берді. Бір күні әкесі жас жұбайларды  жайлы үйлерінен таба алмады – Генри мен Клара аяқ астынан Детройтқа көшіп кетеді. Форд онда Детрой электр компаниясына инженер болып жұмысқа кіреді.

Фермадағы жұмысын жеңілдету үшін, Форд бензинмен жұмыс істейтін астық бастырғыш машина ойлап табады. Бұл өнертабыс патентін ол Томас Эдисонге сатады, ал ол Фордты өз компаниясына жұмысқа шақырады. Бірақ ол жерде бас инженер қызметін атқарғанымен, ол бұрынғысынша машиналармен әуестенуін жалғастырады. Ол барлығы үшін қолжетімді автокөлік жасап шығаруға бар ынтасымен берілді. «Идеялар өзінше құнды, бірақ идея қашан да идея болып қала береді» деп Форд дұрыс ойлаған, «мәселе оны іске асыруда». 1893 жылы жұмыстан тыс уақытында Форд өзінің ең бірінші автокөлігін құрастырады.

Сол жылы Форд Эдисон компаниясының Детройтты жарықтандыруға мамандандырылған бас инженері болады, соңынан, 1899 жылы Детройт автокөлік компаниясының бас инженерінің қызметіне сайланады. Бірақ біршама уақыт өткеннен кейін ондағылар Фордтың барлық ақыл-ойы мен дене күшін офис жұмысына емес, бензинмен жүретін арбаға салып жүргенін байқап қояды. Генриге ол өз өнертабысын ұмытса, басшы қызметін ұсынатындарын айтады. Форд бір шешімге келе алмай, санасы санға бөлінеді: отбасын асырауы керек, жиған-тергенінің барлығын арбаны жасауға жұмсады. Клара оның толғанып жүргенін көріп, қандай шешім қабылдаса да, оны құптайтынын айтады. Жұмыстан шыққан соң, Форд «өзін сатпақ» болады.

Өзінде қаражат болмаған соң, ол ақшасы көп серіктес іздеуге кіріседі. Өзі құратын жаңа кәсіпорында ол идеямен қамсыздандырушы рөлін алмақ болды. Бірақ бұл идеяларды ешкімнің сатып алғысы келмеді. Ақыр соңында, Генри бір детройттық бизнесменді өзінің қатты жылдамдықпен жүретін арбасымен қыдыртып келген соң, ол өнертапқышпен жұмыс істеп көруге келісті. «Детройт Автомобайл Компани» көп тұрмады. «Кез-келген жаңа тауар секілді, автокөлікке де сұраныс болмады. Мен енді ешқашан тәуелді жағдайда болмаймын деп шештім де, қызметімді тастадым» деп еске алады Форд. Тағы да «идеяны сату», серіктес іздеу басталды. Бірақ еш нәтиже болмады, барлығы келісіп алғандай бас тартты, тіпті, оны бір кеңседен күштеп алып шықпақ болды. Ақырында, 1903 жылы «Форд Мотор Компани» тіркелді. Генри бас басқарушы болды. Өздігінен үйренген механик болғандықтан, Форд зауытқа сондай дарындыларды алды: «Мамандар ақылды әрі тәжірибелі, не нәрселерді істемеу керектігін нақты біледі, барлық жерде шек пен кедергілерді көре біледі. Егер мен бәсекелестерімді құртқым келген болса, онда оларға мамандардың тобырын жіберген болар едім».

Автокөлік патшасы сол қалпы сызбаларды оқып үйренбеді: инженерлер бастығы үшін үлгілерді ағаштан жасап, пікірін білуге алып баратын.

1905 жылы Фордтың қаржы серіктестері оның арзан автокөліктер шығару туралы шешімімен келіспеді, себебі қымбат үлгілер көп сұранысқа ие еді, акция пакетінің басты иесі Александр Малколмсон Фордқа өз бөлігін сатады, осыдан соң, Генри Форд бақылаушы пакеттің иесі және компания президенті болады (1905-1919 және 1943-1945 жылдары компания президенті болды).

Фордтың нағыз зор жеңісті салтанаты автокөлік құрастыру тұжырымдамасындағы барлық бағытын өзгерткен «Т» үлгісін енгізу болды. Ол оны сәулет өнерінің маманы секілді артық жерлерін қырқа отырып, таңдаулыларға арналған әсем ойыншық емес, күн көрісі орташа мыңдаған америкалықтар үшін бағасы жағынан қолжетімді етіп жасады. Табысы күткендерінен де асып түсті. «Т» үлгісін өндірген жылдары, тұтынушылар нарығын тез-ақ жаулап алуына байланысты, 15 млн автокөлік сатылды.

Жаппай өндіріс барлық технологиялық процестерді стандарттау мен сәйкестендіруді талап етті. Форд өзінің енгізген басқару жүйесіне «Машина терроры» деген сипат берді. Бақылау және жоспарлаудың айқын жүйесі, конвейер өндірісі, үздіксіз технологиялық тізбектер - мұның бәрі Форд империясының автомат режимінде жұмыс істеуіне себепші болды.

Америкалықтардың көпшілігі Генри Фордты автокөлікті ойлап табушы деп есептейді. Тіпті олар оған дейін 6 жыл бұрын Рэнс Олд есімді адам өндірісте жүретін арбаларды қолданғанына және таспалық транспортерлер астық жинайтын элеваторларда, Чикагоның ет комбинаттарында қолданғанына қарамастан, конвейерді де ойлап тапқан Генри Форд екеніне сенімді. Фордтың еңбегі – өндірісті тасқынды еткенінде. Ол автокөлік өндірісін ойлап тапты. Кәсіпорын экономикалық тұрғыдан ұйымдастырылды, менеджерге деген қажеттілік туды. ХХ ғасыр – басқару дәуірі болды. Бірақ мұның бәріне қол жеткізу үшін ғасыр басында жасаушылар пайда болуы керек еді. Сондай жасаушы Генри Форд болды. Және осы еңбегі үшін  Fortune журналында ХХ ғасырдың ең үздік табыскері атанды.

Генри Форд ХХ ғасырдың басында ең үлкен индустриялы өндіріс құрап, $1 млрд пайда тапты, (қазіргі доллармен есептегенде $36 миллиард), оның ұстанатын қағидалары АҚШ-тың қоғамдық өміріне өз әсерін тигізді. «Форд-Т» автокөлігінің 15 жарым миллионын сатады, конвейер оның әдеттегі және керекті ісіне айналады. Форд жұмыскерлеріне екі есе көп төлеп, «көк жағалылар» класын құрды. Оның жұмыскерлері өздеріне «Форд-Т» автокөлігін алу үшін ақшаларын жинады. Форд автокөліктерге сұраныс жасаған жоқ, ол сұранысқа жағдай жасады. Форд қағидаларымен күрес жолында америкалық менеджмент пайда болды. Менеджмент теориясының негізін салушылар өз қағидаларын Фордпен сырттай тартыс жолында қалыптастырды, ал ең алғашқы менеджер-практиктердің бірі General Motors-тан Альфред Слоун Генри Фордты бетпе-бет айқаста да отырғызды.

Фордтың адам нанғысыз табысы 1927 жылы Форд-менеджердің күйреуге ұшырауымен аяқталды. Осы уақытқа дейін Форд ештеме өзгертпеген. Ол өзінің табысына және дұрыстығына сенгені соншалық, табысты өндірісті ұйымдастыру процесі басқару сатысына өткенін, заман өзгергенін байқамады. Форд бірде: «Гимнастика – мүлде теріс нәрсе. Сау адамдарға керегі жоқ, ал сырқаттарға ем болмайды» деген. Оның менеджментке деген қарым-қатынасы да дәл осындай болды. Ең басты нәрсе – ол өнім. Егер ол жақсы болса, пайда әкеледі, ал егер жаман болса, қандай ақша салсаң да, қалай басқарсаң да, табысқа кенелмейсің. Басқару өнерін Фордтың жаны жаратпады. Ол көп уақытын кеңседе емес, цехта өткізетін еді. Қаржы құжаттары оның ашуын келтіретін. Ол банкирлерді жек көретін, тек қолма-қол ақшаны мойындайтын. Қаржы мамандарын ол алыпсатарлар, ұрылар, залал келтірушілер, тіпті, қанаушылар дейтін, ал акционерлерді арамтамақтар деп атайтын.

Оның тартысы. Бәсекелестер тынышсыздана бастады. 1908 жылы арзан автокөлік жасап шығару туралы Фордтың мәлімдемелерінен қорыққан Детройт автоөндірушілер ассоциациясы бағаны және өндіріс көлемін бақылап отыру үшін Фордты өздеріне кіргізуге тырысты. Олар нарық автокөлік өткізу үшін шектеулі, сондықтан істі монополияландыру керек деген ұйғарымдардан шықты. 1909 жылы 15 қыркүйекте Форд заңға сәйкес негізде сот ісінде ұтылады: Зельден есімді адам 1879 жылы Форд автокөлігіне еш қатысы жоқ «жүретін арбаны» патенттегенін айтады. Дегенмен, автоөндірушілер синдикаты осы патентке сүйене отырып, барлық америкалық автокөліктерді өз билігіне алғысы келді. Сот ісінен кейін Фордтың қарсыластары Форд автокөліктерін сатып алу қылмыс және сатып алғандар тұтқынға алынады деген қауесет таратады.   

Фордтың ереуілге-қарулы қадамы жеңіске деген сенімді нығайта түсті. Ол барлық белді газеттерге: «Біздің қарсыластардың жүзеге асырып жатқан насихатының әсерінен қандай да бір күман туындайтын сатып алушылардың құлағына шеру: біз әрбір жеке сатып алушыға ерекше қор кепілдік беретін құны 12 миллион долларды құрайтын облигация беруге дайынбыз, сондықтан әрбір сатып алушы біздің өндірісті қолына түсіріп, монополия орнатуға ұмтылған адамдар дайындаған қандай да бір болжанбаған кездейсоқтықтан қамтамасыз етіледі. Аталған облигацияны сіз талабыңыз бойынша ала аласыз. Сондықтан біздің қарсыластарымыздың құрметті компаниясы жайып жатқан қауесеттерге сәйкес сапасы төмен заттарды тым жоғары бағаға сатып алуға келіспеңіздер» деп хабарландыру жариялады.

Мұнан артық жарнаманың да қажеті жоқ еді. Фордтың танымалдылығына осы процестен артық ештеңе сеп болмады. Бір жыл ішінде Форд он сегіз мыңнан артық көлік сатты, олардың тек 50 сатып алушысы ғана облигация талап етті. Ассоциацияға қарсы сот ісінде жеңіліс тапқанымен, тұтынушылардың сеніміне ие болды. 1911 жылы болған жаңа сот істі Фордтың пайдасына шешті. «Бәсекелестермен тартысқа кеткен уақыт – текке кеткен уақыт; асылы оны жұмысқа арнағаның»,-деді Форд. Ол әр жыл сайын «қаңылтыр» бағасын арзандата берді және 1927 жылы зауыттан 19 жыл ішінде Генри Фордтың қағидалары секілді өзгермеген он бес миллион тұратын «Форд-Т» автокөлігімен салтанатты түрде шығады.  

Кадрлық саясат. Форд жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда «білікті тұлғаларды» алуға үзілді-кесілді қарсы болды. Оны осы себепті білімсіздігі үшін айыптайтын. Бір жолы Генри Форд «надан» деген сөзі үшін чикаголық газетке ренжіп, сотқа береді. Газет қорғаушысы сотта оның надандығын көрсеткісі келіп, оған сұрақ қояды: «1776 жылы көтерілісті тоқтату үшін Америкаға Британия қанша әскер жіберді?»,Форд еш саспастан: «Қанша әскер жібергенін білмеймін, бірақ үйлеріне аман қайтқандар әлдеқайда аз екеніне сенімдімін». Артынан қорғаушыға саусағымен нұқып тұрып: «Егер менің шынымен сіздердің орынсыз сұрақтарыңызға жауап беруім керек болса, мен кабинетімдегі қажетті түймені басып қалған сәтте, менің әмірім бойынша дайын жауаптары бар мамандар шыға келетін еді. Неге мен кез-келген сұраққа жауап бере алатынымды дәлелдеу үшін ақымақ ойлармен басымды қатыруым керек?»

Әйтсе де өзі жұмысқа ешқашан маманды алмайтынын мәлімдеді. «Егер мен қиянатшыл амалдармен бәсекелестерімнің көзін жойғым келсе мен оларға мамандар тобын ұсынатын едім. Бірталай жақсы кеңестер алғаннан кейін менің бәсекелестерім жұмысқа кірісе алмас еді!, - деп Форд кекесінмен мәлімдеді де, өзін «эксперт» ретінде жоғары санағандардың барлығын аяусыз жұмыстан шығарды. Тек бір нәрсені өз қолымен істеген адам ғана Фордтың құрметтеуіне тұрарлық еді. Ол әркім жұмыс баспалдағының төменгі сатысынан бастауы керек деп санады. Жаңа қызметкерлердің бұрынғы тәжірибесі мен өткені есепке алынған жоқ. «Біз ешқашан бізден жұмыс іздеген адамның өткені туралы сұрамаймыз, - біз оның өткенін емес, адамды қабылдаймыз ғой. Егер ол түрмеде отырған болса, оның қайтадан соған түсетінін болжаудың негізі жоқ. Мен, керісінше егер оған мүмкіндік берсе, ол қайтадан соған түспеу үшін ерекше талпынады деп ойлаймын. Сондықтан біздің қызметкерлер бюросы ешкімнен оның бұрынғы өмірі негізінде бас тартпайды – мейлі ол Гарвардтан немесе Синг-Синг түрмесінен шықсын, - бізге бәрібір; біз тіпті бұл туралы сұрамаймыз да. Оның тек жұмыс істеуге деген ниеті болуы керек. Егер бұл болмаса, ол біздегі орынға жетуге құлшынбауы ықтимал немесе Фордта іспен айналысатыны жалпы жақсы белгілі».

Форд, өзінің фабрикасында әркім ең соңында өз ісіне лайықты орын алады, толқын қабілетті адамды шындығында өзіне лайықты жерге алып шығады деп болжады. «Ол үшін «бос» посттар жоқ деген нәрсе кедергі бола алмайды, себебі бізде ешқандай «посттар» жоқ, - деп жазады Форд. – Біздің үздік жұмысшыларымыз өздеріне өздері орын жасайды. Тағайындау ешбір формальдыққа байланысты емес; берілген тұлға бірден жаңа іс үстінде болып шығады және жаңа марапаттау алады". Фабрика басшысы машинистен бастады. Ірі кәсіпорын директоры Ривер-Руже үлгілер дайындаушы болып қабылданды. Маңызды бөлімнің бірінің басшысы қоқыс жинаушыдан бастаған. Бәрінен бұрын жас Фордты автомобильдер қызықтырған. Ол кез келген адамның қолы жетерлік машинаны конструкциялау идеясына ынтық болды, бірақ сол кездегі автомобильдер өндірісі технологиялары тым еңбек көлемді болды және көп уақыт шығындарын талап етті. «Мен барлығына арналған машина  жасаймын – оны ең жақсы материалдардан ең үздік мамандар ең қол жетімді сызба бойынша жасайды; оның құны, ақша табатын әрбір адам бала-шағасының қуанышына және Алланың қалауымен ала алатындай арзан болады» – деп шешті жас Форд, сөйтіп жұмысқа кірісті. 

Оның алғашқы өнертабыстары сәтсіз болды. 1893 жылы жасалған «Фордомобиль» атсыз арбаға ұқсады және тұрғындардың түсінбестігін туғызды. Ал өзінің алғашқы қозғалтқышын құруға Форд бірнеше ай жұмсады.

Адамдардың көбісі осы тырысушылықты бос әуре деп санады, ал Детройт тұрғындары бұл арынды жігітті «Бегли-стриттегі әңгі» деп атап кетті, алайда Форд автомобильдің жаңа модельдерін жасап, берілемін деп ойлаған да емес.

1893 жылы жоғарыда айтылған квадроциклды жасап, Генри Форд ешбір сатып алушыны таба алмады – адамдарға өздері білмейтін заттың тіпті қажеті жоқ! Өз тумасына отырып, барлық мүмкін болатын алармандарды айналып өтуден басқа Генридің амалы қалмады. Алайда өз еңбегі үшін мазақтан басқа ол ештеңе көрмеді, бірақ сонда да берілген жоқ.

Жетістіктері. Өндіріс шығындарын төмендету жолын іздеуде Форд, жұмысшының жұмыстан гөрі материал мен аспаптарды іздеуге және жеткізуге көп уақыт кетіретініне назар аударды. Жұмысшының цех бойынша қыдырысына ақша төлегісі келген жоқ. "Егер он екі мың қызметкердің әрқайсысы он қадамын үнемдейтін болса, онда кеңістік пен күшті үнемдеу елу миль болады", - деп есептеген Форд керісінше емес, жұмысты жұмысшыларға жеткізу керек екенін түсінді. Ол екі принципті қалыптастырды: жұмысшыны ешқашан бір қадамнан артық жасамауға және жұмыс кезінде өзіне ешқашан алға немесе жан-жағына еңкеюге жол бермеуге мәжбүрлеу. 1913 жылы 1 сәуірден бастап Форд конвейерді қосты. Бұрандаманы енгізетін жұмысшы бір мезгілде сомынды бұрамайтын; сомынды қойған адам оны қатты бұрамайтын. Жұмысшылардың ешқайсысы ештеме көтерген жоқ және тасымалдаған жоқ. Адам айтқысыз құны бар қолдан құрастырылған 26 көлік жасап, Генри Форд басқа бір жолды іздеу керектігін түсінді. Құрылысы барынша қарапайым автомобиль жасап, ол, әйтсе де, бағасын түсіре алмады, өйткені оның көп бөлігін жоғары білікті мамандардың жалақысы және әрбір көлікке арналған жеке бөлшектердің бағасы құрады. Ең алдымен Форд көліктің барлық компоненттерін стандарттауды ұйғарды, бұл қажетті бөлшектерді өзіне жасап, оларды іздеп табу мен іріктеуге жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Ал егер жұмысшылар тобы автомобильді толығымен құрастырмай, тек нақты бір кезеңді орындаумен айналысса ше? Осылайша, өз кезеңінде еңбекті талдап тексеруді және өнімнің жұмыскерден жұмыскерге қозғалысын ашқан Фредерик Тейлор мен Густав Свифттің тәжірибесіне бейімделіп, Форд әлемде алғашқы болып коммерциялық өндіріске конвейер енгізеді. Арқандармен байланған автомобиль шассиларынының қатары бір бөлмеден екіншісіне, бір жұмыскерден екінші жұмыскерге жылжиды, олардың әрқайсысы кезекті бөлшекті бекітіп, көп кешікпей Ford Т – алғашқы арзан автомобиль жарыққа шығады.

 1914 жылы 12 қаңтарда Форд күніне 5 доллар минимум еңбекақы өлшемін бекітеді (сала бойынша орташадан екі есе көп) және жұмыс күнін сегіз сағатқа дейін қысқартады. "Әрбір жұмыс берушінің адалдық сүйгіштігі өзінің барлық бәсекелестеріне қарағанда жоғары мөлшерлеме төлеумен, ал жұмысшылардың талпынысы – осы адалдық сүйгіштікті жүзеге асыруды практикалық түрде жеңілдетумен шектелген болар еді", - деп Форд өз шешімін негіздеді. Бір мезгілде ол мүгедектер еңбегін пайдалану саясатын жүргізеді, сау адамдарға қанша төлесе, оларға сонша төлейді. Мұның пайдасы басқада болды: конвейерлік жұмыстың бір қалыптылығына мүгедектер жақсы даярланған болды, себебі ешбір біліктілік талап етілген жоқ. Сонымен соқыр адам филиалдарға жөнелтуге арналған бұрамалар мен сомындарды санау үшін қоймаға қойылды. Екі сау адам сол жұмыспен айналысты. Екі күннен кейін шеберхана бастығы екі сау адамға басқа жұмысты белгілеуді сұрады, себебі соқыр адам өзінің жұмысымен қатар басқа екі адамның міндетін атқаруға шамасы келетін болды. 

Форд пайда үш топқа тиесілі деп санады: біріншіден – оны тұрақтылық, даму және сау күйінде ұстау үшін кәсіпорынға; екіншіден – жұмысшыға, солардың көмегімен пайда жасалады; үшіншіден, белгілі дәрежеге дейін, - сондай-ақ қоғамға да. Гүлденген кәсіпорын барлық үш қатысушыға – ұйымдастырушыға, өндірушілерге және сатып алушыға пайда түсіреді. Фордтың пікірінше, басшының жауапкершілігі, оған бағынышты персонал өзіне едәуір тіршілік жағдайын жасау мүмкіндігі болуына, басқаша айтқанда, Форд автомобилін сатып алу мүмкіндігі болуына қамқорлық жасаумен шектеледі. Бұл көк жағалылар класын қалыптастыруға бірінші қадам болды.   

"Өнімді нашарлатудан сақтаныңыздар, жалақыны төмендетуден және көпшілікті тонаудан сақтаныңыздар. Өзіңіздің жұмыс әдісіңізге көбірек ми керек – ми, тағы да ми керек!  Бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеңіздер, тек осындай жолмен ғана бүкіл ел үшін көмек көрсетуге болады. Бұған әрқашан қол жеткізуге болады", - деп үндеді Форд. Оның өтініштеріне сенімсіз қарады, алайда олар тек жарнама трюктері болған жоқ. Бір жылы пайданың күткен нәтижеден асқаны соншалық, - Форд әрбір автомобиль сатып алушыға өз еркімен 50 доллардан қайтарды: "Біз осы соманы өз сатып алушыларымыздан еріксіз алғандай сезіндік".

Қаржы. Фордтың осы саясатының салдары акционерлермен жанжалы болып шықты. "Егер мен жалақыны қысқарту мен дивиденттерді жою арасынан таңдауға мәжбүр болсам, мен кідірместен дивиденттерді жойған болар едім" – осындай сентенциялар компаньондардан жақсы пікір таба алмады. Форд барлық тапқан ақшасын өндіріске салды. Кәсіпорын байи бастады және Додж ағайындылар басқарған акционерлер дивиденттер алуға үміттенді. Олардың өндірісті бір- жалғыз модельмен шектеу мүмкін екені ойына келмеді. Форд оларды жеркенішті түрде «әйелдер сәнін жасаушылармен» салыстырды: "Ғажап, алғыр іс, тауардың ұдайы өтімі сатып алушының сеніміне біржола енуге емес, алдымен оны затты сатып алуға ақша жұмсауға, сосын оны осы заттың орнына жаңасын сатып алуға көндіруге тәуелді деген сенім соншалық терең тамырланған".

Форд принципі басқа болды: автомобильдің әрбір бөлігін егер қажет болса, біршама жаңа заманғымен ауыстыруға болатындай ауыстырмалы болуы керек. Сапасы жақсы машина жақсы сағат сияқты ұзақ мерзімді болуы керек. Форд автомобилі біркелкі болса да, есесіне сенімді болды. Акционерлер бүлік шығарды. Генри Форд, олардың қырағылығын басу үшін, отставкаға кетті де, басқаруды өзінің ұлы Эдселге тапсырды. Сол кезде өзі акциялар сатып ала бастады және жақын арада өзінің қолындағы 51 %-ға қалған 49 %-ды қосты. Соншалық акционерлер қалған жоқ. Дивиденд төлейтін ешкім болған жоқ. Қаржыны басқаруға Форд Эдселді қойды да, өзі өндірісті жеке басы басқаруды жалғастырды. Саясаты өзгеріссіз қалды: автомобильдің аз санын көп пайдамен сатқаннан гөрі көп санын аз пайдамен сатқан артық.

Фордқа қалай 60 млн доллар дерлік сомаға акция сатып алу мүмкін болды? Ол кәсіпорында аз ақша жұмсаудың – айналымды жеделдету арқылы  жаңа тәсілін ашты. 1 қаңтарда оның қолында қолданыста 20 млн доллар болды (Форд тек қолдағы ақшаны ғана мойындайтынын еске түсіріңдер), ал 1 сәуірде - 87 млн доллар, акция үшін қарызын өтеуге қажетті болған сомадан 27 млн-ға көп.  Ол өндіріске қатысы жоқ барлық мүлігін сатып жібереді, - 24 700 000 доллар алады, тағы 3 млн шетелдік өндіріс үшін көмекке береді. Тасымалдауға аз төлеу үшін темір жолды сатып алады – ұтыс 28 млн құрайды. Әскери қарыздарды және қосалқы өнімдерді сату 11 600 000 әкелді. Қорытындысында - 87 300 000.

"Егер біз қарызды қабылдаған болсақ, - деп жазады Форд, - біздің өндіріс әдісін арзандатуға ұмтылысымыз жүзеге аспаған болар еді. Егер біз ақшаны, комиссиялық ақшамен және т.б. қоса 6 %-бен алған болсақ, онда көп төлеуге тура келер еді, онда жыл сайын 500 000 автомобиль өндірісі кезінде бір пайыздың өзі бір автомобильдің қосымша құнына  4 долларды құраған болар еді. Бір сөзбен айтқанда, біз үздік өндіріс орнына тек салмақты қарыз алған болар едік. Біздің автомобильдеріміз, қазіргіге қарағанда шамамен 100 долларға қымбат түсер еді, сонымен қатар біздің өндірісіміз қысқарған болар еді, себебі сатып алушылар шеңбері де қысқарар еді".

Форд бойынша басқару. 1920 жылы, автомобиль жасауға қатысы жоқ барлық нәрсені сатып, Форд фабрикаға қайта құру жүргізді. Басқару ғимаратындағы «жалқауларды» цехтарға ауыстырды.  "Басқару үшін үлкен ғимарат кейде қажет болса да, бірақ оны көрген кезде мұнда әкімшілік көп деген күмән туады", - деп мәлімдеді ол осы кезде. Білдекке қайтаруға келіспейтін барлық қызметкерлер жұмыстан босатылды. Бөлім арасындағы ішкі телефондар сөндірілген. Форд ұран ойлап шығарды: "Іскерлік өмірде әкімшілік рухтың аздығы және әкімшілікте іскерлік рухтың көптігі қажет". Бұл төменгі менеджерлердің жұмысы тіркеуге алып келгенін, кәсіпорында ұйымдастыру сұлбалары және бөлімдер арасында горизонталь байланыстар болмағанын, өндірістік отырыстар жойылғанын, ешқандай «артық құжат» жүргізілмегенін, наряд журналы алып тасталғанын білдірді. Статистикамен автомобиль жасамайтынын мақтанышпен мәлімдеген Форд статистиканы қысқартты.  

Менеджментке таза пайдакүнемдік тәсіл "фордизм" атауын алды. Құрғақ сөз болмас үшін, негізін қалаушының сөзінен үзінді келтірейік: "Адамдардың көп саны кезінде күресуге тура келетін зор қиындықтар мен зұлымдық шектен тыс ұйымдастырумен және осыдан шығатын былықпен шектеледі. Менің пікірімше, ұйымдастыру кемеңгері деген міндеттен артық қауіп жоқ. Ол керемет сұлбаларды жасауды жақсы көрмейді, олар генеалогиялық ағашқа ұқсас биліктің соңғы элементтеріне дейін тармақталуы болып табылады. Ағаштың барлық діңгегіне тұлғалардың немесе лауазымдардың атауын алған әдемі дөңгелек жидектер ілінген. Әрқайсысының өз жидегінің көлемі мен сферасы қатаң шектелген өз титулы және белгілі функциялары болады. Егер жұмысшылар бригадасының бастығы өз директорына жолыққысы келсе, онда оның жолы шеберхананың кіші бастығы, шеберхананың аға бастығы, бөлімше меңгерушісі арқылы және директордың барлық көмекшілері арқылы өтеді. Ол өзінің айтқысы келгенін керекті адамға жеткізгенше, бұл тарихқа шегінуі ықтимал. Қызметкердің қағазы ұлы әкімшілік ағаш бұрышындағы төменгі сол жақ жидектен бақылау кеңесінің төрағасына немесе директорына жеткенше алты апта өтеді. Ол әлеуетті тұлғаға қуанышпен жеткен кезде оның көлемі, тасқын сияқты сыни пікірлер, ұсыныстар мен комментарийлердің тұтас үйіндісі болып ұлғаяды. Істің орындалу моменті өтіп кетпей тұрып, оның ресми бекітуге дейін жетуі сирек кездеседі. Қағаздар қолдан-қолға саяхаттайды және әрқайсысы, «бір ақыл жақсы, екеуі одан да артық» деген қолайлы принципті басшылыққа алып жауапкершілікті басқасына аударуға тырысады", - деп жазды Форд өзінің «Менің өмірім, менің жетістерім» деген кітабында.

Ол кәсіпорынды "міндеті – хаттармен алмасу емес, жұмыс істеу болатын адамдардың жұмыс үстінде қарым-қатынасы" ретінде көрді. Бір бөлімге басқасында не болып жатқанын білудің мүлдем қажеті жоқ. Өз компаниясында ол төменгі буындағы менеджерлерді ғана қалдырды, олар өздерінің бөлімдері өндірген өнім үшін есеп берді.  Ешқандай жиналыс та, мәжіліс те жүргізілген жоқ: Форд оларды мүлдем артық деп санады. Тым күрделі ұйымдастыру құрылымы, Фордтың пікірі бойынша, кім не үшін жауап беретінін түсінбеуіне алып келді. Әрқайсысы өзіне сеніп тапсырылған кішкене учаскеге жауапты болуы тиіс – яғни басқаруды ұйымдастыру конвейерін пайдаланды. Ол кіші басшыларды  араластырды, олар кінәларын бір-біріне жаппас үшін мұқият бақылады. Жұмыста адамдар жолдасының қатесін жасыра бастайды деп қорқып, достық қатынастарды да мадақтамады.

"Біз жұмыс істеген кезде іске байыппен қарауымыз керек; көңіл көтерген кезде барынша ойнап-күлу керек. Бірімен бірін араластыру мағынасыз. Әркім өзіне – жұмысты жақсы атқарып, сол үшін жақсы сыйлық алу мақсатын қоюы керек. Жұмыс аяқталған кезде көңіл көтеруге болады. Сондықтан фордтық фабрикалар мен кәсіпорындар ешбір ұйымды, ешқандай әзірленген әкімшілік жүйесін білмейді, титулдар өте аз және ешқандай конференциялар болмайды. Біздің бюрода сөзсіз түрде қанша қажет болса, дәл сонша қызметкер бар, қандай да болмасын құжаттар мүлдем жоқ, осыған орай былық та жоқ. Біз әрқайсысына тұтастай барлық жауапкершілікті жүктейміз. Кез келген жұмысшының өз жұмысы бар. Бригада басшысы - өзіне бағынышты жұмысшыларға, шеберхана бастығы – өзінің шеберханасына, бөлімше меңгерушісі – өз бөлімшесіне, директор өз фабрикасына жауап береді. Әрқайсысы өзінің айналасында не болып жатқанын білуге міндетті. Фабрика көптеген жылдар бойы бір жалғыз басшыға бағынады. Бізде титул да, қызметтік уәкілеттік те жоқ болғандықтан, ешқандай былық та, ешқандай билікті аса пайдалану да жоқ. Әрбір қызметкердің барлығына қолы жетерлік; бұл жүйенің әдетке айналғаны соншалық, - шеберхана бастығы өз жұмысшыларының бірі оны аттап, тікелей фабрика басшысына жолығатын болса, өзін қорлаған деп санамайды. Шындығында жұмысшының арыздану себебі сирек болады, себебі шеберхана бастықтары кез келген әділетсіздік тез арада шығатынын, сонда олар бастық болуын тоқтататынын өзінің бес саусағындай тамаша біледі. Егер адамның жоғары посттан басы айналса, онда бұл байқалады, сосын оны немесе шығарып жібереді немесе білдекке қайтарады. Жұмыс, тек бір ғана жұмыс біздің ұстазымыз және басшымыз болып табылады. Титулдар таң қаларлық әсер етеді. Олар жұмыстан босату жазбасы ретінде тым жиі қызмет етеді. Көбінесе титул «Оның иегері өзінің жоғары маңызы мен қалған адамдардың бейшаралығын бағалаудан басқа ештемемен айналысуға міндетті емес» атты ұранмен озаттық белгісі болып табылады.

Шарықтауы мен құлдырауы. Осылайша Генри Форд бар әлемге автомобиль сыйлады, бірақ әңгіме бұнымен аяқталмайды. Жылдан жылға тек бір ғана модельді шығарып, Форд оны барынша арзан қылуға бар күшін салды. Модельді жаңарту, оның сыртқы түрін және техникалық параметрлерін жақсарту, ақыр соңында базарда қандай да болсын бір әртүрлілік жасау туралы серіктестерінің барлық ұсыныстарын ол ақымақтық деп атады.

Әңгіме мынада, өзінің аңқаулығының кесірінен кәсіпкер автомобильді сәндік ретінде емес, қозғалыс құралы ретінде қабылдады. Адамдардың кейбірі онымен келісе алмады. Сайып келгенде, бұған дейін табысқа жеткізген шексіз қырсықтық пен ымырасыздық Фордты күйреуге ұшырата жаздады.

Зелигман банкирдің, ал кейінірек Дюпандар оқ-дәрі магнаттарының бақылауында болған General Motors, әлемде өз орнын жаулай бастады. Сатып алушыларға тек қара болса болғаны, кез-келген түстегі автомобильді ұсынған Фордтан ерекше, GM компаниясы әрбір адам аз да болса, өзгеше бір модельдегі көлікті қалайды деп санады. Кішігірім жеке опциондарды едәуір ақшаға сату идеясы табысты болып шықты. Сонымен қатар General Motors басқа автомобиль өндірушілерден бұрын Фордтың ең негізгі басымдылығын – төмен бағаларды түсіріп тастап, өз машиналарын несиеге сата бастады.

1927 жылы ең қолжетімді автомобильдің сатылымы кенет азайып қалды. Генри Фордқа толық ойсырап қалу қаупі төнді. Бірақ өнеркәсіп алыбының құлауынан қуанышқа бөлену үшін жиналғандарды таң қалдырып, ондай ештеңе болған жоқ. Өндірісті бір жылға уақытша тоқтатып, жұмыскерлердің көбісін жұмыстан босатып, қажымайтын өнертапқыш 1928 жылы барлық сол кездегі автомобильдерден бірнеше есе артық Ford А моделін әлемге сыйлады.

Әрқашан жақсы болуды қалау. Форд нақыл сөздермен қамшылайтын ("Сәтсіздік – тек одан гөрі ақылдырақ қайтадан бастау мүмкіндігі", "Ұтылғандардан гөрі берілген адамдар көп") қатал қожайын болды, бірақ өз жұмысшыларын шынайы жақсы көрді және оларға қамқорлық жасады. Ол мектеп, аурухана ашты, ұжымдық сейіл мен түскі ас дәстүрін енгізді. Ол қатал, бірақ өзінің шалағайларының бастарына ескі ақиқатты құятын әділ әке болды. Егер бұл оның билігінде болса, "Форд-Т" әрқашан шығарылған болар еді. Оны 1927 жылы алмастыруға тура келген кезде ол өндірісті алты айға жапты. Бірақ тым кеш болды: америкалық автомобиль жасау көшбасшысы түрлі маркаларды шығаруға қайта бағдарлануды және сатып алушыға «кез келген мақсат үшін және кез келген әмиян үшін» автомобиль ассортиментін ұсынуды ойластырған General Motors болды.

Өз принциптерінің күйреуін Форд өте қатты уайымдады. Финансистерге деген жеккөрушілік антисемиттік запыранмен атқылады (Форд кейін өкінді), кампания төменге құлдырады: GM ғана емес, сондай-ақ Chrysler Corp. Сұранысты зерделеді, кредитке сатты (қолдағы ақшамен ғана емес), табыспен дамыды, ал Форд әлі өзінің бір кездегі таң қаларлық принциптерінен таймады. Егер ол генерал болса, штабтағыларды алдыңғы шепке жіберер еді, оларға батыр старшинаны қояр еді. Фордтың солдаттары бастан-аяқ киінген, тамақтары тоқ болар еді, танк  сауытының қалыңдығын ол өзі тексерер еді, офицерлік атақтар алып тасталар еді.  Ұрыс алдында ол "Форд-Т"-мен әскер алдына шығып оларды шабуылға ертер еді.

Не қалды:конвейер, көк жағалылар, дилерлер жүйесі және сатып алушыларға кепілдіктер? Осы ғана емес: "Биг Мактан" бастап бір реттік қаламға дейін кез келген массалы өнімнің ортақ тегі бар - автомобиль "Форд-Т". Оның немересі Генри Форд-II атасы қайтыс болғаннан кейін АҚШ болашақ қорғаныс министрі Роберт Макнамара бастаған білімді менеджерлердің құтқару командасын жұмысқа алды. Генри Форд принциптері түзетілді. "Ford-T" моделі ғасыр автомобилі деп аталды. Жаңа "Ford Focus"1999 жылдың үздік автомобилі деп танылды. "Ford Focus" жарнама кампаниясы құрастырған: "Әрқашан жақсырақ болуды қалау". Шындығында компанияның негізін қалаушының өзінде бұл туралы мүлдем басқа түсінік болған. Бірақ осы қазымыр сараң және ақылсыз диктатор деп аталған  Генри Форд соншалық қарапайым болды ма? Форд империясының бүгінгі гүлдену негізін сол қалады емес пе?

Форд өз кәсіпорындарында бірінші болып жалақының минимум деңгейін және 8 сағаттық жұмыс күнін бекітті. Алайда еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға келе отырып, Форд тек өзінің бастамасы бойынша ғана жасауды жөн көрді. Осы бойынша одан әрі ол кәсіподақ қысымын мүлдем елемеді, бұл ақыр соңында 1937-1941 жж. олармен ұзақ жанжалға алып келді. Оның зауыттарында 60 адам штаты бар социологиялық қызмет құрылды, бұл сол уақыттың ірі жаңашылы болды.

Форд мүлде диетаға және салауатты өмір салтына берілген болды, Америка мәдениетінің тарихымен айналысты, филантропияны да бөтенсіген жоқ. Алайда оның қоғамдық қызметі – белсенді антиеврейлік сөз сөйлеуі, бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында әлемдік круиз, сенатор болу әрекеті – көбінесе жанжалды сипат алды. 

Жеке басының дарындылығына сенген Форд жұмсақтығын және жаңашылдық сезімін жоғалта бастады. 30 жылдары тұтынушылық сұраныста маңызды өзгерістер болған, ал өзінің бұрынғы тұжырымдамасына берілген Форд оларды ескермеді. Нәтижесінде автомобиль жасауда жетекші ұстанымдар нәтижесінде басқа “Дженерал моторз” ірі кампаниясына жол беруге тура келді. 

1945 жылы қыркүйекте Форд компанияны (бұған дейін өзінің жалғыз ұлы Эдсельге формальды түрде тиесілі болған) басқару билігін өзінің немересі ІІ Генри Фордқа тапсырып, істен бас тартады. 2 жыл өткен соң – 1947 жылы 7 сәуірде 83 жасында Форд дүниеден өтеді.

...