+7 дауыс
501 көрілді
Қай футболшы қай клубтан қай клубқа ауысты?

11 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап

Ван Нистелрой "Малага" клубына ауысты.

Коентрау "Реалға" келді. (22 млн. еуро)

"Барселона" Джузеппе Россимен сөйлесіп жатыр...

"Арсенал" мен "Рома" Гаэль Клиши мен Жереми Менезді алмастыру мүмкін...

Самир Насри өз жалақысының Фабрегастыкінен аздығын сылтау етіп "Арсеналдан" кету мүмкін. Дәлірек айтсақ, Скоулздың орнына.

"Вулверхэмптонға" жалға алынып, 2010-11 маусымын сонда өткізген "челсилік" Майкл Мансьенн "Гамбургке" ауысты.

"Дженоалық" Рафинья мюнхендік "Бавариямен" үш жылдық келісім-шарт жасасты.

Сондай-ақ "Бавария" Германия ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Мануэль Нойерді де өз құрамасына алып үлгерді.

Немістердің "Байері" мен "Бавариясы" "Наполидің" ойыншысы болып табылатын  Артуро Видаль үшін талас жүргізіп жатыр.

Соңғы кездері "Баварияның" негізгі құрамына іліне бермейтін Мирослав Клозе "Лациоға" ауысқысы келетінін айтты.

Жақын арада Лукас Подольскидің "Ромаға" ауысуы ғажап емес. Германия ұлттық құрамасының ойыншысына "Арсенал", "Ювентус", "Зенит" клубтары да өз қызығушылықтарын білдірді.

Агуэро "Реалға" барғысы келетінін ашық айтса да, Марадонаның күйеу баласы үшін "Бавария" "Атлетикоға" ұсыныс тастап көрмекші.

"Сантостық" Неймар мен лондондық "Челси" бір-біріне қызығатындарын әуелден-ақ айтып жүр. Алайда арадағы шешім Абрамовичтің ақшасына байланысты сияқты.

"Бенфиканың" белді ойыншысы Оскар Кардосоның киевтік "Динамоға" келетіні туралы сыбыс бар.

Францияның биылғы жеңімпазы Йоан Кабай ағылшындық "Ньюкаслға" ауыспақшы.

"Марсель" бір мықтысынан ажырап қалмақшы. Габриэль Хайнце биыл клубтан кететіні туралы айтқан. Бірақ қайда екені әзірге белгісіз...

+4 дауыс
Хамит Алтынтоп пен Нури Шахин Реал Мадрид клубына , Клозе Лациоға ауысты. Басқа қандай трансферлер бар?
+5 дауыс
Спрартактың Алексі Коринтиансқа өтті, Дудек Реалдан кетті оның карьерасын бітіре ма әлде басқа клубқа ауысады ма белгісіз
+5 дауыс
Дрогба Челсиден Марсельге өтуі мүмкін...
+4 дауыс
1.Жамбыл Көкеев Реал Мурсия сапына жазда ауысады.

2. Месси Шілдеде Реал - Мадрид сапына ауысады. Себебі: Моуриньо Фифа президент мен Аргентина бапкеріне 200 миллион евро ұсынып отыр.

3. Криштиану Роналду Манчестер Сити - ға ауысайын деп жатыр. МС бапкері Роналдуды ала алмағанына 5 жарым жыл болыпты. Қайта-қайта ақшасын құртып ала алмай қалыпты. Енді міне алып отыр. Оны жақында МС шақырады.

ахахахахаха мынауың  трансфер емес ертегі ғойsmiley

+3 дауыс
Реал Мадрид:Нури Шахин,Фабио Коентрау,Хамит Алтынтоп,Хосе Кальехон,Рафаель Варан сатып алды.
+3 дауыс
АРСЕНАЛ:Карл Дженкинсон,Жервиньо сатып алды
МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД:Фил Джон,Эшли Янг,Давид Де Хеа    сатып алды
МАНЧЕСТЕР СИТИ:Гаэль Клиши,Стефан Савич,Серхио Агуэро,Костел Пантилимон,Эммануэль Адебайор сатып алды
ЛИВЕРПУЛЬ:Джордан Хендерсон,Чарли Адам,Филипп Деген,Дони,Стюарт Даунинг,Хосе Энрике сатып алды
РЕАЛ МАДРИД:Хамит Алтынтоп,Нури Шахин,Фабиу Коэнтрау,Рафаэль Варан,Хосе Кальехон сатып алды
МАЛАГА:Рууд Ван Нистелрой    ,Йорис Матейсен,Хоакин,Иско,Санти Касорла,Начо Монреаль,Серхио Санчес,Диего Буонанотте,Жереми Тулалан сатып алды
БАВАРИЯ:Мануэль Нойер,Марсио Рафинья,Нильс Петерсен,Давид Алаба,Такаси Усами,Жером Боатенг сатып алды
ШАЛЬКЕ 04:Льюис Холтби,Ян Моравек,Карлос Самбрано,Джермейн Джонс,Ральф Фарманн,Марко Хегер,Кристиан Фухс,Чиприан Марика сатып алды
0 дауыс
польшалық  роберт  левандовский  манчестер юнайтедке ауысады
0 дауыс
польшалық  роберт  левандовский  манчестер юнайтедке ауысады   дейді
0 дауыс
жапондық  синдзи кагава  сер алекс фюргусонның  қол астына  өтті
0 дауыс
кака  игуайн  нұрбол жұмасқалиев  халк  фалькао   роббен снейдер  секілді  футболшыларды   мю  мс   реал  мадрид    ювентус  арсенал  сияқты    футбол    клубтар   қызығушылық   білдіруде

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
Белгісіз 27.11.2011 Футбол сұрақ қойды
+2 дауыс
18 жауап
...