+2 дауыс
137k көрілді
Өз ұстанымыңыз бар ма? Бар болса сол қағидадан тайып кеткен кезіңіз болды ма? Не үшін бас тартар едіңіз?

10 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің өмірлік 7 ұстанымым:
1.Не болса соған сене берме,қолыңда бардың қадірін біл,уақытыңды құр бекерге жіберме!
(Не верь всему, что ты слышишь, не трать все, что у тебя есть и не спи столько, сколько тебе хочется)
2.Адамдар сенен көмек сұраса,қол ұшын созудан бас тартпа!
(Давай людям больше, чем они ожидают и делай это с радостью)
3.Өмірдің әр сәтінен сабақ ал!
(Когда ты что-то теряешь, прими это как урок)
4.Болмашы өтіріктің немесе ұрыстың үлкен достықты бұзуына жол берме!
(Не позволяй маленькой ссоре разрушить большую дружбу)
5.Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте,өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл!
(Помни о трех китах: уважай себя, уважай других и отвечай за свои поступки)
6.Өміріңді адал және өзіңе лайықты етіп сүргейсің! Ертеңгі күні қартайғаныңда өткеніңнен рахат алатындай бол!
(Живи честно и достойно. Когда ты состаришься и оглянешься назад, ты получишь истинное удовольствие от прожитых лет)
7.Жүрекке жол таба біл...
(Научись читать между строк)
Егер расымен ұстанымыңыз осындай болып, сол жолдан ауытқамасаңыз, үлкен адам боласыз!
ИншАлла лайым солай болғай!
+2 дауыс
Менің өмірлік ұстанымым "Оқыған бала жерде қалмайды".Сіздін ше
Сенбе жұрт тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
(Абай)
+1 дауыс
Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ.
Әрине әр адамның өз ұстанымы болады .Менің өмірлік ұстанымым  "Жүзігің алтын болғанша, жүзің жарқын болсын"
Тауып айтылған сөз! Бұны әрқашан есте ұстап жүру керек екен. Жүзің жарқын болғаны бәрінен маңызды ғой
+1 дауыс
Менің өмірлік ұстанымым: «Болашақ » бойынша білім алу – өмірлік мақсатымның бір тарамы».
Осы қағидадан тайып кеткен кезім болған жоқ!
0 дауыс
Менің өмірлік ұстанымым Лениннің сөзі яғни (оқы,оқы және оқы)!Оқыған бала еш жерде қор көрмейді!
0 дауыс

Өткенге өкінбе;болашақты болжама...

0 дауыс

Менің өмірлік ұстанымым   Ата-бабаң басын имеген жерге, тізеңді бүкпе!!!

0 дауыс
Адам келіп өмірге , Адам боп кету парызым. Менің өмірлік ұстанымым осы
0 дауыс
Желдің бағытын өзгерте алмасаң да, мақсатыңа жету үшін кемеңнің желкенін көтере аласың. Міне менің өмірлік ұстанымым.
0 дауыс
менің өмірлік ұстанымым ол: наслаждаться моментом, не жить прошлым, думать и делать то, что хочешь. быть эгоистичным когда надо, и быть добрым когда надо.
...