+2 дауыс
Адам өтірік айтпай тұрмайды. Біреуі амалсыздан, біреуі әдейі айтады. Сіз өз өтірігіңізге өкіндіңіз бе?
30.06.2012 554 қаралым

5 жауап

+2 дауыс
Менің ойымша барлық адам өзінің айтқан өтірігіне өкінеді. Не дегенімен амалсыздан айтатын адамдар да бар. Ал мен өз басым өтірік айтсам соңынан өкінемін
30.06.2012
+3 дауыс
Барлық айтқан өтіріктеріме өкіндім деп айта алмаймын.Неге десек  кейде сол өтірік  өз пайдасын беріп жатады.Бұл сөз өтірік айтуға болады екен деген сөз емес...Мүмкін болса өтірік мүлде айтпауға тырысамын.Себебі өтіріктің беті ашылып қалып өзімді ыңғайсыз жағдай да қалдырғым келмейді.Достар ешқашан өтірік айтпауға тырысайық.Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам екенін ұмытпағаймыз
30.06.2012
0 дауыс
*Менің кейде ғана өтірік айтатыным бар,бірақ өтірігіме өкінген емеспін.Өтіріктің пайдалы жағы мен пайдасыз жағы болады,мен сол пайдалы өтірікті айтамын.Бірақ енді өтірікті айтпауға тырысып жүрмін.*
30.06.2012
жариялады
+2 дауыс
Шариғатта қиын жағдайда ғана (безвыходный положения) айтылған өтіріктеріңіз кешіріледі деп жазылған! Мәселен, екі жұптың араздасқан жағдайында татуластыру мақсатында айтылған өтірікті айтуға болады. Жалпы осы өмірде айтқан өтіріктеріміз үшін жауап беретініміз көкейімізде жүрсе де, әркез естен шығып, өтірік айтатынымыз шындық! Өтіріктің арты 1-ақ тұтам деп дана халқым айтпақшы, өтірік айтпауға тырысып, әрқашан да шыншыл болуға өзімізді үйреткеніміз жөн достар!
02.07.2012
0 дауыс
*Әдейі өтірік айтпаймын , амалсыздан өтірік айтуға тура келетін жағдайда болмаса ... Жоқ , өкінген емеспін !*
02.07.2012

Ұқсас сұрақтар

127,966Сұрақ
322,914Жауап
153,168Пікір
73,048Қолданушы