0 дауыс
390 көрілді
Акбылекты әкесы неге кабылдамады?

осы суракка комектесыныздершы

1 жауап

0 дауыс

Кеңес Одағы кезеңіндегі Азамат соғысының сұрапылы Алтай тауларындағы қазақ ауылдарында да жетеді. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылына банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Ақ әскерінің офицері – қара мұрттың ермегі болады (жас қызды әйел қылады).

Күндердің күнінде арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз болып қалып қояды. Кейін Ақбілек өз туған ауылына барады. Оны ауылда ең сорақысы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболат деген жігіті сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк көрмегендей болып, теріс айналып кете барады. Бұл кезде Ақбілек жүкті екенін біледі (әкесі осы үшін қабылдамады).

Ақбілек босанады. Ол ұлды Ұрқия жеңешесі өзінің баласыз жүрген ағасы мен жеңгесіне береді. Ал Ақбілек қалаға оқуға кетеді.

 Арада 5 жыл өтеді. Ақбілек қалаға ағасы Төлеген мен жеңгесі Мағишаның үйіне келіп, сауатын ашады, оқиды, білім алады. Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді жанға айналып, ағасы, жеңгесі болып үшеуі ауылға оралады.Ауылда ұлын Ескендірді көреді. Ақбілек қалада білім алып жүріп Балташ есімді жігітке тұрмысқа шығады. 

Ақбілек басына түскен қиын жағдайларға қарамастан, өз өмірі үшін күрескен қазақ қызы.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...