Бас ауруы. Оған да әртүрлі сырқаттар себеп. Қан тамырларының қызметі бұзылса (гипертониялық аурулар, бас сақинасы) миға қан біркелкі келмейді, содан бас сырқырап, солқылдап ауырады. Бас ауруы ішкі секреция бездері бұзылса да, әйелдерде етеккірі келгенде, кексе әйелдерде етеккірі тоқтағанда да болады. Оның инфекциялық аурулардан да, көз сырқатынан да (алыстан көре алмау), құлақтың ауруға шалдығуынан да, уланудан да, ішімдікке салынудан да, шылым шегуден де, шаршағаннан да болатын кездері көп. Бас ауырғанда оған грелка қоймайды, ұйықтататын дәрі-дәрмек ішпейді. Бассырқатын басатын жағдайлар: күнделікті режимді қатаң сақтау, уақытында тамақтану, желдетілген бөлмеде жайлы ұйықтау, серуендеу, суға шомылу, емдік гимнастикалар жасау.
Бас сақинасы. Оның басқа атауы – гемикрания. Ол грек сөзі: «бастың жартысы». Бұлсырқатта бастың бір жа-ғы солқылдатып, қозғал-ғанда күшейіп ауырады. Бастың сақинасы ұстағанда кейде көздіңкөруі, сөйлемей қалушы-лық болып, саусақтар шаншып, әлсізденеді, адам шу мен жарықты көтермейді, дұрыс сөйле-уге қабылетсіздік орын алады. Бас ауруы ұстама-лары кез келген жаста бастала береді. Негізінен, көбінесе 20-30 жаста пайда болып, 50 жастан соң басылады. Бас сақинасы ауруы кейде тұқым қуа-лайды. Ол жыныстық же-тілудегі гормондық ста-тустың өзгеруінің, жиі күйзелудің, қажудың бел-гілері болуы да мүмкін. Бас сақинасымен күресу-де беретін дәрі-дәрмектер бар. Үнемі байсалды болумүмкін болмаса да, орын алған оқиғаны сабырлы қабылдауға, қатты айтылған сөздерді көтере білуге үйрену – бас ауруларын дамытпай, тоқтатуда маңызды қадам.
Яғни сіздің басыңызға суық тиген...