Президент – бір елдің көшбасшысы, халықты алға бастаушы бірден-бір адам.
Президент болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен кемеңгерлік пен асқан жауапкершілік және ең бастысы мықты саясаткер болуың керек. Елбасының басты міндеті біреу ғана, ол халықты тек жарқын келешекке жетелеу.
Ал егер де мен Президент болсам, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының сара жолын жалғастырып, еліміздің ғұмыры ұзақ болуы үшін қолымнан келгенін аямас едім. Ең алдымен тілдің мәртебесін көтерер едім. Себебі, тілі мен дінін жоғалтқан халық, тамырынан айырылған ағаш сияқты, ғұмыры қысқа болады. Екіншіден, өзіміздің ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық ойындарымызды, ою-өрнектерімізді, ұлттық киімдерімізді патенттеп, әлемге танытатын едім. Қазақ халқын әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын. Үшіншіден, Қазақстанда дамымаған жол торабын, теңіз жолын жандандыруға күш салар едім. Әрине, мүмкін еместей көрінер, бірақ осыдан 23 жыл бұрын да Қазақстанның аяққа тұрып кетуіне де күмәнмен қарағандар көп болды, алайда еліміз қысқа уақыт ішінде көркейіп, жоғары деңгейге жетті, сондықтан мүмкін емес нәрсе жоқ деп ойлаймын.
Ең бастысы әр қазақтың жүрегі "Мен – қазақпын" деп соқ-са, еліміз бұзылмас қамалға айналады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
Мадина Нағашыбай,
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға
арналған мектеп-интернаты 9-сынып оқушысы.