+1 дауыс
114k көрілді
Егер мен президент болсам тақырыбында шығарма керек?

8 жауап

+1 дауыс

Егер мен Президент болсам...

Егер мен Елбасы болып сайлансам мен , онда мен бірінші орында Қазақстанымыздын басқа елдерден тәуелді болуын тоқтатар едім. Қазақстан биологиялық жағдайы өте жақы мемлекет. Атап айтқанда, мұнай мен газдан және басқа да кен орындарына толы. Бірақ біз экспрттан гөрі ипртты көп қолданамыз. Оны тоқтату үшін қазақстандық адамдарға жаңа технология жасап шығартып, елімізді дамытуға көп үлес қосар едім.Мемлекет өзін-өзі керекті тағам, киім, мүлік, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге. Сонда ғана Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсарып, шет елдерді керек қылмайтын болды және Қазақстанда жұмыссыздық азая түседі.

Қазіргі таңда бүкіл Қазақсатан әсем табиғатын қоқыстар құртуда. Мен үлкен қоқыс жаңартып, қайта шығаратын зауыт және фабрикалар ашар едім. Сонда Қазақстанда тастандыларды болмас еді.
Келесі, қозғайтын мәселе, бұл Қазақстанның Білім беру саласы және Медицина. Қазіргі жастар технология жағынан өте қарқынды дамып келеді. Сол себепті оларды оқуға қызығытым азайды. Мен Білім беру саласына жаңа бағдарлама құрастырып және оны жаңа техналогиямен байланыстырар едім. Осылайша қазақ жастаратын оқуға деген ынтасын арттырар едім.

Ал, медицинаға келетін болсақ, онда ең алымен жедел жәрдем көліктерін көбейтіп және тегін медициналық көмектер жағына көп назар аударар едім. Жаман ауырулар емдеу түрлерін шыққан сайын, Қазақстан барлық дәрігерлері оны білу міндетті етер едім.

Тағы бір талқылайтан мәселе ол - еліміздің және халықтын тұрмастық жағдайы. Халықтың алатын жалақыларын және қарттар ақша несиелерін көтерер едім. Қалалардағы үйлерге қысы-жазы ыстық су бергізіп және жылуды ерте қосып кеш өшіреткізер едім. Ауылды аумақтарды толығымен жарықпен және байланыспен қамтамасыз болар еді.

+1 дауыс

Егер мен президент болсам дәл елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев секілді дара да дана тұлға болар едім. Ол кісі жаңа идеялардың авторы. дара да дана тұлға. Халық үшін,елі үшін жаратылған ғұлама. Елбасыма үлкен алғыс білдіремін осындай тәуелсіз бейбіт өмірде сүріп жатқаныма. Әрине осындай көк аспаннын астында,алтын күннің шуағында өмір сүргенім,қазақ елінің басшысының ұстанған саясаты мен ерен еңбегінің,көрегендігі мен даналығының арқасында. Елбасымыздың сыртқы және ішкі саясатты қатар алып елінің тыныштықта болуын,және қазақ жерін

Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, паш етуінің өзі мақтануға тұрарлық. Әрине біраз жұмыстар атқарылды аз уақыттың ішінде,енді көп ұзамай біршама жерлердегі ауылдық өлкелердегі тұрғындарды ауызсумен,светпен , мектеп бала бақшамен қамтамасыз етілсе керемет болар еді. Бірақ бізге елбасы қашан жағдай жасайды деп күтпей біз жастар еренбй еңбек етіп ,жаңа технологияларды меңгеріп, білімнің биік шыңына жетіп жаңалықтар ашып өркендеуіміз керек. Егер жастар талпынбаса , үлкендер қолдамаса біз өз жағдайымызды өзгерте алмаймыз. Сол үшінде егер мен президент болсам жастар жастар жастар деп барлық мүмкіншіліктер мен мүмкін еместерді пайдаланар едім. Өйткені жастар еліміздің капиталы,инвестициясы, ең бастысы болашағы бар байлығы. Сондықтан жастар тек армандамай әрекет етуге талпынайық.. Өз еліміздің туын биік. тілін қастерлі,рухын биік ұстайық.

+1 дауыс


Президент – бір елдің көшбасшысы, халықты алға бастаушы бірден-бір адам.

Президент болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен кемеңгерлік пен асқан жауапкершілік  және ең бастысы мықты саясаткер болуың керек. Елбасының басты міндеті біреу ғана, ол халықты тек жарқын келешекке жетелеу.

Ал егер де мен Президент болсам, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының сара жолын жалғастырып, еліміздің ғұмыры ұзақ болуы үшін қолымнан келгенін аямас едім. Ең алдымен тілдің  мәртебесін  көтерер едім. Себебі,  тілі мен дінін жоғалтқан халық, тамырынан айырылған ағаш сияқты, ғұмыры қысқа болады. Екіншіден, өзіміздің ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық ойындарымызды, ою-өрнектерімізді, ұлттық киімдерімізді патенттеп, әлемге танытатын едім. Қазақ халқын әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын. Үшіншіден, Қазақстанда дамымаған жол торабын, теңіз жолын жандандыруға күш салар едім. Әрине, мүмкін еместей көрінер, бірақ осыдан 23 жыл бұрын да  Қазақстанның аяққа тұрып кетуіне де күмәнмен қарағандар көп болды, алайда еліміз қысқа уақыт ішінде көркейіп, жоғары деңгейге жетті, сондықтан мүмкін емес нәрсе жоқ деп ойлаймын.
Ең бастысы әр қазақтың жүрегі "Мен – қазақпын" деп соқ-са, еліміз бұзылмас қамалға айналады. Еліміз аман, жұртымыз  тыныш  болсын!!!

Мадина Нағашыбай,
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға
арналған мектеп-интернаты 9-сынып оқушысы.
 

0 дауыс
Болады жаксы жазды молоде
0 дауыс
Маган. Бул. Унады
0 дауыс
Күшті жазылған екен!!!
0 дауыс
Болады өте керемет
0 дауыс
Егер мен металлург болсам дегенге эссе или шығарма жазып беоініздершіі өтініш
...