Бұл сұраққа қоғамда бірауызды жауап жоқ, болмайды да. Ол да дұрыс. Бірақ, осы мәселені көтеру үшін, оның қажеттілігін, мақсатын, жеткізетін межесін барынша анықтаған жөн.
1. Қаншалықты "Кеңес бодандығы" тұсындағы қазақ халқының жиналған рухани құндылықтарын (әдеби шығармалар, ғылыми зерттеулер қорытындылары) шашпай-төкпей, қаз-қалпында латын әліпбиіне қотара аламыз, қотара аламыз ба? Кириллицаға ауыстырған кезде өз ықтияры өз басында болмаған қазақ халқы амалсыз көнген болатын, енді сол жағдайды өз еркімен қайталау қажет пе? Әрине, төте жазу, латын әліпбиінде жазылған әдебиет, ғылыми еңбектер де бар, меніңше, сол еңбектерді, 70-80 жылға жетім қалған құндылықтарды қазіргі хатқа аудару, оны ғылыми айналымға қосу тиімдірек секілді.