+4 дауыс
2.1k көрілді
Хостинг және Домен дегенге анықтама беріп өтсеңіздер?

1 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Хостинг
Хостинг (ағыл. Web-hosting, hosting ) – сайты интернетте орналастыру мен пошта қызметін жұмыс істетуге арналған қызмет жиынтығы.
Біздің хостинг қазақстандық серверлерде орналасқан. Біздің хостинге орналасқан сайттар Megaline және ID net қолданушылары үшін трафик ескерілмейді.
Барлық тарифтік пландарда кең көлемді техникалық сипаттамалар қолданылады: PHP, POP3/IMAP, CGI, MySQL, Frontpage, cron, тарату тізімі. Хостингті басқару панелі – cPanel.
<br>
Домен дегеніміз не?
Домендік ат (Домен) - бұл сайтыңыздың интернеттегі аты. Домендік аттар біріңғай, былай айтқанда екі бірдей домендік аттың болуы мүмкін емес. Сондықтан да доменді таңдауда оған үлкен көңіл бөліңіз.
Қандай домендер болады:
Домендік аттар бірінші, екінші, үшінші деңгейлі болып келеді. Екінші одан жоғарғы деңгейлі домендерді тіркеуіздер.
Бірінші деңгейлі домендер (зонасы): “.kz”, “.com”, “.ru” және т.б. Бірінші деңгейден соң екінші деңгейлі домендер орналасады, мысалы: invision.kz.
Домен таңдаудағы нұсқаулар
Біз сііздерге домен таңдауда бірнеше нұсқаулар береміз:
Домен аты неғұрлым қысқа болса, соғұрлым сайтқа келушілер оны тез жаттап, домен атын тергенде қате жібермейді.
Домен оңай оқылу керек, сонда келушілер оны еш қиындықсыз есте сақтайды.
Домен аты, сіздің компанияңыздың атына сай келу керек.
...