+2 дауыс
13.8k көрілді
Негізі қалай жазылады? Әр жерде әр түрлі?

Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ(рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929,  27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы //Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек  //«Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет ұлы Ілиас Термин туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 7 июнь; Ілиас Ақымет ұлы Латын қарпі туралы // Еңбекші қазақ. 1926, 18 апрель. №81 (518); Жанақымет (Ақпанбетов)  Латын әрпі жайында //Еңбекші қазақ. 1927, 26 ақпан. Яғни қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайтынын ескеріп, арасына дәнекер ы дыбысын қосып жазған не Ахмет түрінде таңбалаған.  Сондықтан «Қазақ тілінің анықтағышындағы» академик Р.Сыздықова көрсеткендей, Ахмет түрінде берілгені дұрыс. Ал «х – кірме әріп, фонемалық статусы жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алатын болсақ, А.Байтұрсынұлының үлгісімен арасына ы дыбысын қосып жазу керек деп есептейміз.

10 жауап

0 дауыс
Рахмет деп жазылады ғой. (40 әріптен кем болмасын)
–1 дауыс
Меніңше біріншісі дұрыс, рахат деген ол бір нәрседен рахат алдым немесе рахаттандым, о рахат дейді ғой,.. ал, рахмет деген, сізге біреу көмектессе, жақсылық жасаса сіз білдіретін ілтипат қой.
ол жағын білем ғой) Мен қалай жазуын сұрап тұрмын?
Белгісіз
"Х" - мен жазылады
0 дауыс
Негізі қазақ тілінде "Х" әріпі мүлде болмаған.Ол деген араб елдерінен келген әріп.Мысалға бұрындағы ата-бабамыз хатты "қат" дейтін болған."қабар" айт дейді. Бәзбіреулер қазіргі таңда қауышып деген сөзді бұрмалап "хауышып" деп жүр.Тағы мысал "харам" деген сөзді қазақтар "арам" дейді."Халал" деген сөзді "адал" дейді.
Дауысым Нұротанға.Ой кешірерсіздер,дауысым рақат,рақметке...
0 дауыс
Пари секілді "жаңылтпаш сияқты болып кеттіі, шатасып кеттім мен" сұраққа қатысы жоқ,сұраққа жауап ретінде өзінің сұраққа түсінбегенін,тақырыптан ауытқушылық деген мәселелерді сұраққа араластырмауларыңызды сұраймын.Сұраққа нақты жауаптар қалдырып үйренейік.
0 дауыс
Х-мен жазып жүрген біз.... РаҚМЕТ , "қ" -мен жазылады..... РАқАТ...."Қ"-мен жазылады !
Орфографияны оқыңдар)

Сөздік дәлелдейді-мыс ----> [1][1] , [2][2]


  [1]: http://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/kk/ru/%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D1%82/
  [2]: http://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/kk/ru/%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%BC%D0%B5%D1%82/
АЙТЫЛУДЫ ЖАЗЫЛУҒА ТЕҢЕГЕН ҚАТЕ  =)
вери ансвер!!
раҚмет пікріңе)
+1 дауыс
рахат, рахмет осылай болады 100 %гарантия берем
ыспорласасын ба?
Гарантияңды қазақ тілі пәндерінің кандидат-докторлары үзіп жіберер...
МЕн де спорласам ! ))
0 дауыс
Осы жерде "Х"-сі бар сөздерді шалақазақ тілі дейміз ба сонда?
жоқ, демейміз.егер ХАТ ...Х-мен жазылса... )
бірақ, "Қ"-мен жазылатындарын сирек кездестіремін
Шалақазақ деу керек.
Оқулықтардан ?
*Осы жердегі*        ...    "рахат, рахмет" дегендерін...
+1 дауыс
ра(хқ)мет сөзі арабша рақым және қазақша "ет(жаса)"  сөзінен  шыққан деседі
"Бисмиллахир-рахманир-рахим"  ![enter image description here][1]
осы жердегі ен соңғы сөз!  рахим сөзінде х дыбысы араб тілінде мына әріппен беріледі - ﺡ
бұл әріп  қазақ тіліндегі  қ мен х -ның аралығын айтылады.  тамақтан қысылып шығады. негізінен х дыбысына жақын!  бізде әрине бұл әріп жоқ. бірақ қазақ тілінде рақым сөзі қолданылады, сондықтан даусымды  рақметке беремін.

араб тілінен енген сөздерде осындай жағдайлар көп кездеседі
мысалы қазақ тіліне енген адам аттарында
Азиз *`*عزيز` есімі араб тілінен енген! араб тіліндегі  *ﻉ [‘айн][2]  әрпі қазақ тіліндегі Ғ әрпіне ұқсас. Қазақ тілінде айтылуы қиын сондықтан Азиз есімімен қоса Ғазиз есімі де таралған! Азиз және Ғазиз, Нұрғали  және Нұрәлі,
Ғалым және Әлім, Алим!  Фарида және Фариза т.с.с есімдер  негізі бір есімдер.  араб тілінен енгендіктен әржақта әртүрлі айтылып бөлек есімдерге айналып кеткен


  [1]:
  [2]: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B9%D0%BD_%28%D0%B1%D1%83%D0%BA%D0%B2%D0%B0_%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B1%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE_%D0%B0%D0%BB%D1%84%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%29
Вери,вери ансвер
Ай, жарайсың.
0 дауыс
рахат рахмет болады ғой)))))))))))))))))))))))))
0 дауыс
Қазақ тілінің фонетикалық заңдылығына және орфографиялық сөздікке сәйкес рақмет, рақым, рақат сөздері "қ" әрпі арқылы жазылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде де "қ" әрпі арқылы көрсетілген. http://mtdi.kz/til-bilimi/sozdikter/orfografia/219-orfografia-r
...