0 дауыс
15.3k көрілді
Өтпелі кезең дегеніміз не? Толық мәлімет берсеңіздер....

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
«Өтпелі кезең» –  бұл 11 жастағы қыз  бен 13 жастағы ұл баланың биологиялық бой жету кезеңі деуге болады. Ол белгілі бір жас арасында өтеді дегенмен, әр адамда әр түрлі байқалуы мүмкін. Сол сияқты қыздар мен ер балалар арасындағы «өт­пе­лі кезеңде» де өзіндік айырмашылық бар. Мә­селен, қыздарда жас­өспірімдік дағдарыс жұмсақ жағдайда өтеді, ұлдарға қарағанда ер­те басталады және тез аяқталады. Ал ұл балалар бұл кезде ашушаң, бұзықтау, тіл алмайтын, өзін-өзі ересек етіп көрсетуге талпынатын болып келеді.

Психологтар жас­өс­пірімдік дағдарысты ата-ана мен бала арасындағы осы кезге де­йін созылып келген та­би­ғи байланыстың үзі­ліп, жаңа өмірге қа­дам басуы деп түсінді­реді.

Бала дүниеге келгеннен үлкендердің қам­қорлығында болатыны белгілі. Ол тіпті жүрсе де, тамақ ішсе де ересектерге тәуелді болады. Кейіннен өз бе­тінше жүріп, мектепке барғанмен де нақты шешім қабылдайтын тұстарда бәрібір моральдық-психологиялық тұрғыда өзінен үл­кендерге бағынышты болып қала береді. Ал әлгіндей биологиялық жетілу кезінде оның ағзасындағы өзгерістер өз алдына, бала өзіндік құпия сақтап, өз бетін­ше шешім шығаруға тал­пынады. Ол өмірге нағыз ересектерше қа­рай бастайды. Осы кез­де ата-ана мен ба­ла арасындағы көзге көрінбей созылып келе жатқан «резеңке» үзіле­ді. Мұның бәрі жасөс­пірім психологиясына әсер етеді де, дағдарыс басталады.
Мәлімет көзі: zamana.kz сайты
0 дауыс
Өтпелі кезең негізі 13 жастағы балада не қыздарда пайда болатын ауру деуге де болады. Яғни орысша переходной возраст. Ол баланы жасөспірім кезеңге жеткенін білдіреді. Ол өтпелі кезеңде адам қатты ауырады, мінезі өзгереді, жынысы дамиды, даусы өзгереді,уақытша қиын кезден өтеді. Ол кезең ұзаққа созылуы мүмкін.  2 жылға созылуыда ғажап емес.
0 дауыс

өтпелі жастың 3 кезеңнен тұратындығын және әр кезеңде балаша түрліше қажеттіліктерді талап ететіндігін білуі тиіс. Бірінші кезең 10-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде бала өзін тұлға ретінде қабылдап, айтқандарына құлақ асқанын қалайды. Барлық жұмыстарын өзі ғана шешкісі келеді. Екінші кезең 12-13 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде бала отбасында ғана емес, мұнымен қатар әлеуметтік ортада өз орнын иеленгісі келеді. Жасауға міндетті істермен қатар құқықтарын білуге тырысады. Және соңғы кезең 15 жаспен тұспа-тұс келеді. Жасөспірім бұл кезеңде өзін қалыптастырып, өмірін жаңа арнаға бұруға тырысады. Жоғарыда келтірілген мәліметтер ұл балаларға да, қыз балаларға да ортақ. Адам өміріндегі ең қиын әрі ең маңызды кезең. Бұл балалық шақтан ажырап үлкен өмірге қадам басуға дайындық. Осы уақытта жасөспірімнің түрлі армандары мен таңдаулары пайда болады. Өкінішке орай, олардың барлығы бір-біріне қарама-қарсы. Яғни, ақ пен қараны ажырату құбылысы басталады. Бар өмірі осы ажыратуына байланысты. Өтпелі жас жасөспірімдік кезеңге ұласады. 12-21 жас аралығында орындалады. Дәл осы уақытта өмірге деген көзқарас қалыптасып, психологиялық әрі физиологиялық өзгерістер пайда болады. Ата-анасына, ұстаздарына, достарына қарсыласу арқылы өзіндік «МЕН-і» туындайды. Тәуелсіз болуға ұмтылады. Ата-анасының шамадан тыс қамқорлығынан арылуға тырысады. Олар бұны түсінбеген жағдайда жағдай ушығып кетуі мүмкін. Дәл осы уақытта оған ақылшы немесе бақылаушы емес, сырлас дос керек. Егер ата-аналары бақылау жүргізгенді қоймаса, балалары болашақта ынжық, өз бетімен шешім қабылдай алмайтын, жауапкершілігі төмен болып ер жетеді.


Толығырақ:https://massaget.kz/okushyilarga/16046/

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

...