+2 дауыс
865 көрілді
Өтпелі шақ саламатсыздарма достар. Менің жасым 16 да өтпелі шақты түсіне алмай қойдым неге десеңіздер бұрындары достарыммен жақсы араласып көшеге түрлі туған күндерге баратын едім қазір ештеңеге зауқым соқпай ешкіммен араласқым келмейді. өзім жалғыздықты жақсы көріп жүрмін. Неге достар соны айтыныздаршы күш беріңіздерші

5 жауап

+1 дауыс
Егер бұрыннан бойыңызда тұйықталу болмаса, демек өткінші құбылыс шығар. Деседе не себепті достарыңызбен араласқыңыз келмей кеткенін өз ішіңізге үңіліп іздеп көргеніңіз жөн. Сіз тұлға ретінде дамудың маңызды кезеңінде тұрғандықтан өзгерістердің болуы заңдылық. Мұндай кезде жалғыз қалған уақытты өзіңізді дамытуға, не қалайтыныңызды, неге икеміңіз бар екенін анықтауға жұмсап көрген де жақсы. Айтпағым, бұл өтпелі кезеңдегі қалыпты құбылыс. Өзіңізді күштеп ұнамайтын ортамен араласу қайта одан әрі жеруге апаруы да мүмкін.
0 дауыс
Енді ақыл тоқтатып, ой мен бойды нақты түзулейтін кезеңіңіз. Барынша сабырлы да салмақты болуға тырысыңыз. Баяғы балалықты қойып, өмірге сәбидің тәй-тәй басуы секілді үлкендерше өмірге қадам басасыз. Өз көзқарасыңыз қалыптасып, өмірге өзіңізше басқа көзбен, басқа пікірмен қарап бастайсыз. Мұндай кезеңде көбінесе кітап оқығаныңыз дұрыс әрине әдеби неге десеңіз, кітап балалық ойдан барынша арылтып, сізге үлкендерше ой түйгізіп, түйсігіңізбен санаңызды, адамдарға деген жаңа көзқарастарды туғызады. Тіл байлығыңыз артып, жан-жағыңыздағы адамдарды өзіңізге тартасыз.Дәл осы кезеңде бірқалыпты оймен бойыңызды түзулеп алмасаңыз, кейін түзулеу қанша дегенмен қиынырақ болмақ.Өмірге жаңа тұлға ретінде қалыптасуыңызға тілектеспін.
Мен "Кішкентай Ханзаданы" оқыған соң ересек болғым келмей қалған))
0 дауыс
Әрине себебі болу керек себепсіз ештеңе болмайды,  сізді ренжіткен,  әлде үмітсіз ететінде Сөз айтқан сол үшін да сiз сыртқы әлемнен қашып өзіңiзбен өзіңiз калып өмірлік күрестен қашып жатсыз,
Өмірде сізге шынайы 100%  бағаны тек ғана өзің бересің басқа адамдардың бағасы 40-50%.  Өмір үшін күреске алға !!!!
0 дауыс
кезінен маңыздырақ Бір басқа мақсат болар жете алмай жүрген ол мақсат бұл жасыңа сай емес болуы керек оны қойып оданда құрбыларынмен азғантай қалған мектеп кезеңінді жақсы қызықты етіп аяқта! кеңесім осы!!!
0 дауыс
мен де де дәл сондай кез болып жатыр ешкім мені түсінбейтін секілді достарымменде күшті арласып жүрмін деп айта алмайм уақыттша нәрсе ғой
...