+4 дауыс
133k көрілді
сұрақ : салмағым 63, тез арада қалай салмақ тастай аламын.. бәрін істеп көрдім, бірақ нәтижесіз.. Дәріханалардағы таблеткалар денсаулыққа зиян сияқты.. Ақыл қоссаныздар..

13 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұзақ уақыт диетаға шыдай алмайтындарға /шыдай алатын, бірақ тез арықтағысы келетіндерге арналған салмақ тастаудың аптасына 16 сағаттық және 24 сағаттық ашығу деген түрін естіп пе едіңіздер? Нансыз, қантсыз, полуфабрикатсыз диетамен еш мәселем жоқ. Бірақ, нәтижені жылдамдатқым келеді. Әлкөтте, ешқандай тыйым салынған зиянды дәрілік көмексіз. Осы ашығу түрін сынап көрейін деп жатырмын. Егер сіз кешкі асты алтыда ішіп, кеш жатып, кеш тұрып, аузыңызды тек түскі аста ашып көрген болсаңыз, интервалдық ашығу дегенді өзіңіз білмей қолданып жүрсіз.

Қысқасы былай. Аптасына толық бір тәулік тамақ ішпейсіз. Немесе кешкі алтыдан ертеңгі түске дейін ашығасыз (16 сағат). Алдымен аптасына бір рет. Содан кейін 2 рет.

Ғалымдар бұндай суперқысқа ашығу түрі апталап ашығу мен айлап диета ұстаудан әлдеқайда күшті әсер етеді дейді. Тіпті, бұлшық етті сақтап, майды ғана кетіру керек болса да. Ең мықты тұсы, бұл оңайлықпен кетпейтін қарындағы майды кетіреді. 
Ескеретін нәрсе, тамақ ішу фазасында тыңқиып тамақ ішпей, қалыптан озбау. Кәдімгі түстік. Екі сағаттан соң, жеңіл ақуызды бірдеңе тістейсіз (дәнектер, сыр, сүзбе, жұмыртқа, қатық) сосын кешкі асты кәдімгідей ішесіз де келесі күннің түстігіне дейін ауызды буасыз.

Ұзақ ашығу (3 күннен аса) мен ұзақ диетадан (3 айдан аса) айырмашылығы аралық ашығу:

1) Зат алмасу бірнеше есе жылдамдайды. Яғни майдың кетуі екі есе жылдамдайды.

2) Табиғи тестостерон мен өсу гормоны шарықтауы.

3) Денеде жараның, қабынудың жазылуы мен улы қалдықтардың тазаруы осы уақытқа дейінгі белгілі диета, ашығу тәсілдерінің барлығымен салыстырғанда жылдам жүреді.

4) Тері жағдайы жақсарады. Безеу, жырық, құрғақтық, майлылық дегендердің бәрі біртіндеп құрып бітеді.

5) Өмір сапасы мен ұзақтығы, жүрек жақсаратыны дәлелденген-міс.

Енді бұның бәрі жазылған әңгіме ғой. Бірақ, қомағайлық әдеттен құтылып, тыныс тұрқыңызды жасыңызға сай еткіңіз келсе, менімен бірге сынап көрсек болады. Алғашқы үш апта кез келген бастама сияқты ең қиыны болатынына дайын болсаңыз әрине. Өзім сынап көрмеген соң, бұдан артық ештеңе айта алмаймын.
Айтпақшы, ашығу аралығында су, шай, кофе іше береміз, тек қантсыз, сосын тәтті сок ішпейсіз. Болды.

Басқа алып қосарларыңыз болса, талқылайық.

Жо-жоқ. Екі күнде үш рет емес, күніне үш рет тамақтанасыз. Бірақ жеңіл тамақ және түскі 11-мен 18-дің арасында ғана, араға екі сағаттан салып, тамақтанатын. Аптасына екі күн. Қатарынан емес. Мыс. Бүгін бастадық ертең түсте бір-ақ ашамыз ауызды. Сосын сәрсенбі күні кешке жабамыз. Бейсенбі күні түсте ашамыз. Түк қиындығы жоқ. Сезбейсіз де. Екі айдан кейін, ұнаса, 24 сағат толық ашығуға өтуге болады. Болмаса, солай аптасына екі реттен жарты күн ашығуды әдет қыламыз. 
Мен онсыз да қысып тастағам ұн, май, қант, гарнир деген заттарды. Егер диетамен бірге қолданса, нәтиже жылдамдамдай ма деп отырмын. Не болса да кеттік ал!

+1 дауыс
Аз уақытта арықтау мүмкін емес қой.Кем дегенде 1 айда арықтайсыз.Арықтаудың жолдары:
1.Көп еңкейу
2.Күніне таңертең 1 км жүгіру
3.Прес жасау
4.Жеміс жеу.(бананнан басқа)
5.Сағат 6-дан кейін тамақ аз жеу
ақыл қосқаныңызға рахмеет!!!!!!
+1 дауыс
Сараланған және теңгерілген емдәм – бұл дене массасын азайтудың жақсы тәсілі. Тез арықтау тәсілдерін біліңіз.
 Жақсы тамақ
Жақсы тамақтың арқасында салмақты тез азайтуға қол жеткізуге болады. Жақсы тамақ - бұл дәмді болатын, сонымен бірге  организмге барлық қажетті қоректік компоненттерді беретін тамақ.
Арықтау үшін аз тамақ ішу жеткілікті деп ойламаңыз. Егер Сіз арықтауға кесімді шешім қабылдасаңыз,  салауатты тамақтану стилінің принциптерімен танысуыңыз керек.
Күн сайын жемістер мен көкөністер жеңіз. Олар жаңа піскен, пісірілген немесе шырын түрінде болуы мүмкін. Олар дәрумендердің, минералдардың және балластық заттың тамаша көзі болып табылады.
Сұйықтықты, негізінде минералдық суды, шамалы қант қосылған шайды, көп су қосылған көкөніс және жеміс шырындарын көп ішіңіз.
Тамақты көңіл аударып ішіңіз. Асықпаңыз. Тамақты көңіл аударып ішу дұрыс тамақтануға мүмкіндік туғызады.
Алуан түрлі тамақ ішіңіз. "Пайдалы" немесе "зиянды тамақ" болмайды. Қалағаныңыздың барлығын, бірақ шамамен жеңіз.
Құрамында майы аз тамақты таңдаңыз. Майсыз етті және шұжық өнімдерін сатып алыңыз. Ас үйде зәйтүн немесе рапс майы сияқты, жоғары сапалы өсімдік майларын пайдаланыңыз.
Күнделікті ет қосылған түскі астардан бас тартыңыз. Егер оларды әзірлесеңіз, тек сиыр еті, бұзау еті немесе құс еті сияқты майсыз етті таңдаңыз.
Күн сайын дәнді өнімдерді жеңіз. Таңертеңгі асқа арналған дәмді қауыз, бүтін бидайдан пісірілген нан, макарон өнімдері. Пісіру үшін ірі тартылған бидай ұнын пайдаланыңыз.
0 дауыс
Көпшілік адамдар артық салмақтан құтылу үшін тамақтану процесін ең төменгі деңгейге дейін қысқартқан дұрыс деп есептейді. Ия, сіз артық келіні жоғалтасыз. Бірақ мұның денсаулыққа қалай әсер ететіндігін ескердіңіз бе? Егер арықтағыңыз келсе – тамақтаныңыз. Ең бастысы, оны дұрыс жасай біліңіз. Біріншіден, май рациондарын қысқарту керек. Ескеретін жәйт, егер бұл әрекетті тез әрі кенеттен бастасаңыз, сіздің салмақ қосып алуыңыз ғажап емес. Себебі адам ағзасы өздері ескере бермейтін белгілі бір күйзеліспен әрекеттескен. Салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әрекет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арттырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, ақуыздар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмақ қосуды қаламайтын адам ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіштер мен ащы нәрселерді шектейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Сондай-ақ құрамында көмірсулар мен қант мөлшері көп өнімдерді аз-аздан қолданған жөн. Осылардың арқасында қаныққан гормон, лептин жұмысы бәсеңдеп, сіз қай кезде қарныңыздың тойғанын, артық мөлшерде тамақ жегеніңізді сезбей де қаласыз. Ағза осының барлығын қорытуға үлгермейді, салдарынан артық салмаққа жетесіз. Мұның барлығы жалпы ереже. Ал арықтау үшін нақты қандай өнімдер тұтыну керек? Бірінші кезекте, құрамында клетчаткасы мол өнімдер. Мысалы, сұлы жармасы, бұршақ, жасымық, алма, банан, дәнді нан. Бұған қоса сүттен жасалған өнімдер – йогурт, кефир, сүзбе. Тағы балық, теңіз өнімдері, майы аз еттер, жаңадан сығылған шырындарды қолданған пайдалы. Егер біз пайдалы өнімдердің пайдасын сипаттасақ, ендігі кезекте, тұтынуды мүлде шектейтін өнімдерді тілге тиек еткеткенді жөн санадық. Бұлар шоколад, майға қуырылған картоптар (чипстер), ақ нан, ірімшік, шарап. Арықтауға көбінесе қоршаған орта да кедергісін тигізіп жатады. Салатпен түстеніп немесе қасыңда біреу-міреу болса тәтті тоқаш нанды кофемен іше салу оңай. Ең қызығы сол «қара тізімге» барлығымызға ұнайтын суши да іліккен. Мұны көп жағдайда диеталық тағам ретінде ұсынып жатады, бірақ бәрі бекер сияқты: жапондық асхана құнарлылығы жағынан тіпті фастфудтың алдын орап кетеді екен. Роллдың қарапайым желісі 3-4 нанның мөлшерімен тең келеді, бұл дегеніңіз 300-350 калория. Диеталық тамақтану деуге де болмайды я? Роллдан жасалған түскі әбеттің құнарлылық деңгейі 1000 калориядан жоғары. Бұған қоса, осыған қатысты сұрақтар да кездесіп жатады. Кейбіреулерінің бастары тұңғиыққа батып, зиянды тағамдарды тұтынуды кенеттен шектеп, тіпті пайдалық тағамдарды тұтынуды төменгі деңгейге дейін ысырып қоятындары бар. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Әсіресе аз уақытта бірнеше келіге арықтау үшін тамақ жемей ашығудың экстремалды жолын таңдайды. Бұл жағдайда майға қуырылған, майлы, ысталған тағамдардан бас тартып, күніне 5-6 рет мөлшерлеп жеген абзал. Араға уақыт салып айран, не алма жеуге тыйым салынбаған. Мұндай күндері көк шәй мен итмұрын тұнбасын ішуге, одан кейін тек жеміс-жидектер мен көкөністер жеуге ойысқан дұрыс. Мұның барлығы ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартып, оны дәрумендер мен минералды заттарға толтырады. Бұған қоса, диетологтар ағзаның таза ауада жиі болуын қамтамасыз ету үшін серуенге шығып тұруды ұсынады. Бұл зат алмасу процесін жақсартады. Бұған қоса тамақтың жақсы сіңуі үшін оны көбірек шайнауға, жатар орынға көп тамақ жемеуге, өмірде азырақ күйзеліске ұшырауға, ұйқының мөлшерін қалыптастырып, тамақтану тәртібін үнемі бақылауда ұстау сияқты басқа да маңызды кеңестер беріледі.
0 дауыс
Овсянка Кашасын сатып алып суга 20-30мин койып койыныз сосын 4ке болип койып тамак алдында жениз бир кунде 700-800 грамм тастайсыз ен бастысы нанда кантта жей бересиз)!
Айнура аптекада сатама канша турады
Айнура ыстык сугама??
0 дауыс
Артық салмақтан арылуға арналған жаттығулар бар соны көріңіз. Дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы сіз одан сайын жағдайыңызды ушықтырып жіберуіңіз ықтимал . Себебі біраз адамдар арықтаймын деп дәрінің арқасында ісініп кетіп жатыр. Табиғи жолдармен арықтауға болады.
0 дауыс
Денсаулық əдемилик ушин бирак менин салмагым 30да еди казир35 де
0 дауыс
Мен ораза ұстаған кезде артық салмақтан арылдым.Ораза аяқталғаннан кейін тәтті нан май газдалған сусынды көп іштім қайтадан толып кеттім қазір диета ұстаудамым диета ұстаған жөн бірақ тәттілерден бас тарту керек мен 12 демін салмағын 66 кг
0 дауыс
аузына скотч жабыстырып алсан.  Не болмаса супер клей куйып таста. тез арыктайсын
0 дауыс
Редуксин деген 6500тг  тұратын дәрі сатып алсаңыз болады нәтижесі жақсы
0 дауыс
Сәлеметсіз бе?арықтау жолын іздестіріп жүрсіз бе оны қарапайым әдіспеен жасауға болады.Есімім Сұлтан.87770710403 менің ватсап номерім*Emails are not allowed*t.55  инстаграм .хабарласаңыздар болады.көмектесуге әзірмін.☝️✊
0 дауыс
1аптада  өзім жақсы салмақ  тастадым .Таксикоздыңда әсері  бар  әрине. Ашығу да жақсы   құр су іштім  .55кг нан 47кг  аздым 1аптада   .
0 дауыс
Калын киініп ал сосын тренк істе жугыр нан жеме солай 3кг тастадм 5кунде

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
7 жауап
+1 дауыс
8 жауап
...