Қазақ даласында 1921-1922 жылдары ғаламат аштық болған. Бұл туралы ғалым Тұрсын Жұртбай ғана қадау-қадау айтып һәм жазып жүр. Басқамыз үнсізбіз. Өйткені, біздің бодандық сана ұлықсат еткен тақырыпты ғана қаузап үйренген. Мұхтар Мағауинше айтсақ шетімізден: «Жау жоқ заманның көзсіз батырларымыз»…
Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып – жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жансебілдікпен жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз. Жол жиегінде өліп жатқан, өліп бара жатқан адамдарға әлгі «жансебілдердің» өзі қарауға қорқады, өйткені келесі сәтте оның өзі де соның кебін құшуы мүмкін. Иә, ол да ғажап емес… Сотта, бірде аштық сотта тұрақты түрде адамның етімен қоректенген үш адамның ісі қаралып жатса, келесі де адамның етін пұттап сатқанға үкім шығарып жатпады. Міне, дәл осындай көріністен мағлұмат берген Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетінің 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебінде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» – деп жазылған.
*
Әңгімені арықарай сабақтасақ: Қазақ Орталық Атқару Комитетінің анықтамасы бойынша 1,5 миллион қазақ аштан қырылған. Ұлты үшін күйінген қайраткерлер – Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезовтің дабыл қаққан. Нәтижесінде, 1921 жылы 10 желтоқсан күні осы аштық мәселесі бойынша қазақтың оқығандары бас қосқан. Олар – Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Кенжин, Байтұрсынов, Байділдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев; Нұрмаханбетов, Игіліков, Қаржасов, Тұнғаншин, Біржаров, Оразбаева, Саматов, т.б-лар қатысқан. Жиынды Жангелдин басқарған.
Күн тәртібіне: Қырда аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуді ұйымдастыру және қазақ қызметкерлерін осы жұмысқа тарту туралы екі мәселе қойылған.
Ұлтшыл-ғалым Тұрсын ағамыз 1921-22 жылдардағы аштық жайлы Ақынжан Игенбаев деген зерттеушінің назарына ілінген «Аштарға көмек комиссиясының жұмыс қортындысы» атты құжатты жариялап жүр.
Осында келтірілген деректе: Қазақ автономиялы республикасының бес губерниясында 1 миллион 559 мың адам аштан өлген дейді. Ай далада қаңғып, жетім қалған балалардың саны: 1921 жылдың 1 желтоқсанда – 128 мыңға, 31 желтоқсанда – 158 мыңға, 1922 жылдың қаңтар айында – 333 мыңға, наурыз айында – 408 мыңға жеткені айтылады.
1921 жылдың наурыз айының соңындағы мәлімет: