0 дауыс
10.1k көрілді

2 жауап

0 дауыс
[сағат туралы][1]      [радио туралы][2]




Бірақ Қашан пайда болғаны жайлы мәлімет жоқ аудим қарап көрсей.


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%82
  [2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BE
+1 дауыс
Ең алғашқы  уақыттың өлшейтін аспабы - Күн сағаттары - вавилондықтарда шамамен 3,5 м. жылдар бұрын ойлап табылған. Кейіннен  Еуропа мен Қытайда ол "отты сағаттар" деп аталып, уақыт бөліктерін шамшырақтармен бөлу арқылы көрініс тапты.
Құмның сағаттары шамамен мың жыл бұрын ойлап табылған.
Механикалық сағаттар жөніндегі алғашқы деректі ғалымдар ежелгі византиялық қолжазба нұсқалардан тапты. Бұл кезең 578 жылмен тұспа-тұс келеді. Алғашқы мехникалық сағаттардың тек бір ғана - сағаттық тілі болған. 1404 жылы Мәскеуде Кремльде тұңғыш мұнара сағаты орнатылады. Көп кешікпей мұеара сағаттары басқа да көптеген қалаларда пайда болды. Шамамен, мұнан жүз жылдан кейін Еуропада алғашқы қалта сағаттары пайда бола бастады.
Голландиялық ғалым Х. Гюйгенс 1657 жылы маятникті сағат ойлап тапты. Маятник (ұзынша салмасы бар ұзын шыбықша) бірқалыпты тербеледі. Яғни, оның әр тербелісі бірдей уақыт аралығында қайталанады. Маятниксіз сағаттар күніне уақыттан 15 минут артта қалып, немесе озып кете беретін. Ал қазіргі маятникті сағаттардың дәл уақыттан ауытқуы бір секундтан аспайды. Маятник сағаттың жүрісін реттеп отырады.
Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады, яғни, уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.
Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен, санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.
Қазіргі заманғы ғылым мен техника сағаттан механикалық маятниктің мүмкіндігі жетпейтін анағұрлым жоғары дәлдікті талап ете бастады. Осыған орай енді кварц сағаты жасалды. Мұнда "маятниктің"қызметін электр тогының әсерімен тербеліске келетін кварц пластинкасы атқарады. Кварц "маятникті" сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін "маятниктер" іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.
Ендігі сағаттық белдеулер жайлы. Астрономияда Гринвич деген ұғым бар. Дүниежүзілік уақыт өлшемі осы Гринвичке тастай қатып бағынады. Атақты Гринвич обсерваториясы орналасқан бұл нөлдік меридиан мекені әлемнің саяси астанасы атанған Лондонның нақ түбінде. Ал Корольдік Гринвич обсерваториясының негізін 1674 жылы король Карл ІІ қалаған.
Ағыл­­шындар өздерінің обсерваториясын құрып, әлемдегі ең басты нөлдік меридианды анықтап алды. Бірақ оны бүкіл әлемге мойындату үшін ба­қандай 200 жыл керек болды. Сағаттық белдеу орнықпай тұрғанда, жұрт әсіресе теміржол кестесін пайдаланған кезде уақыттан шатасып, талай рет жаңылған. Бүған біржола нүкте қою үшін АҚШ 1883 жылы қалыпты сағаттық белдеу жүйесін пайдалануды бастады.
1884 жылы Вашингтонда жоғарыдағы жүйені бүкіл әлемге тарату үшін халықаралық меридиандық конференция болып, дүниежүзілік уақыт Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақытымен анықталатын болды. Сөйтіп, Жер 24 белдеуге бөлініп, әрқайсысы 15 градустық бойлыққа ие болды. Бұл табиғи бөлуге сәйкеседі, себебі Жер сағатына 15 градустық жылдамдықпен айналады.
Егер Гринвичте талтүс болса, шығысқа қарай бірінші белдеуде (Берлин) сағат 13, ал батысқа қарай бірінші белдеуде сағат 11, ал Гринвичтен батысқа қарай бесінші сағаттық белдеуде жатқан Нью-Йоркте таңғы сағат 7, Мәскеуде сағат 15, Астанада сағат 17 болады.
Гринвичке дейін әр ел уақытқа өзінше иелік етіп, француздар нөлдік меридиан ретінде Парижді, итальяндықтар Римді, португалдықтар Лиссабонды, бразилиялықтар Рио-де-Жанейроны санап келген. Англиядан кейін уақытты Гринвич бойынша анықтауға алдымен Швеция, АҚШ, Канада, Сербия кіріседі. Санкт-Петербург түбіндегі Пулково обсерваториясын басшылыққа алып келген Ресей халықаралық уақыт стандартына 1919 жылы барып қосылды.
Америка Құрама Штаттары 75, 90, 105 және 120 меридианды 4 сағаттық белдеуге бөлінген. Бұл сағаттық белдеулер Тынық мұхит уақыт белдеуі, Таулық уақыт белдеуі, Шығыс және Орталық уақыт белдеулері деп ата­лады.

Ең алғаш радионың шығуы әлемге дамудың жаңа қадамына жол ашты. Дәл осылайша радионы  1895 жылы Александр Степанович Попов ойлап тапты. Ол ең алға сымсыз «Генрих герц» сөзін 250метрге 1897 жылы жеткізді. 1900 жылы А.С. Поповтың еңбегі үлкен алтын медальмен және электротехникаға қосқан үлесі үшін  диломмен Парижде марапатталды. 1895 жылдың көктемінде радиосигналдың ұзақтығы 1,5 км болды.
Дегенмен 1909 ж. желтоқсанында, италиялық өнертапқыш Гульельмо Маркони(1874-1937ж) және неміс физигі Карл Фердинанд Браун(1850-1918ж) "Сымсыз телеграфияның дамуына қосқан үлестерінің ескерілуі үшін" атты атақпен Нобелдік сыйлықтың иегерлері атанған.
Іс жүзінде барлық радиоланған теңіз кемелерінде (атақты "Титаникте де") Маркониның радиостанциялары тұр. Оның қатысуымен негіздеген корпорация URI(Unione Radiofonica Italiana2) 1924 ж. 24 қазанда Европада бірінші кеңтарапты эфирді жасайды. Маркони фирмасының арқасында алғашқы трансатлантикалық радиобайланыс жол тапқан.
Оқасы жоқ!
...