0 дауыс
11.9k көрілді
Қытай елі қалай қашан пайда болған, арғы тектері кімдер? Тарихта барма өзі.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қытай тарихы

Б.з.б. 140 – 87 жылы конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атай бастады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге Қытайда құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар (феодализм) орнады. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғасырда Қытайға еуропалықтар келе бастады. 1551 жылы Португалия Аомын (Макао) жерін жалға алады. Миссионер-иезуиттер келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғасырда солтүстікүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар көтерілістері басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді басу үшін көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Билікке маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет Қытайды қайта біріктірді. 17 ғасырдың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны) жаулап алды, 1757 жылы жоңғар хандығын жойды, Шығыс Түркістан Шыңжаң (жаңа шекара) деп аталды. 18 ғасырдың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғасырда Қытайға еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 жылы еуропалықтармен арада «апиын соғыстары» болды. Жеңіске жеткен Англия, Франция, АҚШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солтүстікте пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 жылы елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 жылы болған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 жылы Қытайда капиталисттік қатынастар дами бастады. Жаңа экономикалық орталықтар (Шанхай, Ухань, тағы басқа) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап, Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АҚШ, тағы басқа елдер Қытайды өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 жылы басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, Қытайдың ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 жылы елде Синьхай революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен кетіп (1912 жылы 12 ақпан), оңшыл күштер билікке келді. Бірақ Қытай жартылай отар ел ретінде қалып қойды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еуропа елдердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Қытайға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңтүстік Қытайда жеңіске жетіп, Сунь Ятсен Кеңес өкіметіне хат жазып, «империалистерге» қарсы бірлесіп күресуді ұсынды. 1923 жылы ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан партиясының өтініші бойынша Қытайға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ, тағы басқа көмек жібере бастады. 1927 жылы 18 сәуірде Гоминьдан партиясының оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы 1921 жылы іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) бірқатар көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солтүстік. Аудандарда ҚКП-ның басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік органдар құрылды. 1930 – 36 жылы Гоминьдан өкіметі солтүстікке үздіксіз жорықтар жасап, ҚКП -ның базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап Жапония Қытайды жаулап алуға кірісті. Солтүстік-шығыс Қытайды басып алған жапондар орталық аудандарға ұмтылды. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солтүстік, Орталық Қытайдың едәуір бөлігін және Оңтүстік Қытайдағы теңіз порттарын басып алды. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солтүстік-Шығыс Қытайды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-жарақтар мен әскери техниканы ҚКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 жылы басталған ҚКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949 гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды. 1950 жылы 14 ақпанда кеңес-қытай келісімі жасалып, ол бойынша КСРО ҚХР-ға 300 миллион доллар көлемінде көмек көрсетті. 1953 – 57 жылы тағы да бірқатар келісімдерге қол қойылып, КСРО Қытайға 125 ірі өнеркәсіп орындарын салуға көмектесті. 50 жылдардың 2-жартысынан бастап Мао Цзедун бастаған ҚКП басшылығы ұлтшылдық бағыттағы саясатты күшейтті. «Үлкен секіріс» саясатын жүргізді. Аз ұлттарға қысым күшейді. 1960 жылдан бастап кеңес-қытай шекарасы жиі бұзыла бастады. 1966 – 76 жылы «мәдени революция» саясатын жүргізді. «Үлкен секіріс» және «мәдени революция» жылдарында мыңдаған адамдар репрессияға ұшырады. Мао Цзедун қайтыс болғаннан (1976) кейін, 1978 жылы желтоқсан айынан бастап ҚКП ОК елде Дэн Сяопиннің басшылығымен экономикалық реформалар жүргізе бастады. Бұл реформа нәтижесінде ҚХР экономикасы тез дамып, халықтың тұрмысы күрт жақсарды. Қытай әлемдегі жетекші елдермен бәсекеге түсе бастады. 2003 жылы күзде ҚКП ОК басшылығы ауысып, билікке жаңа буын өкілдері келді (Бұрынғы басшы Цзян Цзэминнің орнына Ху Цзиньтао тағайындалды).

Б.з.б. 6-3 ғ-да Қытайда философиялық ой-өріс едәуір дамыды; әр түрлі философиялық. Мектептер — конфуцийшілдік, даосизм, моизм (Мо-цзы ілімі), заңшылдар мектебі т.б. саяси-таптық күрестің күшеюін бейнелей отырып, қатты өрге басты және өзара күрес жүргізді. Чжаньго кезінде мемлекеттер арасындағы соғыстар цинь империясының жеңісімен және Қытайдағы тұңғыш бір орталыққа бағынған цинь империясының (б.з.б 221-207) кұрылуымен аяқталды. Империяның негізін қалаушы және бірінші императоры Цинь Ши- хуанди елді біріктіріп, нығайту жөнініде бір қатар реформалар жасады. Оның тұсында Ұлы Қытай қорғанның едәуір бөлігі салынды. Аса қатты саяси езгі мен шаруаларды канау біздің заманымыздан бұрын 209 жылы халық көтерілістің шығуына әкеліп соқты. Бір орталыққа бағынған мемлекет құруылуына байланысты өздерінің кейбір артықшылықтарынан айырылып қалған ескі аристократия да Цин билігіне қарсы шықты. Бұл күресте көтеріліс басшыларының бірі Лю Бан жеңіске жетіп Хань әулетін кұрады (біздің заманымызға дейін 206- біздің заманымыздың 25 жж.) Хань империясында құл иеленушілік құрылыспен катар, феодалдық катынастар дамыды. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда осы күнгі Шыңжаңды басып Орта Азиямен Таяу Шығыс елдеріне өтетін сауда жолын салынды (Қытайдьтң Ұлы Жібек жолы). Император У-Ди тұсында (біздің заманымыздан бұрын 140-87 жылдары) конфуцийшілдік үстемдік етуші ресми идеология болып табылды. Біздің заманымыздың 1 ғасырының басында аса ірі халық көтерілістері шықты: бұған қатысушылар «қызыл қастылар» және «жасыл орман тұрғындары» деп аталды (Қытайдағы Қызыл қастылар көтерілісі). Он жылға созылған бұл көтерілістер 27 жылы басылды. Алайда империя билеушілері шаруаларға бірқатар уақытша жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. Хань дәуірінде біріңғай көне Қытай халқы қалыптасып, кейіннен ол Хандықтар атағын алды (Хань империясының атымен).184 жылы басталып 20 жылдан астам уақытқа созылған аса қуатты халық көтерілісі (Қытайдағы «сары орамалдылар» көтерілісі). Бір орталыққа бағынған Хань мемлекетін күйретті. Көтеріліс нәтижесінде Қытай үш мемлекетке бүліп, бұлардың өмір сүрген кезеңі «саньго» деген атақ алды (Үш патшалық 220-280 жылдары). Хань империясы құлағаннан кейін, кұл иеленүшілік құрылыстан феодализмге өту жүзеге асты. Әр түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылған Солтүстік Қытайды 316 жылы көшпелі халықтар басып алды. 589 жылы Қытайда Суй әулетінің билігі қайта бірікті, 618 жылы оның орнына тан әулеті келді. Тан империясы тұсында 618-907ж. ауыл шаруашылығы, қолөнер кәсібі мен сауда едәүір өркендеді. Тан кезеңі Қытай поэзиясының «алтын ғасыры» деп есептелді. Империя көршілес елдермен халықтарға қарсы басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы ол Шығыс Түрік қағандығын жойды. Б.э.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта және төменгі ағысында тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бүл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте — «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген. Б.э.д. III мыңжылдықтың соңында өндірістік күштердің одан әрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына және оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.

Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқыгы тарихының кезеңдері:

1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ г.г.) — құлиеленушілік қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI г.ғ.) — таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді.
2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. XI — III ғ.г.) — иерархиялық әлеуметтік жүйе пайда болады;
3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) және Хань кезеңі (б.э.д. III ғ.— б.э. III г.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады.

Қоғамдық құрылым. Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы санынан артықшылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына билеуші — ван жэне оның туыстары, билеушіге жақын адамдар абыздар, шенеуніктер және бағынышты тайпалардың ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд — әлеуметтік ранглер пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін, құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анықтаған. Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген өзгертулері негізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді, оған сәйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. III ғасырдан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген. Сонымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: мүліктік, әскери, қызметтік және саудагерлік.

Мин империясы

Мин империясы – 1368 – 1644 жылы Қытайда билік құрған мемлекет. Моңғолдар билеген Юань әулетінің орнына құрылды. Қытайлардың моңғолдарға қарсы ұзаққа созылған күресі (1350 – 56) нәтижесінде дүниеге келді. Астанасы алғашқыда – Нанкин, 1421 жылдан Пекин қаласында болды. Әулеттің негізін салған Чжу Юаньчжан (Тай-цзу) (1368 – 98 жылдары). Ол империяны қатаң тәртіпке негізделген әдіспен басқаруды жолға қойып, мемлекеттік қызметке орналасудың үш сатылы жүйесін енгізді (1382 жылы). Мин империясының билеушісі Хуэй – ди (1398 – 1402 жылдары) ақсүйектердің құқығын тежеуге тырысты. Чжу-Ди (1402 – 24 жылдары) 1421 жылы мемлекет астанасын Нанкиннен Пекинге көшірді. Ол Моңғолияға қарсы соғыс жорықтарын жасады. 15 ғасырдың басында басталған Қытай мен Моңғолия арасындағы шиеленіс ұзаққа созылды. 1449 жылы ойраттардың билеушісі Эсен хан бірнеше моңғол тайпаларын біріктіріп, Қытайға басып кірді. Ол Қытай императорын қолға түсіріп, Пекинді қоршауға алды. Тек 1488 жылы екі ел арасында бейбіт бітімге қол жетті. 15 ғасырдың басында Қытайға Әмір Темір империясы қауіп төндірді. Әмір Темір ұлы Жібек жолына бақылау жасауды өз қолына алды. 1405 жылы Ақсақ Темірдің кенеттен қайтыс болуы Қытайға төнген қауіпті сейілтті. Дегенмен оңтүстік бағыттағы Мин империясының белсенді сыртқы саясатының арқасында Қытай қазіргі Гуйчжоу провинциясы жеріндегі халықты бағындырып, біржола өзіне қосып алды. Вьетнам (1406 – 27 жылдары), Цейлон (1408 – 56 жылдары) және оңтүстік - шығыстағы 20 патшалық Қытайға тәуелді болды. Бірақ өлы Жібек жолының Орталық Азиялық бөлігі Мин империясының бақылауынан тыс қалды. 1405 – 33 жылдары Мин империясы Әмір Темір империясына қарсы одақтас ел табу үшін Оңтүстік Азия елдеріне, Үндістанға, Парсы шығанағына, араб елдеріне және Африкаға зор ауқымдағы 7 теңіз экспедидициясын аттандырды. Жапония аралдарымен, Жоңғариямен, Қашқариямен, Сібірмен сауда байланыстарын орнатты. Мин империясының кезінде қолөнер, кеме жасау, мануфактура өндірісі дамып, қалалар өсті, ақша қатынасы дамыды. өлы Қытай қорғанының бұзылған жерлері қалпына келтіріліп, сәнді сарайлар мен ғибадатханалар салынды. Халықтың өсімі ұлғайды. Пекин мен Нанкиннің тұрғындары 1 миллионға жетті. 15 ғасырдан бастап еуропалықтармен (Португалия, Голландия) байланыс орнады. Еуропалық миссионерлер Қытайда христиан (католик) дінін насихаттай бастады. Дегенмен 16 – 17 ғасыларда әлеуметтік күрес шиеленісіп, шаруалар көтерілісі жиі бой көтерді. 1628 – 44 жылдары. Қытай тарихында ұзаққа созылып, кең аумақты қамтыған Ли Цзычен бастаған шаруалар көтерілісі нәтижесінде Мин империясы құлады.

Цинь империясы

Цинь империясы, Чинь (Шың) патшалығы (1644 — 1911) — Қытайдағы маньчжурлар әулеті билеген соңғы патшалық. Билеуші Нурцахи (Нұрхаш) (1559 — 1626) 16 ғ-дың аяғында Солт.-Шығыс Қытайда тұратын көшпелі маньчжур тайпаларын біріктіріп, Мин патшалығына қарсы күрес бастады. Ол 1616 ж. Хатула деген жерде “Да чжин” (“Ұлы алтын”, тарихта оны “Ху чжин — Соңғы чжин” деп атаған) мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1626 ж. Нурцахи қайтыс болғаннан кейін оның орнына баласы Абахай (Хуан Тайчжи) отырды. *1636 ж. Абахай мемлекеттің атын Цин (Чин — мөлдір) деп өзгертті. Бұл кезде Қытайдың орт. аудандарында Мин патшалығына қарсы Ли Цзычэн, Чжан Сяньжун бастаған халықкөтерілістері болып жатты. 1644 ж. Цзычэн бастаған көтерілісшілер Пекинге басып кіргеннен кейін Мин патшалығының соңғы императоры Чжу Ючжиян өзіне-өзі қол жұмсап, қаза болды. Маньчжурлардың әскері Қытай қорғанын күзетіп тұрған Мин патшалығының генералы У Саньгуймен бірігіп, көтерілісшілерге қарсы аттанды. Біріккен әскер Пекиннен көтерілісшілер армиясын ығыстырып шығарып, 1 мамыр күні Қытайда Цинь империясының орнағанын жариялады. Цинь империясы негізінен Мин патшалығы кезіндегі саяси жүйені нығайтты. Императорлық кеңес маньчжур ақсүйектерінен құрылды. Әкімш.-аумақтық бөлініс провинция, аймақ, округ пен ауданнан құрылды. 1683 жылға дейін әскери жорықтардың, билеуші топ өкілдерімен тиімді саясат жүргізудің барысында Тайвань аралына дейінгі жерлер бағындырылды. 17 — 18 ғасырларда елде а. ш. мен қолөнер дамып, алғашқы мануфактуралар пайда болды, капит. қатынастар орын ала бастады. Тың жерлер игерілді, кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 1712 ж. халық санағы жүргізіліп, егістік жерлердің көлемі есепке алынды. Цинь империясы. елдің батысындағы Жоңғар хандығымен үздіксіз соғыс жүргізді. Ол соғыста жоңғарларды Қшкі Моңғолия мен Халхадан ығыстырып шығарды. Қиыр Шығыста да үлкен табыстарға жетіп, Ресейді Амур бойынан бас тартуға мәжбүр етті. Цинь империясы шет елдермен, әсіресе, еур. мемлекеттермен “жабық есік” саясатын жүргізіп, империя аумағын сыртқы шабуылдардан қорғауды күшейтті. 17 ғ-дың аяғында Қытайдың шеткері аймақтардағы орт. өкіметке қарсы жүргізілген “Сан фан” қозғалысын күшпен басты. Жоңғар ханы Қалдан Сереннің Қытайға жасаған шабуылы тойтарылды. Орт. Азияда қалыптасқан ішкі қайшылықтарды пайдалана отырып, 1755 — 57 ж. Жоңғар хандығын біржолата жойып жіберді. 1756 — 57 ж. Қазақ хандығымен болған дығымен болған шекаралық әскери қақтығыстардан кейін өзара келісім жасалып, дипломат. қарым-қатынастар орнатылды (қ. Абылай, Цянь Лун). Цинь империясы Үрімжі, Құлжа мен Тарбағатайда қазақтармен малға тауарлар айырбастайтын арнайы базарлар ашты. 1759 ж. Қашғариядағы ұйғырлардың қарсылығын жаныштап, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. *1762 ж. Іле өз-нің бойында Чжаньчжунфу генерал-губернаторлығы құрылды. 1762 — 65 ж. оңт-те Бирма, Вьетнам, Непалға жаулап алу соғыстары жүргізілді. 18 ғ-дың аяқ кезінде Тибет жаулап алынып, Цинь империясы өзінің шарықтау шегіне жетті. 19 ғ-дан бастап Цинь империясы әлсірей бастады. Орт. өкіметке қарсы халық көтерілістері жиілеп, батыс державалары Қытайға ену әрекеттерін күшейтті.

Ежелгі Қытай мәдениеті

Батыс және орталық Еуропа мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі екі ұлы мәдени қозғалысты — Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияны қамтиды. «Ренессанс» деген атпен белгілі болған Қайта жаңғыру дәуірі ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы — діни бағытта жүзеге асырылды. Қайта жаңғы ру идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мәдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындағы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Қайта жаңғыру мәдениеті

Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет — XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдедіни төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері жөне т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Түңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сыңдарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең - қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды
0 дауыс

Қытай Халық Республикасы ‎ — Жұңxуа Халық Республикасы — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.        

Қытайлар  өз тегінің бастауын Манқыстаудан алады. Оларда Манның ұрпақтары, яғни Манғыт тайпасынан тараған. Бұл жерде  «Ад»-қа «ай» деген көпше жалғау жалғанып, Адай сөзінің дүниеге келгені сияқты, «Манғытқа» да «ай» жалғауын жалғасақ Манқытай болып шығады да, «Ман» мен «Ад»-тың бір мағынада екендігіне байланысты, алдыңғы Ман деген атасы айтылмай «Қытай» болып шыққан. Міне осылайша, «қытай» таза қазақ сөзі. Орыстардағы «Рус» деген сөздің орысша мағынасы жоқтығы сияқты, Қытайда да бұл сөздің Қытайша мағынасы жоқ. Қазақтардың оларды күні бүгінге дейін Қара Қытай дейтіндері осыдан. Олар ерте замандарда Қарақан қағандығының, тіпті күні кеше Шыңғыс қаған құрған алып империяның құрамында болды. Тіпті олардың күні бүгінде қолданыста жүрген ақшаларының атын да Юан деп қойған біздің аталарымыз.  Қытай тайпалары да кезінде осы Манқыстаудан кеткен.

Бұл күнде Қытайға  қола қорыту техникасының да, қола қаруларды өндіру өнерінің де қазақ даласынан, қазақ елінен барғандығы археологияда дәлелденген шындық.

Адамзат мәдениетіндегі ең көнесі, ең ұзаққа жалғасатыны, арада сан мыңдаған жылдар өтсе де қалпы біршама жақсы сақталып келе жатқаны да тіл екендігі белгілі. Сондықтан, тіл қазір де адамзат тарихы мен мәдениетінің жүйесін қуалауда ең сенімді құралдардың бірі саналады.

«Қытай тілі қалыптасу барысында түркі тілдерін (қазақ тілін М.Қ.)  өзінің лексикалық қайнары еткен. Қазіргі қытай тіліндегі көптеген түбірлер баба түркі тілінен (қазақ тілінен М.Қ.) барған. Бұл осы екі тілдегі жер, су, топырақ, жапырақ, күн, таң (аспан), жар, үй, саусақ, тыңда, көр, жүр, кел, кет, жүз, сой, үйрен, жебе, қап, қой, кент, ұлу (айдағар) сияқты ең байырғы жүздеген негізгі түбір сөздерде байқалады» (Я. Құмарұлы: «Алыстағы ата мұра», Ұлттар баспасы, 2003 ж. 41 бет).            

«Бұл кезде (Х111 ғасырдың басы М.Қ.) бүкіл Орта Азияға қарақытайлықтар иелік ететін. ...Қарақытайлықтарды моңғол шапқыншылығынан кейін бір жаққа қоныс аударып, ауып кетті деуге негіз жоқ екенін айта келіп, өзі тапқан екі дерекке назар аударады. Оның бірі Құрбанғали Халитовтың «Тауарих Хамсасы», екіншісі шүршіт тайпасынан шыққан Темірбай Бектасовтың жаздырған шежіресі. Ол, мынандай: Найман, одан Белгібай, одан Елте (Ел-ата), Бағаналы, Балталы, Сүгірше, Сүйініш, осының Сүгіршесінен Сарыжомарт пен Төлегетай, Төлегетайдан Қытай, одан Қарагерей, Матай, Садыр, Төртуыл тарайды.

С.Аманжолов осындағы Қытайды тайпалар одағының аты деп қабылдайды. Т.А.Жданконың деректеріне сүйене отырып, Х11 ғасырдан бері олардың қазіргі Талдықорған облысының терістік шығысы мен Шығыс Қазақтан облысының оңтүстік шығысын мекендегенін анықтайды. Сөйтіп қарақытайлар сол кезеңнен бастап қазіргі наймандардың бір бұтағы болып келеді деген тұжырым жасайды. Оған мынандай дәлелдерді негіз етеді:

бірінші, Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде қазіргі ұғымдағы қытайларды табғаш немесе тавгаш деп атайды. Сонда басқа түркі тайпаларымен бірге, мысалы, усундармен, қырғыздармен, татарлармен, ашиналармен (Алшындармен М.Қ.) үш құрықандармен қоса қытай атауы да аталады. Бұл басқа емес, осы Садыр, Матай, Төртуыл және Қарагерейден тұратын тайпалар одағы. Қытайлар бұған дейін өз алдына жеке дербес болғанымен, Х11 ғасырдан кейін наймандар одағына қосылған;

екінші, Махмұд Қашқаридың «Диван Лұғат-ат-түрк» (Х1 ғ.) атты шығармасында қытайлар түркі тайпаларына жатқызылады;

үшінші, академик В.Бартольд: «Мұсылман тарихшылары Хижраның 408  жылы (жыл санауымыз бойынша 1017-18 жылдар) мұсылман емес түріктер қоныс аударғанда арасында қытайлардың болғаны жөнінде айтады...

төртінші, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның мәліметі бойынша Садыр тайпасының қытайша шато болып аталатынын көруге болады. Шатолар Шығыс түріктерінің өмірінде үлкен роль атқарады. Мұның сыртында Орхон-енисей ескерткіштерінде аталатын чуй тайпаларының бірі чуэ казіргі Садырлардың арасында бар. (М.Тынышпаев ұсынған кестеде Садырдан Тон Чуе және Сарыжетім, осының Чуесінен Итемген, Дегенші және Шағыр тарайды).

Бесінші, қытай деген тайпа атауы өзбектердің арасында да сақталған. Өзбектерде қытай атауы қосарланып (қытай-қыпшақ) аталатындықтан, олардың бүкіл Орта Азияға үстемдік етіп тұрған кезінде Қазақстанның шығыс облыстарынан келгенін аңғаруға болады. Осы орайда қытай тайпасы атауларының теңеулерінің мысалы, череуші-қытай, мәнжулі-қытай, аралбай-қытай, қайшылы-қытай, қазаяқты-қытай, қайын-қытай, екішейх-қытай болып келуі ерекше назар аударады. Қытай башқұрттар мен қарақалпақтардың арасында да бар.

...Қытай атауы тек наймандарда ғана емес, қазақтың біраз ру-тайпасында бар. Айталық, жоғарыда айтылған қыпшақтар арасындағы қытай-қыпшақ, сары-қытай, құлан-қытай жалайырлардың шуманағындағы маңғытай, қоңыраттардың көтеншісіндегі маңғытай керейлердің абағындағы шереуші-қытай және басқалар. Осының бәрін кездейсоқ ұқсастық деп қарауға бола ма? Тарих дерегіне қарасақ, батысқа не шығысқа қоныс аударып, ауып кеткен, болмаса қырғынға ұшыраған қарақытайлықтар және байқалмайды. Сонда бір кезде көшпелі империя дәрежесіне жеткен қара қытайлықтар қайда кетті? Көкке ұшты ма, әлде жер жұтты ма? Егер осының бірі де болмаса, сөз жоқ, онда олар көрші тайпалардың құрамына кіріп, сіңісіп кеткен болады ғой. Ендеше бұл да халқымыздың көне тарихын уақыт талабына сай жаңа бағытта зерттейтін ғалымдардың назарды баса аударар бір үлкен мәселесі болуға тиіс. Бұл арада қарақытайлықтардың тегі қытай емес екенін де есте ұстаған жөн. Осы айтылған әңгімелерден менің бір байқағаным қазақ халқының құрамына  енген қай тайпа туралы сөз қозғасақ та, әлі күнге біреуінің не атаулық мәні ашылмаған, не шығу тегі нақты көрсетілмеген, бәрі де шамасы осылай деген болжам төңірегінде. Сонда қазақ халқының көне дәуірінің нақты тарихы қалай жазылмақ? Бұл шамасы таяу уақытта бітпейтін шаруа болса керек? (Салғараұлы Қойшығара «Қазақтың қилы тарихы» Алматы-1992. 257-259 б.б.).  Бұл сұрақтардың жауабы төмендегіше:

-  Қытайлықтардың өз тегін Маңғыстаудан шыққан Маңғыт тайпаларынан алатынын жоғарыда айттық. Бұған басқа дәлел іздеп бас қатырудың да қажеті шамалы. Манғыттың да, Манқыстаудың да бастау алар жері Ман атамыздың атынан шығады.

-  Қарақытай атауындағы Қара сөзі де өз бастауын Манқыстаудың ең түкпіріндегі Түпқарағаннан (Қараған түп, Қараған түбек) алады. Өздеріңіз көріп отырғандай «түп» сөзі кез келген ұғымның бастау алатын жерін білдіреді. Мысалы, қазанның түбі, құдықтың түбі, теңіздің түбі, түп ата, осыған сәйкес сөз түбірі (өз түбі) т.т. болып жалғасып кете береді. Осындағы Қара сөзінің түбірі бүкіл әлемге Ар деген ұғымды да, осы есімді өздеріне атау етіп алған елдердің бәрінің шыққан тегі мен жерін білдіреді. Олардың қатарына Қазақтың үш арысы, Сегіз Арыс Адайлар, яғни Адайдың сегіз немересі, Үнді – Арийлер, Парсылар, Арап елдері т.б. жатады.

-   Бұны түсіну үшін Қаз (ан, ар, ақ, ия, стан) атанған елдің бүкіл әлем елдерінің бастау алатын ел екендігін мойындауымыз керек. Бұл жерде шындығында адам түсінбей, бас қатырардай дәнеңе де жоқ. Себебі, бүкіл әлем елдерінің түп атасы  қазақтың ру, тайпа аттарында әлі сол бұрынғы бастау алған күйінде қалып отыр. Бұны толық түсіну үшін Қазақ елін Адам атаның қара шаңырағы екендігін мойындасақ жетіп жатыр. Қазақтың ежелгі шежіре, жыр-дастарындағы Өзбекті де, Қарақалпақты да, Қырғызды да тіпті бәрі-бәрінде өз ағам деп атайтыны осыдан. Бүкіл әлем елдері мемлекеттерінің дүниеге келуі, қазақ отбасыларының дүниеге келуімен бірдей. Айталық, бір Атамыздың он екі баласы бар. Атамыз ең бірінші, ең үлкенін үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, бөлек отау етіп тігеді. Қалған онын да осы ретпен отау етіп шығарады. Атамыз ең соңында кенже баланың қолында қалып, ол үй Қарашаңырақ немесе Ошақ деп, ал балаларының ең үлкені Тақ мұрагері деп аталады.  Қазақтың Отбасы Отанның шағын макеті, Отан отбасыдан басталады дейтіні осыдан.  Міне осылайша, бүкіл әлем елдері қазақтан бөлініп отау тікті. Бөлінбегендері қара шаңырақта қалып 105 таңбалы бүгінгі қазақ мемлекеттігін құрап отыр.  Бүгінгі әлем елдері  атауларының барлығы дерлік  қазақтың ру, тайпа атауларында сақталып қалғанының себебі осы.

- Қытайлықтар Манқыстаудан кеткен жеті жұрттың бірі ретінде Түмен Балтабасұлының «Маңғыстау» атты жырында аталады:

                           ...«Бұл жерден кімдер кетіп, кім қалмаған?       

                           Қара жер қаза жетсе кімді алмаған?                     

                           Қызылбас, Қытай, Қыпшақ, Қырым, Қырғыз,

                           Айладыр алтау болса, қалмақ жетеу -

Ерлерден ертедегі қалынған жер» (Әзірбайжан Қонарбаев «Түмен Балтабасұлы» Алматы-2009. 22 бет).  Өздеріңіз көріп отырғандай аттары аталған елдердің ешқайсысы Маңғыстауға жаулаушы болып келген ел емес, отау болып кеткен ел  ретінде жырланады. Әйтпесе, олар Ер (батыр) деп дәріптелмеген болар еді. Мысалы, Алтын Орда мен Осман империясын күйреткен Темірді, мына көрші өзбектер Әмір, Көреген, Сақыпқыран деп үлкен құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны ауыл, үйдің тентек баласы іспетті, жай ғана Ақсақ Темір деп атаған. Қазақта дені дұрыс, құрмет көрсететін адамының дене кемшілігін есіміне қосып атамайды. Әйтпесе, ежелгі қазақта дене кемшіліктері (соқыр, шолақ, бүкір т.т.) бар билеушілер (хандар мен қағандар) аз болмаған.

Армян тарихшысы Егише Вардапет 450 жылы былай деп жазыпты. «Ү ғасырдың 50 жылдарында Ақхұндар іргелі елге айналып, парсыларды ығыстырып, олардың шабуылына тойтарыс беріп, ата қоныс көршісі Қытайға 456 жылы тұңғыш елшілігін жөнелтті. Бір кезде өздерін мекенінен қуған Қытаймен қарым-қатынас жасамақ болғаны, ең әуелі, қыр көрсету ғана емес, өзінің әлемге әйгілі тұлғалы ел болғанын Иранның Сасанит әулетінің патшасы Перозды (459-484) күйрете жеңуі негізгі себеп болды» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 75 бет).

Қытай елінде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі философиялық ілім болып саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғасырында Орталық Азиядағы Кушан патшалығынан Шығыс Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік зороастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де таралып, өріс жайды. Олар да біздер сияқты ата-баба аруағына мінәжат етеді.

Адайдың шежіре дерегі бойынша қытайлар, Адайдың сегізінші немересі Мұңалдың Қиятынан тарайды. Қият, Қиан, Қидан, Қыпшақ, Қытай – бәрі бір түбірден.

Бүгінгі Қытайдың ресми дерегі бойынша да б.з.б. 140 – 87 жылдары конфуцийшілдік ресми идеологияға айналған. Хань әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз деп атады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-моңғол (қазақ-мұңал) тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін қалады. Олардың ақшаларының Юан деген атау алуының сыры осы.

Б.э.д. III мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің (Сары өзен) орта және төменгі ағысында тұстарын, Боқай шығанағының жанындағы жазықтықты, және Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «жун» немесе «цзян», оңтүстікте — «ман». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауымдармен өмір сүрген және ортақ шаруашылықты жүргізген. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «й» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін кұрды.

Міне бүгінгі Қытайды құраған елдердің сол өңірге қазақ даласынан барғандықтарының айдай айғағы. Қытайдың негізін қалаған Хан әулеті дегеніміз, Маңғыстаулық Қаңға бабалықтар (Қан  аға) болып табылады. Қытай жеріндегі жер-су, ру, тайпа атауларының бәрі-бәрі қазақи атаулар. Ал, олардың өздерін «Й» деп атайтындары, бұл Атаның (Аданың) баласымыз дегені. «Ман» мен «Жүнге» келсек, Манымыз сірә Ман (Манқыстау), ал Жүн (Жун), бұл Күн елінің ұрпағы, яғни мал баққан елдің ұрпағымыз дегендері болып табылады.

«Қытай тарихшылары өз елінің ең ежелгі тарихын былай бастайды: «Қытайлармен алғашқы байланысқа түскен Сиуңнулар мен Қытайдың алғашқы билеуші әулеті бір әулеттен болатын». Немесе қысқаша айтқанда «Қытайлардың алғашқы билеуші әулеті көшпенділер әулетінен шыққан» деген сөз. Қытайдың алғашқы билеуші әулеті де, көне Қытайдағы бірнеше княздіктің басын біріктіріп, «Аспан асты империясын» құрған Ши Хуан-ди патша да көшпенділер әулетінің өкілдері. Осы жерде түрік императорлары өздерін «Көктің ұлы», «Тәңір құт» деп атағанын айта кеткен жөн. Түріктердің ұстанатын діні – Тәңір діні десек, түріктер Тәңір құдайдың мекені аспанда, зеңгіркөкте деп есептеген. Ал, өздерін тәңірдің жердегі өкілі – Көктің ұлы деп атаған. Сондықтан да, олар құрған империя Көктің ұлы империясы – Аспан асты елі деп аталған.

Қанша ерте дамыған дегенмен қазіргі ғылымға белгілі қытай жазба тарихы б.д.д бірнеше ғасырдан ғана осылай басталады» (Бекжан Бейсенбай, отырартанушы «Пирамидаларды салған кім?).

...