+4 дауыс
3.0k көрілді

Құнды, деректі 5-6 сөйлеммен ежелгі Хорасан қаласы туралы мәлімет бере аласыздар ма?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
қарап көрініз http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%BE%D1%80%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%BD
Хорасан (ортағасырлық парсы — күннің шығуы, шығыс) — Орта Шығыстағы тарихи облыс. Хорасанның құрамына қазіргі Иран Ислам Республикасының солтүстік-шығыс бөлігі, Мерв шұраты, қазіргі Түрікменстан Республикасының оңтүстігіндегі шұраттар, қазіргі Ауғанстанның солтүстік және солтүстік-батыс бөліктері кіреді. Хорасан атауы Сасани әулеті кезінен белгілі (Хуарасан). 7 ғасырдың ортасында Хорасанды арабтар жаулап алды. Араф халифаты ыдырағаннан кейін 9 ғасырдан 16 ғасырдың бас кезіне дейін Тахири, Саффари, Самани, Ғазнауи, Салжұқтар әулеттерінің, хорезмшахтар, т.б. мемлекеттердің құрамында болып, Орта Шығыстың экономикалық жағынан неғұрлым дамыған облыстарының бірі болды. 1510 — 1736 жылы Сефеви әулеті мемлекетінің құрамына енді. Бұл мемлекет құлағаннан кейін Хорасанның бір бөлігі (Герат облысы мен Балх) Ауғанстанның Ауғанстанның құрамына, бір бөлігі Иранның құрамына кірді, ал Мервті 19 ғасырдың бас кезінде түркімендер басып алды.

Ұқсас сұрақтар

+5 дауыс
3 жауап
+3 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
6 жауап
...