Қыдыру, Демалыс | 20k қаралды
20k қаралды
ҰлыБритания қалалары, ҰлыБритания тарихы ақпарат керек?

4 жауап

Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) менирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі —пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

Ұлыбритания қалалары:

Үлкен Лондон,
Бирмингем,
Лидс,
Глазго,
Шеффилд,
Брадфорд,
Ливерпуль,
Эдинбург,
Манчестер,
Бристоль.

Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):

Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон),
Уэльстен (8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф),
Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург),
Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады. Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.
Ұлыбританияныӊ туы

ҰЛЫБРИТАНИЯ ТУЫ

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:

Еуропада — Гибралтар,
Америкада — Ангилья,
Бермуд аралдары,
Британдық Виргин аралдары,
Кайман аралдары,
Монтесеррат,
Теркс пен Кайкос,
Фолкленд (Мальвин) аралдары,
Африкада — Әулие Елена аралы,
Океанияда — Питкэрн аралы бар.

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституциялық дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының шешімдеріне (прецеденттердің) негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) — Елизавета II (1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі)

Тарихы

Стоунхэндж 2500б.з.б.

Ұлыбритания аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 — 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.

1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453 жылға дейін).

Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.

1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.
17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.
1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.
1640—1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.
1651 ж. Ирландия,
1652 Шотландия басып алынды.
1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.
18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.
18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.
1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.
1793—1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.
1899—1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.
1947 ж. Үндістан мен Пәкстанға тәуелсіздік берілді.
1945—1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.
1949 ж. НАТО-ға мүше болды.
1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.
1979—1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.
1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.

Лондон - Англия және Ұлыбритания астанасы, әрі ең ірі мегаполисі. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 кm². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады. Лондон нөлдік немесе Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2012ні қабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда. Лондон әлемдегі өнер, сауда, білім және ғылым, сән, қаржы, кәсіптік қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көлік салалары бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Қалада әлемдік деңгейдегі Хитроу аэропорты және Темза өзенінің жағасында әлемдегі ең үлкен өзен порттарының бірі орналасқан.

Бирмингем (ағылшынша Birmingham [ˈbɝːmɪŋəm]) – Англия, Уэст-Мидленс графтығының орталығындағы сити мәртебесіне ие қала. Бирмингем Уэст-Мидленс аймағының орталығы болып табылады. Сондай-ақ тұрғын саны (2009 жылы 1 млн. адам) жағынан Англиядағы Лондоннан кейінгі екінші қала болып табылады.

Эдинбург (ағылш. Edinburgh [ˈɛdɪnb(ʌ)rə]) — Шотландияның астанасы және Шотландия парламенті орналасқан қала. Бұл қала көлемі жөнінен Шотландиядағы екінші қала және халқының саны бойынша Ұлыбританияда жетінші орында. Эдинбург қаласының кеңесі Шотландиядағы 32 жергілікті өзін өзі басқаратын аймақтардың бірі. Аймаққа Эдинбург қаласының кеңесі және 30 шаршы миль ауылдық жер кіреді. Эдинбург Шотландияның шығыс жағалауындағы Ферт-оф-Форт шығанағының оңтүстік жағасында орналасқан.

Қала жаңару дәуірі кезінен ірі тарихи орталықтардың бірі, әрі Эдинбург университетінің арқасында Солтүстіктің Афинасы деген атқа ие болды. Эдинбургтың Жаңа шаһар мен Ескі шаһар аудандары ЮНЕСКОның әлемдік мұра қатарына ортағасырлық көне шаһар мен Георгиймен жоспарланған Жаңа шаһардың қайталанбас ерекшеліктерін тану мақсатында 1995жылы енгізілді.

Қалада жыл сайын Эдибург фестивалі өткізіледі. Бұл фестиваль тамыз айынан бастап 4 апта көлемінде өткізілетін ресми және тәуелсіз фестивальдердің тобы. Сол кезеңде келушілер саны қаланың бүкіл халқына тең болады. Эдинбург қаласына жыл сайын 1 миллионнан аса шетелдік туристтер келеді және бұл көрсеткіш Ұлыбританиядағы туристтер ең көп келетін екінші қала болуына септігін тигізеді.

Жақсы Жауап
маган  улыбританиянын тагамдарын жазып бериниши отнет сизден???
Улыбританиянын халқы туралы шығарма керек едi
Алдын ала рахмет
Ұлыбританияның  туризм рекрациялық аудандар
118,615 сұрақ
305,987 жауап
153,309 пікір
68,401 қолданушы