+5 дауыс
2.6k көрілді

Құнды, деректі 6-7 сөйлеммен ежелгі Бағдад қаласы туралы мәлімет бере аласыздар ма?

3 жауап

+4 дауыс
Алла разы болсын Сізге! Көөөп рахмет
+2 дауыс
Иран-Ислам республикасынын астанасы. Бұл б.з.б 2 мың жыл бұрын құрылған немесе одан да көп деп Тарихта жазылып тұр.
+3 дауыс
Қазіргі Ирактың астанасы!
Бағдат(ежелгі парсының ‘M “баға” — құдай, kAk “дад” — сый, яғни, “құдайдың берген сыйы” сөзінен шыққан деген жорамал бар) — Ирактың астанасы, Бағдат мухафазының әкімш. орталығы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай Дияла өзенінің сағасына дейінгі аралықта, Жерорта теңізі, орталық және Оңтүстік [Азия] елдерін жалғастыратын жолдар тоғысында орналасқан. Халқы 3 млн. (1996). Бағдатты 762 жылы Мадинат ас-Салам (Бейбіт қала) деген атпен халиф Мансұр салдырып, Аббас әулеті халифатының астанасына айналдырады. Бұрын оның орнында шағын елді мекен болған. 9 ғасырда қала қолөнер кәсібі мен сауда-саттықтың, ортағасырлық араб мәдениетінің ірі орталығына айналған. Бағдат арқылы Үндістаннан, Арабиядан, Еуропа елдерінен тауарлар тасылды. Аббас әулетінің халифаты ыдырағаннан кейін өзінің саяси маңызын жоғалтқанымен, күллі шығыс жұрты табынған ғылым орталық болып қала берді. 13 ғасырда Бағдатта 30-дан астам кітапхана болған. 945 жылы Буида әулетінің, 1055 жылы Салжұқ әулетінің қол астына өткен. 1258 жылы Бағдатты Шыңғыс хан әулеті басып алып, қаланы қиратып, тонады. 14 ғасырдыңсоңы мен 15 ғасырдыңбасында Әмір Темір бұл қаланы екі рет жаулап алды. 16—17 ғасырларда Бағдат біресе түріктердің, біресе парсылардың билігіне өтіп отырды. 1638 — 1917 жылы қала Осман сұлтандығының құрамында болды. 1917 жылы ағылшын әскерлері басып алды. 1920 жылдан Британияның мандатымен басқарылатын территорияның әкімш. орталығы, 1921—1958 жылы Ирак әмірлігінің астанасы. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың (1948, 1949, 1952, 1954 жылғы ірі көтерілістердің) ошағы болды. 1958 жылдан Ирак Республикасының астанасы.

Ирактағы барлық өндіріс орнының, әсіресе, тоқыма, тері өңдеу, тамақ өнеркәсібінің 25%-і Бағдатқа шоғырланған. Ірі электр техника зауыты бар. Қала жанында ірі мұнай зауыты орналасқан. Бағдатта әлемге белгілі сәулет ескерткіштері: Аббас әулетінің сарайы (12 ғасырдыңсоңы — 13 ғасырдыңбасы), Зүбайда кесенесі (13 ғасырдыңбасы), Сұқ әл-Ғазал мұнарасы (1279), Маржан ханның керуен сарайы (1358/59), Мұса әл-Қадамның “Алтын мешіт” кесенесі (1515) және т.б. жақсы сақталған. Сондай-ақ мұнда университет, Ғылым Академиясы, 6 музей, кітапхана ғимараты бар. Ежелгі Қазақ топырағынан шығып, бүкіл түркі жұртының мақтанышына айналған ойшыл ғалымдар — Әбу Наср әл-Фараби (870—950), Әлам әд-Дин әл-Жауһари (шамамен 1008 ж.ө.), Бурһан әд-Дин Ахмад әл-Фараби (шамамен 1174 ж.ө.), Махмұт Қашқари (11 ғасыр), Әбу Абдаллаһ әл-Баласағұни (1040/50 —1112), Абд әл-Ғафур әл-Кердери (шамамен 1166 ж.ө.) және т.б. білімдерін толықтыру үшін Бағдатқа барып, дәріс алған, ғылым еңбектер жазған.[1] [2][3]

Ирактың астанасы — Бағдат Ирактың орталығында дерлік Тигр өзенінің жағалауында, Диял өзенінің сағасынан қашық емес жерде орналасқан. Қала мен оның төңірегіндегі жердің ауа райы субтропиктік жерортатеңіздік климаттың ықпалымен қалыптасады. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы шамамен +10°С-ты, шілдеде — шамамен +34°С-ты құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 160—180 мм аралығында болады.

Мамыр-маусым айларында солтүстік-батыстан жел соғып тұрады. Бұл кезеңде Бағдат пен оның айналасында шаңды және құмды дауылдар жиі болады. АҚШ-пен әскери қимылдар басталғанға дейін (2003 ж.) Бағдаттағы халық саны 5,1 млн-нан астам адамды құрады. Алайда қала тұрғындарының бір бөлігінің опат болуы, сондай-ақ Бағдаттықтардың елдің басқа қалалары мен шет елдерге саяси себептермен қоныс аударуының нәтижесінде қала халқы айтарлықтай кеміді. Қала халқының ұлттық құрамы, негізінен, арабтардан (75%-ы), сондай-ақ күрдтерден, түріктерден, ассириялықтардан, армяндардан, еврейлерден, т.б. тұрады. Араб тілі мемлекеттік тіл болып табылады, ресми мәртебе алған күрд тілі де кең таралған. Бағдаттың дінге сенуші тұрғындарының арасында шииттік және сунниттік бағыттағы мұсылмандар (90%-дан жоғары) басым, шамалы бөлігі христиан және иудея дінін ұстанады. [4]
көп-көп рахмет, Алла разы болсын!
Сұрақтарға келесі жолы жауап бергенде "жауап беру" деген функциямен жауап берсеңіз, сіздің жауабыңызды "жақсы жауап" деп таңдауға мүмкіндік болады...) Сәттілік!

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
6 жауап
...