Өте орынды сұрақ қойыпсыз, Әлібек! Пікіріңіз үшін рахмет! Әрине, "Бақыт" деген ол мынау деп айтатындай тұрақты формуласы жоқ дүние болғандықтан оны әркім өзінше түсінеді. Мен маған жазылған жауаптағы пікірлердің бәрімен де толықтай келісемін. Өйткені, бақыт ол этнос танымында солай болып келеді. Және сол пікірлерге алып қосарым бар. Сонымен қатар, "Бақыт" деген мен үшін мені қоршаған отрадағы басқа субъектілер(туыстарым, достарым, ұстаздарым............... ) мені іздеп жатса, бар екенімді ұмытпай, әрдәйім қарым- қатыныста болып, қуанышым мен қайғыма ортақтасып жүрсе , және мен оны өзім сезінсем сол үлкен бақыт. Мысалы, қараңыз, сіздің төрт құбылаңыз тең, не ішемін не киемін деп қиналмайсыз, барлығы да бар, бірақ, қатты ауырып жатырсыз, ақшаңызды ары - бері шашып қаралудасыз, БІРАҚ, СІЗДІ ІЗДЕП ҚАЛ ЖАҒДАЙЫҢЫЗЫ СҰРАП ешкім келмесе онда сіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз, ешкімге керексіз сезінесіз солай емес пе?..Сіз қалай ойлайсыз?