0 дауыс
2.0k көрілді
Қайрлы күн! Электронды ақша туралы нақтырақ білгім келеді. Оның қызметтері қандай? Қандай артықшылығы, кемшілігі бар? Қазақстанда қазір қандай электронды ақша сервистері, түрлері бар? Қайсысы тиімді? Жалпы электронды ақша туралы жауаптарыңызды күтем, электронды кошелегі барлар болса тіпті жақсы.

4 жауап

+1 дауыс
Қайырлы күн!!! Мен Qivi кошелек қолданамын, содан артығы жоқ Қазақстанды қолдайды теңге айналымы бар, тек рубль емес. Ішіне ақша аудару үшінде Терминалдан аударам коммиссия аз үстайды 200 теңге салсам 196 теңге счетқа түседі. Актив, Белайн, Теле2 барлық операторларға бірлік(теңге) аудару 0.0 теңге коммисия ұстамайды. Банкомат Visa карточкаларына ақша аударуға болады, мүмкіндіктер көп "ОтауТВ" т.б қызметтердің ақшасын кошелек арқылы төлей аласыз. Қолданып жүргеніме бір жыл болды жақсы нәрсе. Тек қана ұялы телефоныңызға бағдарламасы табылса екен деңіз себебі бұл АНДРОЙДТАРҒА АРНАЛҒАН.
Артықшылықтары мына енді-енді дамып келе жатырған Қазақстанға ондай көп байқала қоймас. Дегенмен сол бәрі түбінде сол электронды ақша, элекртонды әмиянға көшеді(әзірге көп байқалмайды) Шет елдерде дамыған елдерде соның иісі байқалады. Мүмкіндіктері елімізде аз. Қазақстаннан сондай электронды әмиян(кошелек) ойластырылса және интернет магазиндер көбейсе деген арман бар.
Негізгі түсінік қалыптасты)))  Қазіргі таңда Қазақстанда электронды ақша айналымы, қолданысы заңдастырылған ба?
Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).Тұтастай алғанда, электрондық ақшаны шығару, тарату және қолдану тәртібінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдары деңгейінде реттеледі. Қазіргі уақытта осы мәселелерді реттейтін, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Сонымен бірге электрондық ақшаны шығару электрондық ақшаны нақты ақшаға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, яғни эмитент банк пайдаланушыдан (жеке тұлғадан) тиісті ақша сомасын алғаннан кейін электрондық ақшаны пайдаланушының “электрондық әмиянына” қабылданған нақты ақшаның номиналды құнының мөлшерінде “салуды” жүзеге асырады. Осыдан кейін иесі (жеке тұлға) электрондық ақшаның қолда бар сомасы шегінде электрондық ақша жүйесінде сауда және өзге де операцияларды жасай алады. Электрондық ақшаны тарату үшін эмитент банк оны банктік қызмет көрсету орталықтарындағы өзінің филиалдық желілері арқылы тарата алады немесе электрондық ақшаны пайдаланушылар арасында таратумен айналыса алатын өзінің агенттік желісі болады. Негізгі функциясы эмитент айналысқа шығарған электрондық ақшаны сату және сатып алу болып табылатын осындай агенттің рөлінде эмитент банкпен тиісті шарттық қарым-қатынастары бар заңды тұлға бола алады.
Бізде осындай эмитент банктердің бар болғаны ғой, заң жүзінде реттелген болса... жақсы бастама... Жауаптарыңызға рахмет!
Qiwi кошелекті пайдаланғаныңызға 1 жыл болды дедіңіз. Осы 1 жылда қандай жақсы жақтарын байқадыңыз? Не ұттыңыз? Неден ұтылдыңыз?
Жақсы жақтарын көру әрине ішіндегі ақша мөлшеріне байланысты болмай ма? Ақша жоқ болса ешқандай жақсылығы жоқ. Бір рет Алматыдан 32Gb флэшка заказбен алғаным болмаса почта арқылы бірнеше күнде үйге жеткізді өзім Маңғыстаудан болам, ал ұсақ түйек ұялы телефоныма бірлік жүктеу. OLIMPKZ ФУТБОЛДАН СТАВТАК ТІГУ ЖӨНІ БӨЛЕК. ҰТЫСТАР БОЛАДЫ. БІРАҚ СІЗДІҢ АЙТЫП ТҰРҒАҢЫЗ БҰЛ ҰТЫС. ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫН КӨРДІҢІЗ ДЕЙСІЗ ҒОЙ. ПАЙДАСЫ МЕН БҰРЫҢҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІМНІҢ ҮСТІНЕ МҮМКІНШІЛІК ҚОСЫЛДЫ ОНЫҢ ӨЗІ ПАЙДА. ЕШКІМ БАНКОМАТ КАРТОЧКАДАН ҚОЛМА ҚОЛ АҚШАДАНДА ЕШКІМ ҚЫСПАЙДЫ БАРЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНА БЕРЕМ БҰРЫҢҒЫША. УАҚЫТ ҮНЕМДЕУ ЖАҒЫДА БАРА-БАРА ЖАҚСЫ БОЛАДЫ "ОТАУ ТВ"- НЕМЕСЕ "ҮЙДІҢ ЖЫЛУ СУ ЭЛЕКТРИЧЕСТВОНЫҢ" ақысын үйден шықпай-ақ төлей алсам пайдалы емес па.
Мынаны қолданып көр, бұл одан да тиімді Қазқстандық сервис , шотты толтырғанда 1% ғана ұстайды Касса 24 , мында толығырақ  
0 дауыс
Мына бейне жауапта толық айтылған

0 дауыс
Күні кешеге дейін валюта айырбастаудың, басқа елдерге ақша аударылымдарын жөнелту мен алудың не екенін білмейтін едік. Бүгін ештеңеге таңғалар емеспіз. Зейнеткерлердің өзі зейнетақыларын пластикалық карталармен алатын болса, жүйрік уақыт үйіңнен шықпай, электронды ақша арқылы есеп айырысуға болатындығын көрсетіп отыр. Осы ретте Мәжіліс қоржынына бір жылдан астам бұрын түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. «Қазақстанда төлемдер мен қаржылық операцияларды іске асыруда электронды ақшаны шығару мен қолданудың құқықтық негіздерін қалыптастыру мақсатында әзірленді» деген Заң жобасын мәжілісмендер бірден мақұлдай қоймады. Бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Серік Темірболатов Үкіметке кері қайтару туралы ұсыныс айтып, дауысқа салу кезінде ол ұсыныс өтпегенмен, екінші оқылымның өзінде депутаттар жобаның кейбір нормаларымен келісе алмай, үшінші оқылымға қалдырды.

 Әдетте Үкіметтен түскен заң жобаларына шұқшия бермей, жеңіл-желпі ұсыныстар ғана жасап, мақұлдап, Сенатқа жібере салатын мәжілісмендердің бұл жолы шалқаюының мәнісі неде? Осы сұрақтың байыбына бару үшін сөзді электронды ақшаның қандай қаржылық құрал екенінен бастап көрелік.

 Электронды ақша Интернет жүйесінде және телекоммуникациялық жүйеде төлем жүргізу үшін қолданылады. Бүгінгі күні ол әлемнің көптеген елдерінде төлем кәртішкелері мен басқа да төлем құралдарына қосымша жаңа төлем құралы болып табылады. Әсіресе, ең көп қолданылатын саласы — интернет-сауда. Мысалы, электронды сауда жасағысы келген заңды немесе жеке тұлғалар осы операцияны орындауға лицензиясы бар банкке тиісінше ақша салады да, банк оған ақшасы көрсетілген кәртішке береді. Банк Интернет арқылы жүргізілген операция мен аударылған ақшаны Интернет арқылы қадағалайды. ТМД елдері арасында электронды ақша мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер Беларуссияда, Украинада, Армения мен Қырғызстанда қабылданған. Ресейде тиісті заң жобасы дайындалып, қазір Мемлекеттік думаның қарауында.

 Қазақстан территориясында шетел эмитенттері (көбіне Ресей компаниялары) шығарған электронды ақшалар белсенді таратылуы байқалады. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов кейбір сарапшылардың Қазақстан нарығында шетел эмитенттерінің электронды ақшаларымен орта есеппен бір айдағы операциялар көлемінің 10 миллион АҚШ долларына жететінін айтатындығын білдіреді. Мұндай жағдай отандық электронды ақша жүйесі мен эмитенттердің жоқтығынан орын алып отырса, электронды ақшаның айналымына орай құқықтық кеңістік құру үшін заң керек екені анық. Заң жобасы қабылданған соң қазақстандық Интернет пайдаланушылар мен сатушылар арасындағы сауда-саттық отандық эмитенттер шығарған, әрі ұлттық валюта — теңгемен айқындалған электронды ақша пайдалану заңды негізде ғана жүзеге асырылады десек, мәжілісмендердің көңілдерін май ішкендей кілкілдетіп отырған не?

 Cебебі жобаның үкіметтік нұсқасына мәжілісмендер бірталай өзгерістер енгізу үшін өз ұсыныстарын берсе, ол ұсыныстар әзірге жобаны ұсынушы жаққа жақпай отырғанға ұқсайды. Анықтап айтқанда, жобада электронды ақша иесі жеке тұлғаның кім екені белгілі болған жағдайда бір операцияның шекті көлемі — 500 айлық есептік көрсеткіштен (750 мың теңге), электронды ақша иесі жеке тұлғаның кім екені белгісіз болған жағдайда бір операцияның шекті көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен (150 мың теңге) аспауы тиіс. Ал, депутат Мұрат Әбенов осы нормаларды өзгертуді ұсынады. Оның ішінде электронды ақша иесі жеке тұлғаның кім екені белгілі болған жағдайда бір операцияның шекті көлемін — 50, жеке тұлғаның кім екені белгісіз болса, 10 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету қажеттігі туралы ұсыныстарын жобаны дайындаған Ұлттық банкке ұсынғанмен, оны қабыл алмады. Бұл жерде Ұлттық банк әлемдік тәжірибені, сондай-ақ, электронды ақшаның жасырын иесінің 8 мың долларға дейін, ал, иесінің кім екені белгілі болған жағдайда мүлдем шектеу қойылмаған деп, Кеден одағындағы серіктесіміз Беларуссияның тәжірибесін көзір етіп, Үкіметтің осы мәселе бойынша позициясы туралы үнсіз қалып отыр.
0 дауыс
Күні кешеге дейін валюта айырбастаудың, басқа елдерге ақша аударылымдарын жөнелту мен алудың не екенін білмейтін едік. Бүгін ештеңеге таңғалар емеспіз. Зейнеткерлердің өзі зейнетақыларын пластикалық карталармен алатын болса, жүйрік уақыт үйіңнен шықпай, электронды ақша арқылы есеп айырысуға болатындығын көрсетіп отыр. Осы ретте Мәжіліс қоржынына бір жылдан астам бұрын түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. «Қазақстанда төлемдер мен қаржылық операцияларды іске асыруда электронды ақшаны шығару мен қолданудың құқықтық негіздерін қалыптастыру мақсатында әзірленді» деген Заң жобасын мәжілісмендер бірден мақұлдай қоймады. Бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Серік Темірболатов Үкіметке кері қайтару туралы ұсыныс айтып, дауысқа салу кезінде ол ұсыныс өтпегенмен, екінші оқылымның өзінде депутаттар жобаның кейбір нормаларымен келісе алмай, үшінші оқылымға қалдырды.
...