+1 дауыс
4.0k көрілді
"БОСТАНДЫҚ АРАЛЫ" деген жер қай елге жатады ? қай жақта ?

1 жауап

0 дауыс
Бостандық аралы аталып кеткен Куба астанасы — Мексика бұғазындағы Батыс-жартышарда орналасқан ең әсем қалалардың бiрi. Көне шаһардың қалыптасуы мен тарихи даму барысында көптеген өзiндiк ерекшелiктер бар. 1515 жылы Испан конкистадоры Д.Веласкес негiзiн қалаған қаланың алғашқы атауы – Сан-Кристобаль-дела-Абана болатын. Аралдың оңтүстiк жағалауында орын тепкен қаланың үнемi табиғат апатының қолайсыз жағдайына тап келе беруi, оның 1519–1521 жылдары солтүстiкбатыс жағалауға көшуiне тура келедi. 1592 жылы Гавана ресми түрде қала атағына ие болып, ХVI ғасырда Антиль аралындағы Испанияның негiзгi портына айналады.Кариб теңiзi жағалауындағы Испанияның колониясы ретiнде Гаванадан алтын-күмiс және басқа да бағалы бұйымдар тасылып, ол ұзақ жылдар Испания билiгiне қызмет етедi. ХVII ғасырда қала француздардың, ағылшындар мен голландықтардың билiгiнде болады.
...