0 дауыс
35.5k көрілді
Бикеш жұлдыз-жорамалының мінездемесін кім айта алады?!

3 жауап

+1 дауыс
Бикеш.
24 тамыз – 23 қыркүйек аралығы.
Жебеуші жұлдызы – Меркурий.
Белгісі –Жер.
Тастары – нефрит, сердолик, топаз, ақық.
Темірі – күміс.
Сәтті күні –сәрсенбі.
Сәтсіз күні – бейсенбі.
Түстері – ақ, көкшіл, жасыл, күлгін, ашық көк.
Қарама-қарсы белгісі – Балықтар.
Әйгілі адамдар: Франция королі Людовик IV, футболист Рональдо, әнші Майкл Джексон.
Жалпы сипаттама: Бикештер тумысынан кез келген адаммен тіл табыса алатын ақылды, байсалды, қиындықтан жол таба білетін тапқыр болып келеді. Бірақ, кейде жалқау тартып үйленіп, үй болу мәселесін кейінге қалдырып, кеш үйленіп жататын кездері бар. Мінезі біртоға тұйық, ұяң болып келетін Бикештер жағымсыз жәйттарға төзе алмайды. Ашуын сыртқа шығарып айқай-шу шығармағанымен өзін томаға-тұйық ұстап, оңаша күй кешетін кездері болып тұрады. Бикештер сөздің емес, істің адамдары. Сондықтан олар көп жағдайда алға қойған мақсаттарына жетеді. Қай салада өзін көрсете алады дегенге келсек, олар электроника, экономика, педагогика, туризм, медицина, бизнес салаларының мықты мамандары бола алады.
Әйел бикештер: адал дос, сенімді жар болумен бірге, кезі келсе мықты қарсылас дұшпанға да айналып кете алады. Қиындықтан шығу үшін ең алдымен сол қиындықты тудырған жайттардың тамырына балта шабу керек екенін білетін Бикештер ақыл сұраған жандарға таптырмайтын жол сілтеуші. Олар достарының көп болғанын қалайды және қай кезде қандай жағдайда болмасын оларға көмек беруге әзір. Салқынқанды Бикештер махаббат мәселесінде де сабырлы болып келеді. Болашақ жарына қарап, таңдап жүріп жақындайтындықтан, олар отбасында жақсы жар бола алады.
Ауруға бейім жерлері: Бауыры мен асқазаны және ішегі. Бикештің күш-қуат беретін тұзы — калий және темір фосфаты. Көз қуатын арттыру үшін тмин өте қажет. Тамаққа алманы, қарақұмықты, қара бидай ұнын жиі пайдалану қажет. Қуырылған ет жемегені жөн. Денсаулығын сақтау үшін душ қабылдау, суық суға түсу және ертеңгісін әртүрлі дене жаттығуларын жасау, сондай-ақ арқа мен бел омыртқаға нүктелі массаж жасау аса пайдалы.
Қайдан алдым:kazakzaman.kz
Мәә,мына ақпаратыңыз мықты екен,каз өзімдікін қараймын...!
Рахмет мен осындай мәлемет іздеп отыр едім
0 дауыс
Керемет менин минезимди тура айтты
0 дауыс
мен де бикешпін, мына жазылған мəліметтерден дəлме-дəл өзімді көріп тұрмын. қандай сәйкестік десеңші, перфект!
...