+1 дауыс
988 көрілді

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Былай делік, атақты адамдар туралы іліп-қашты әңгіме көп болады. Неге? Себебі олар халықтың көз алдында. Олардың өсекке таңылуының өзі белгілі бір дәрежеде танымалдықты көрсетеді. Ал, өз жөнімен жүрген адамды қараптан қарап өсектемесі анық. Бір жақсы-жаман іс істедің делік,  елдің аузында гуілдеген сөз басталады. Әр басқан қадамы, сөзі аңдулы болады. Есепке іліну деген осы емес пе?!
Жақсы жауап!
0 дауыс

Орыстарда бір мақал бар "Қателеспейтін адам, ешнәрсе істемейтін адам"-деген, сол сияқты өсекке ілінбейтін адам да бар-жоғы белгісіз көзге көрінбейтін адам да, олай болса ол қалай есепке ілінсін? Қазақтың тамаша бір мақалы бар "Қаншама әділ болсаң да кетеді біреуі мақтап, ал біреуі боқтап"-дейді, сол айтпақшы жақсы деп мақтасада өсек,жаман деп даттаса да өсек, демек өсек әңгіме желісі, ал әңгімеге іліккен адам көпке танымал болады, есепке ілінді деген де осы шығар.

...