+5 дауыс
5.2k көрілді
"Шашы ұзынның - ақылы қысқа", бұл мақалдың екінші бір мағынасы бар болуы мүмкін бе?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл жерде  ҮМІТ өте мағаналы сұрақ қойып отыр, мақалды дәл сөзбе-сөз мағанасында емес басқаша ұғымда емес па дегендей.Өте тамаша.Көбіміз эмоцияға беріліп асығыс жауаптар беріппіз,әсіресе (атын оқи алмадым) бірінші жауап.Топастардың айта салған сөзі бірнеше ғасыр өмір сүріп бізге жетпейді.Бұл сөз Кеңес өкіметі кезде де шыққан сөз емес,әріден,ғасырлар асып келе жатқан сөз.Әлі де тоқтай қоймас деп ойлаймын. Бұл мақалдың тікелей әйел балаларына арналып айтылғандығына еш күмән жоқ,бірақ әйел баласын ақымақсың деп меңзеу мақсатында емес,еркек пен әйел өз орнын білсін деген мақсатта айтылған болар деп ойлаймын.Мүмкін ата -- бабаларымыз келешекті ойлап жігіттерді сақтандырғысы келген болар,қазір шашын өріп жүрген еркектер аз емес қой.Мүмкін,мүлдем қазаққа қатысы жоқ көрші шашы ұзын жауласқан тайпалардың біріне(қалмақ,қытай,жоңғар)айтылған болар,олардың еркектері ұзын шаш қоятын үрдістер болған ғой.Не де болса түбін түсініп алмай өз бабаларымызды топас десек не болғанымыз,осыны ойлайық.
+2 дауыс
қатынға дұшпан бір топастың шығарған мақалы да. оған несіне басыңды қатырып отырсын:!
+3 дауыс
ШАШЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫСҚА БОЛСА, АҚЫЛЫ ДА СОНШАЛЫҚТЫ ҚЫСҚА БОЛАДЫ ЕМЕС ПЕ?     ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫН ТАЗА ЖОЛЫНАН ТАЙДЫРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР ӨЗІНІҢ ЫҢҒАЙЫНА ҚАРАЙ МАҚАЛДЫ ОЙДАН ШЫҒАРА БЕРЕДІ ҒОЙ .
+4 дауыс

Мен бұл туралы осы жақында оқыдым:Бұл мақалды кеңес дәуірінде қазақтың шашы ұзын қыздарына қарсы, біздің дәстүрімізге қарсы кісілер шығарған екен.

Солай болуы мүмкін...
мен жазған едім.
...