+2 дауыс
1.6k көрілді
Мысқал аз, бірақ қымбат. "Адамды онымен бір пұт тұз жегенде білесің" деген мақалдың мағынасы?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмірдің ащысын бірге татқанда ол адамның қандай екенін білесің деген мағынада болу керек...
+1 дауыс
"Адамды онымен бір пұт тұз жегенде білесің"-деген мақалдың мағынасы өте терең десем де болады.Яғни,қиын шақтарда ол адамның қандай екенін білесің деген мағынада сияқты..Қазіргі заманда қиындықта әрқашан қасыңнан табыла білетін достар аз,тек отбасың ғана әркез қасыңнан табылады десем артық болмас.Басыңа іс түскенде,немесе қиын жағдайға түскенде досың жаныңнан табылса адал дос болғаны,егер жаныңнан табылмаса ол сенің арам досың.
+1 дауыс
Меніңше қасында ұзақ жүрсең ғана танып-білесің деген мағына сияқты, мысалы бір пұт тұзды (16 кг шамасында) өзің жегенде қанша уақытта таусып боласың (мысалы өзім күніне 1 грамға да жетпейтін тұз жейтін болармын ), енді ойлап қара қасыңдағы адаммен бөліп жегенде қанша уақыт, қысқасы ұзақ уақыт бірге болуы керек деген ғой
0 дауыс
Қысқасы тұз жегенде сақ болыңдар дейді. Тұз өте ащы болып, қақалып жатқаныңда қасыңдағы адам су беруге де жарамаса арам адам болғаны. (ойнап айтам бірақ)
...