+1 дауыс
19.2k көрілді
Менде әртүрлі иістерге аллергия бар. Әдемі иіссуларды да пайдалана алмаймын. Біреулердің үстіндегі иіссуларға да шыдай алмаймын.  Шаң, асхананың иісі, иіссу, жағымсыз иістерге шыдау, архив қопару, ескі кітаптарды парақтау, үй жинау - мен үшін КАТАСТРОФА! Не істеуге болады? P.S: Аллергологқа баратын уақытым жоқ. Рахмет!

3 жауап

+2 дауыс
P.S: Аллергологқа баратын уақытым жоқ.
Аллергологты тапсам уақыт тауып барар едім...
Менде де жетерлік әр түрлі заттарға/иістерге аллергия.
Біраз зерттедім осы аллергияны...
Шаршатып жібереді кейде.
Меніңше бір ғана шығар жолы бар: сол аллергендерге жоламау!
Қосымша иммунитетті күшейту, уақытылы құнарлы тамақтану. Иммунитет мықты болса жаңа аллергия пайда болмайды екен.
Аллергияны бұрыннан (өзімде пайда болғаннан) зерттеп келемін. Сізге сұрақ: сәби кезіңізде қанша айға дейін ана сүтімен қоректендірді? Жасанды тағадармен (НАН) тамқтандырған кездер болды ма? Осыларды сұрастырып көріңізші анаңыздан, себебі бір жерден оқып едім, бұл көбіне жасанды тамақтандырған сәбилерде пайда болады екен.
Қандай дәрілерді қолданып жүрсіз?
Рахмет! (Менде қазір поликлиникаға баратын уақыт болмай тұр. Келесі апта дипломдық жұмысымды қорғаймын.) Негізі, бір жыл болды аллергия пайда болғанына. Сәби кезімнен бала бақшада өстім. Мүмкін содан шығар. Бірақ былай есейген кезде аллергия пайда болғанын түсінбедім. Содан ба көктем шыққалы тумаумен жиі ауыратын болдым. Лорға қаралдым, ешқандай диагноз қойған жоқ. Суық тиген деп, біраз дәрілерін жазып берді. Ем қабылдап жүрмін.  Бір жеті болды әлі мұрным бырқылдап жүр. Жаңа аллергияғ қарсы "Аллергонаф" пайдаланып ем, бірден ашылып кетті.  Енді қайтсем болады?
Қатты мазаламаса ешқандай дәрі /соның ішінде мұрынға арналған тамшылар/ қолданбауға кеңес берер едім. Себебеі көп қолдана берсеңіз кейін ешқандай әсері болмай қалады.
Ал, гормональный препараттарды қолдануға сіз әлі тым жассыз, енді түсінетін шығарсыз...
Бір жетіден бері жаңадан қандай затты қолдандыңыз? Солардан /аллергендер/ сақтаныңыз.
Аллергиямен ойнауға болмайды, асқынулары жаман...
Аса мейірімді Алла шипасын берсін!  (маған да))
Амин! Жазылып кетейік! Мазалағанда сол мұрным бітеліп қала береді, шыдай алмаймын кейде! Негізі цефазалин, биопарокс, стрепсилс, бронхикум т.б дәрілерді қабылдап жатқаныма бір апта болды. Тұмаудың ешқандай белгілері жоқ, Тек қана мұрным бітеледі. Тұмау болса, цефазалиннен кетер еді ғой деген ой мазалап жатыр. Содан аллергия шығар деп жаңа Аллергонаф қолданып ем, мұрным ашылып, қуанып қалдым. Не айтасыз?
+1 дауыс
Сәлем,Жаңылай!
Мені де аллергия мазалап жур.Бір Шөпке.ал сенде көп екен....
Шыны керек,бұл дертпен ойнамау керек,тіпті соңы мұрын қуысының операциясына да жетуі мумкін.<Құдай сақтасың!>
енді сұрағым:Сізде мұрыннан су аққандай бола ма?және көзіңіз қызарып,еш себепсіз жас ақпайды ма?
Сәлем! (Сақтасын) Иә, су ағады, бітеліп қалады. Көзімнің қызаруына мән бермеппін. Компьютерде шамадан тыс көп уақыт отырып жүрмін. Бұйыртса, келер апта ортасында аллергологқа баратын шығармын. Қазірше мұрын қуысының бітеліп қалмауының алдын алу керек. Сіз қандай тәсілдерді қолданып көрдіңіз?
Менде де сол шөпке ғой...
Менде 14-15 жасымнан бастап пайда болды, оған дейін аллергия деген не екенін де білмеуші едім...
Менде көбіне шілде мен тамыз айларында мазалайды. Дәл тұмаудың симптомдары сияқты, алдымен түшкіру, сосын мұрыннан түссіз кілегейлі сұйықтық шығуы.
Ал былай шөптерге (гүлдерге де) жоламай жүрсем еш белгі бермейді.
Өзім "Аллергозол" қолданамын, қолданғанда максимум аптасына бір рет пайдаланамын.
Тек жанымнан влажный салфетка тастамаймын.
Аллергологқа барғандарыңыз болса (немесе алдағы уақытта барсаңыздар) не айтқанын, не жазап бергенін осында жарияласаңыздар нұр үстіне нұр болар еді. Себебі өзім жергілікті емханалардан аллерголог маман таппадым..
Барлықтарына тағы да сәлем!
Уақытылы жауап бермегеніме ііі,кешіріңіздер...
Дәрігер маған жазып берген дәрілерді жариялайын:#Динаф көз тамшылары кемінде 200тг тұрады,назорел спрейі 1500тг және Зинерит таблеткалары.(есімде жоқ).Аталған осы 3 дәрі дерлік аллергияға қарсы!
Сауығып кетіндер!
0 дауыс
Аллергияны басқаша қалай емдеуге болады?
...