+6 дауыс
1.4k қаралым
Құрметті абитуриенттер, биыл ҰБТ қиын болды деп жатыр көбісі. "Проходной" жинай алмағаандар да бар екен. Егер сіз де 50 ге жеткізе алмасаңыз, уайымдамаңыз! Сіздерге бір қулықты жазайын.  Сіздерде кез келген универдегі журналистика мамандығына ақылы/ақысыз бөлімге түсу мүмкіндігі бар. Бұл факультетке түсу үшін ҰБТдан жинаған балыңыздың тек "қазақ тілі" мен "қазақстан тарихынан" алған балыңыз есептеледі. 4-пән, математика, орыс тілінен жинаған балдарыңыз есептелмейді. Есесіне шығармашылық емтихан тапсырасыздар. Бірінші емтихан ауызша, екіншісінде шығарма жазатын боласыздар. Екі емтиханнан 25/25 балдан беріледі. Сонымен, шығармашылық емтихан мен ҰБТдан жинаған қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан жинаған балдарыңыз есептеліп, конкурсқа түсесіздер. Егер журфакқа түсетін ойларыңыз болса, қазірден қимылдаңыздар, себебі шығармашылық емтихан келер айда немесе осы айдың аяғында өтуі мүмкін. Егер "проходнойдан" асыра алмасаңыз, уайымдамаңыз. Журфак ондайға қарамайды. Түсінбесеңіздер, сұраңыздар, тек суицидке бармаңыздар! Өмір  әлі алда!

5 жауап

+1 дауыс
күнім сол жәрәйсің, өте пайдалы, тамаша ақпарат. Иә аз балл алып қалғандар өкінішті ақ, бірақ өмір тоқтап қалған жоқ. тек алға! пысы менің інім Ержан аз бал алып қалыпты, бірақ проходнойдан өтіпті, жоғары балл алып Алматыға оқыса екен деп тілейтіп едім іштей. інім болғанда да үш қайнаса да сорпамыз қосылмайтын СЖның қолданушысы ғү, бір жыл бойы көз алдымда есейгесін бөтенсуге қимадым.
Қорқпа, ап кетем шетелге өзіммен бірге:) Жекеге нетватырк Ержбен
+2 дауыс
ҚазҰУымның Журфагы аман болсын.)
Керемет.
Шынымен де көп нәрсені талап етпейді екен. . . Тіл байлығың, ойлау қабілетің, гуманитарлық бағытта білімің жақсы болса -қуаныш.
 Міне, ғажап !!!
шығарма  неше  бет  болу  керек
+2 дауыс
Жаңылай мына сұрақты жақсы көтеріпсіз, кеше Таразда да ҰБТ өтіп еді, бір қыз бала балл жинай алмай қалғандықтан дәрі ішіп уланып қалыпты. Әйтеуір аман құсайды,ауруханада көрінеді. Балалар өмір тек қана ҰБТ балына тіреліп тұрған жоқ екенін естен шығармаңыздар.
ия, келісемін, мен де көрген болатынмын, енді, басқа да Абитуриенттерді де күтеміз, егер ҰБТ барлық потокта бірегей өтіп жатса, конкурстың баллы төмендеп те қалар, мүмкін,..
+2 дауыс
Суицид болып жатыр,балл биыл төмен болды.Былтыр жақсы оқитын сіңілім 99 баллмен грантқа  түспей қалды,өзінен нашар оқығандар жоғары балл алды! Жиенім 55 балл алды,кей пәннен ұпайларын алғанда  45 баллмен ,еңіреді.Екеуін де связнойға грантқа қоя бердік.Биыл 1 курсты бітірді,тегін,әрі программист мамандығын алады,жоғарғы оқуға сырттай түседі.Сондықтан мойымаңдар,түңілмеңдер,аз ұпай алғандар!Шешілмейтін түйін жоқ!Осында жазыңдар ,көппен ақылдасқан тон келте болмас.
+2 дауыс
Мен былай естіп едім: "архитектура, т.б. мамандығына түсіп, 1-ші семестірден кейін басқа универге, өзің таңдаған мамандыққа түсуге болады" деп. Ол да қазақ тілі мен қазақстан тарихының баллдарына қарайды деген. Әлде, осы Журфакты айтты ма екен?
Архитектураның шығармашылық емтиханыны да екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде сурет салғызады, екіншісін білмедім. Сол есеп шығаратын шығар. Жоғары жақтағылар ондай заң шығармайтын болу керек.
127,968
сұрақ
322,913
жауап
153,166
пікір
73,055
қолданушы
...