Таңертең тұрғанда бiрiншi ойлайтыныңыз?

+1 дауыс
1.4k қаралым
Таңертең тұрғанда бiрiншi ойлайтыныңыз?
• Санаты: Жалпы сұрақ

23 жауап

+3 дауыс
Бүгінгі жоспарым қандай яғни қайда барам? Не істеймін? деген ой келеді
+2 дауыс
Түуу... Ұйқы тез өтіп кетті ғой!.... Қой, құрсын, ерте тұрып үй жинайын....
:D
хехе...меніңше, үйіңіз жылтырлап тұратын шығар, я...күнде тазаласаңыз...
Айтпа! Айнадай боп тұрады! Үйдегілер еңбегіңді бағалай білсе айнадай боп ертеңге дейін тұрар еді...
+1 дауыс
үйдің проблемасы,өзімнің проблемам!(((((
Проблемаңыздан ертерек құтылуызға тілектеспіз.)
үйдің проблемасы деп үй шаруасын айтып тұрған шығарсың...
+1 дауыс
Жуыну керек, су жылытып, неге осы папам ертерек ванна орнатса болар еді.... Түһ, тұрғым келмейді осы себеппен.
Қиын екен, сонымен Папаңыздың ертерек ванна соғыуына тілектеспіз.)
рахметтттттттттттттттттт!))))
+2 дауыс
Tұру керек , тұру керек - - - Жүгіру ...
Үйдің шаруасы ... ... Т\Б...(((
Балықтарымды ойлаймын ...жем беруім керек ((((... (аквамир)
Балықтарңызға СЖ-дан Сәлем айта барыңыз...хехе әзіл ғой.)
Хее ) айтайын )))
+3 дауыс
Аллаға шүкірлік етемін  бүгінгі күнді көрегеніме
ей  Раббым! бүгінгі күнімді қайырлы еткін деймін
+1 дауыс
Көзіңді ашасың да, бірінші сағатқа қарайсың, сосын САБАААААААААҚ, сосын кешігіп бара жатқан  соң, бар ойың быт-шыт. Қазір, сабақ бітті...СВоБоДа...Осы күнде туысқандарыңның арасында ойнап күліп жүргеніңе Бір Жаратушы Аллаһқа мың да бір шүкіршілік. Сосын ары қарай күнделікті тіршілік.
+1 дауыс
хехех:D таңертең шынымды айтсам ештене ойламаймын.
вай? мүмкін емес, тым болмағанда 1-рет болсын, алдыға қойған мақсаттарыңыз да болу керек емес пе?
Мен таңертен емес түнде ойлап жатам мақсатымды))). Таңертен басымды ауыртып ойламаймын.
менде, көбіне тұрып алып, уйден шығып кетемін.
+2 дауыс
таңертең тұрған кезде бүгінім мен ертеңімді ойлаймын
0 дауыс
Бүгінгі күнім көңілді өтсе екен деп ойлайм, кейбір кезде жоспар құрам))
ИншАллах , әрбір күніңіз көңілді өтсін !)
амин, рахмет) Гоха))
0 дауыс
Таңертең тұрғанымда кішкентай іңім болса:
-Апа,тұршы,-деп оятады мени.
Уйдің улкені болғандықтан таңертеңгі ас менің мойнымда,әке шешем бізден ерте тұрып тез тамақтанып алады.ал менің таңертеңгі ойым :"Уйде нан,сут бара ма?мама қалдырды ма?"енді сол...
0 дауыс
кеше не істедім, қандай істі аяқтамадым деп.
0 дауыс
таңертен тұрғанда бүгін кешегіге қарағанда қандай болатын екенін ойлаим
0 дауыс
Алдымен сағат қанша болды екен деп ойлаймын.Содан соң  бүгін күн қандай болып тұр екен деп сыртқа қараймын,одан кейін не істеуім керек еді деп ойдағы бұйыртса былай етуім керек деген жоспарды тағы бір санамалап шығамын. Әрбір таң осылай басталады.
0 дауыс
Футбол туралы күнде ойлаймын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!Еуро-2012,Реал Мадрид туралы!!!!
0 дауыс
ең бірінші тұрғанда бүгінгі күнім қалай өтеді екен соны ойлаймын
+2 дауыс
Таңертең будильнигім шырылдағанда түүүһ мына Риянаның даусы не деген жағымсыз еді, басқа өлең қою керек будильникке деп тұрамын үнемі.
Сосын қазір бес минут деймін.
Сосын тағы бес минут.
тағы
тағы
тағы
мә кешіктім
тағы бес минут
таксиге ақша бар ма еді
қарным ашты
мысық қайда екен
қооой тұрайын қазір
тағы бес минут
...
...
...
түүүүһ ұйықтап қалдым
0 дауыс
уже таң атып калдыма. туу жумыска не киіп барам деген ой келеді)))
0 дауыс
Бұрын: қой, тұрайын, пошта тексеру керек. Анаяқтан хат келмеді ма екен...Анаяқа бару керек, ананы кию керек, әлі асханадан тамақтану керек, боянбай-ақ қояйыншы, не бітіру керек еді, кешке келген соң қандай кино көрем....осыларды ойлап жатып ұйқым ашылатын.
Қазір: ой, епті, анаған сұхбатқа бару керек, туй, кеше барғанымда ғой, жетекшіме бару керек, ана кітапты кітапханаға өткізбедім ғой, мә, қорғауға мынанша күн қалды. Ептіііііі, қой тұрайын!
12нен кейін: қой, турайын, кинотеатрға барайын, туысымның үйіне барайын, обходнойға қол қойдыруға барайын, анмен кездесу керек, мынамен кездесу керек деп жүремін деген ойдамын. Мына бір позитив болды, рахмет!
0 дауыс
Күнде бір жағдайлар қайталана береді, бүгінгі күнім жақсы өтсе деп, кешке жатарда Аллаға рақымшылығымды айтып жатамын!!!
0 дауыс
блиин сессия жакындап келе жетыр не істесем болады деп кунде танертен ойланам!!!!
0 дауыс
бүгін не істейін?не істесем болады? деген ой туындайд
0 дауыс
Ең бірінші су ішіп аламын

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,815 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы